Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау

дық келісімге алғышарт бола алады.
Алайда, біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау-қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі — қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл бір-бірімізден бөліп-жарып міндет бөлісетін шаруа емес, ол Отаным деген барлық қазақстандықтың қастерлі парызы Президентіміз тіл саясатын өткір сынға ала отырып, бұл мәселеге табандылықпен тікелей өзі қозғау салды. Енді түйінді тіл мәселесі өз шешімін тауып, оңалар деген үміттемін. Рас, тіл мәселесі оқтын-оқтын көтеріліп-ақ келеді. Алайда Ассамблеяның биылғы ХІІ сессиясындағыдай мемлекеттік тіл төңірегінде мұн­дай өзекті ой қозғалып, қажет­тілігі нақты шегеленіп, бұрын-соңды айтылған жоқ еді.

. Мемлекет басщысы азаматтық қоғамды құрудың және Қазақстанның қарқынды дамуының маңызды шарттарының бірі сарабдал ұлттық саясат екендігін атап өтті. Ол Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енуінде маңызды атқарды.Н.Ә.Назарбаев мемлекет дамуының жаңа кезеңінде қазақстандық патроиотизмді орнықтырудың негізгі бағыты кез келген мемлекетте ұлттық саясаттың басты өзегі — тіл мәселесімен тығыз байланысты екендігін атап өтті. Қазақ тілі еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін мемлекеттік фактор болып табылады.

Тілді оқып-үйренуді жоғары деңгейге көтеру қажет. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет. Мемлекеттің тілді білмейтін түлектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын. Өз сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: … Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмысістеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылғансұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар — өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел «өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» және «тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсiтуге» болмайтындығы атап көрсетілген.

Тіл адамның толыққанды жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауына, ақпарат алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Тіл маңызды коммуникативтік қызмет атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын, ниет-пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Тіл саясатын одан әрі жүзеге асырудың мәселелері мен міндеттерін дұрыс анықтаудың маңызды факторы елдегі этнолингвистикалық жағдай туралы ғылыми негізделген талдау жасау болып табылады. Бірақ бұл талдау бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, білім саласындағы статистикалық әлеуметтік зерттеулерге негізделген. Бұл мәліметтер нақты жағдайды көрсетпейді, өйткені сұралатын аудиторияда білім деңгейіне, әлеуметтік тегіне, мониторингке қатысушылардың құзыреті ескерілмейді. Жоғарыда көтерілген мәселелер тұрғындардың қабылдауына ықпал ететін мәселелердің барлығын қамти алмайды.

Сонымен қатар, ана тілін «ана тілі» деп қабылдау көрсеткіштерін, меңгеру деңгейін, респонденттердің сауаттылығы, үйрену мотиві ескерілу қажет.

Сонымен талдау нәтижесі бойынша, сұралғандардың көпшілігі (96%-дан көбі), қазақ ұлтының өкілдері, оны ана тілі деп есептейді, бұл интернационалистік идеологияның басымдығы кезіндегі стереотиптердің өзгергендігін көрсетті.

Респонденттердің 50%-ы еркін сөйлей және оқи алатындықтарын (мәтін жазбай) айтты, яғни ана тілдерін (қазақ тілі) жеткілікті дәрежеде меңгердік деп есептейді. Мұндай көрсеткіш тілді меңгеру жағдайын толық көрсете алмайды.

Алайда, мемлекеттік тілді үйренудің оң мотивтері байқалады:

1      азаматтық міндет – 27,5%;

2      Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу ниеті – 26,1%;

3      тілдік ортаға бірігу қажеттілігі – 20,2%.

Тілді дамыту саласындағы жағдайды бағалау қажеттілігімен байланысты қиындықтарды талдауды жылына 2-3 рет жүргізу керек, бұл тіл саясаты саласын ғана емес, білім, мәдениет, демография және көшпелі процестерді реттеу мәселелерін де шеше алады.

123
скачать работу

Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ