Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ӨЗ ОТАНЫН ШЕКСІЗ СҮЮІ КЕРЕК

;                                         Айналайын Жансая, менің ойым, үлкен болсын, кіші болсын, әрбір адам еңбегі көзі тірі уақтысында бағалану керек.  1929-30 жылдары Америкада үлкен тоқырау болды. Сол уақытта Үкімет басына келген Франклин Рузвельт деген кісі денсаулығына қарамастан Американы тоқыраудан алып шықты. Ол «бүкіл Американың үстінен жол салу керек» деп айтты. Оның оппоненттері де, қалғандары да «Нан жоқ, қаражат жоқ, тұрмыс ауыр, ал сен жол салайық дейсің, бұл қалай болғаны» деп шулап кетті. Бірақ, Президенттің аты Президент қой, жолды бастады. Сол жол арқылы бүкіл Американың экономикасын көтерді. Себебі, жол салған соң, жолдың жағасына мыңдаған жұмысшы үйіріледі. Оларға тамақ пен киім керек. Сөз жоқ, кафе, ресторан, қонақүйлер, киім тігетін жеңіл өнеркәсіп бой көтереді. Ал, теміржолға темір, болат, ағаш керек. Сол үшін темір, цемент т.б. құрылыс заттарын шығаратын ауыр индустриялық заводтар іске қосылып жұмыс істей бастады. Осылайша жол құрылысы бүкіл Американың экономикасын жоғары деңгейге көтеріп жіберді. Біздің Елбасы да сондай көрегенділік жасап, біріншіден елдің орталығын Астанаға көшірді. Екіншіден, Сіз жассыз білмейсіз, бұл бір жай провинциалды қала болатын. Балшық деген тізеден асады, асфальт жоқ, қазіргі мына үйлердің бірі де жоқ. Бұл қаланың маңында қасқыр ұлып, түлкі қыңсылап жүретін. Астана арқылы бүкіл Қазақстанның экономикасын көтерді. Нәтижесінде, қанша зәулім үйлер, қанша ғимараттар бой көтерді. Аз уақыттың ішінде, Сарыарқаның төрінде Астанадай әсем қала пайда болды. Мен дүниежүзінің көп елдерінде болдым. Қай елде болмады дейсің. Сіз өз Отаны болған соң көтермелеп отыр деп ойлап қалмаңыз, расында Астанадай әдемі қала әлемде көп емес. Дүниежүзінің алдыңғы қатарлы архитекторларының алдына тендер қойды. Соның ішінен Жапонияның сәулетшісі Курокава жеңіп алған жобамен осы әсем қаланы салдырды. Салдырғанда да күніге қарап отырды. Елбасының осыншама күш-жігерінің арқасында Астана өмірге келді. Ендеше, көзі тірі кезінде неге еңбегін бағаламаймыз? Қай қала, қай мемлекетте осындай жеті-сегіз жыл ішінде қала салынды? Бір астананы екінші жерге ауыстыру оңай емес. Экономикамыз құлдырап тұрған, тамақ жоқ, киім жоқ, ақша жоқ кезең. Алматы деген жұмақтың бір түрі болды. Ауа райы жанға жайлы, таудың сағасы, әсем де әдемі қала. Соны тастап осындай жерден қала тұрғызды. Не деген данышпандылық! Сонда ол кісінің ерен еңбегі неге бағаланбау керек? Тірі уақтысында неге атын бермеуіміз керек?

–    Қазір депутаттардың беделі қоғамда қаншалықты орын алған деп ойлайсыз?

–         Депутатты да, әкімді де, министрді де әркім әртүрлі бағалайды. Солай ғой, өмір болғаннан кейін мемлекеттік қызметте жүргендерді сынаусыз қалдырмайды. Өз кезегінде, депутаттық корпус та тәжірибе жинақтап келе жатыр. Мәселен шетелде жастары 80-ге, 90-ға келген адамдар 20-30 жыл депутат болып жүреді. Әрине олардың тәжірибесі өте жоғары, сондай болу керек. Себебі, заңды қабылдағанда заңның жүйесі келеді, соны тексереміз. Қай елде болды бұл заң? Ол жерде бұл қалай шешілді? Қандай тарихы бар бұл заңның? Оны елімізге қалай қолдану керек деген сияқты көп сұрақтар туындайды. Осының бәрін кәсіби маман болсаң жан-жақты қарап шығасың. Депутаттық корпус – халықтың, елдің мүддесін қорғайды. Үкімет жіберген заңдардың кейбір баптарына қарсы шығамыз, яғни міндетті түрде қарсы емес, халыққа қайсысы керек, солай болуы қажет дейміз. Менің ойымша депутаттың беделі бүгінде жоғары деңгейде, ертең бұдан да артық болады. Себебі, біз  депутаттар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлеміз. Бұның бірден бір айғағы көптеген Үкіметке кетіп жатқан депутаттардың сауалдары, олардың барлығының түпкі мақсаты –халықтың тұрмысын жақсарту. Біздің Парламенттің Мәжілісінің  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кезекті «Әскери қызметкерлермен олардың отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға» арналған жиылысын ағымдағы жылдың 27 қаңтарында ҚР Қорғаныс министрлігінде министрліктің басшыларымен және де басқа жоғары лауазымды қызметкерлермен ашық, ауқымды, көлемді түрде талқыладық. Осының нәтижесінде Қорғаныс Министрлігі келесі 2012 жылы әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларының әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған заң жобасын жазып, оны Парламентке тапсыруға міндеттеме алды.

Қандай депутаттық сауалдар жасадыңыз, олар Үкімет тарапынан қолдау тапты ма?

–                                                         Депутат болғалы 600-ден артық сауалдар жасадым. Себебі, маған 700-ден аса елден, жұрттан түрлі арыздар келді. Әлеуметтік жағдай, заң бұзылған т.с.с. Жасаған сауалдардың бәрі Үкіметке емес, біразы құқық қорғау органына, Бас прокуратура т.б. жерлерге жолданды. Бір ғана депутаттық сауалым орындалған жоқ. 2006 жылдан кейін зейнеткерлікке шыққан әскери зейнеткерлердің зейнетақысы жоғары да, оның алдында шыққандардың зейнетақысы төмен болды. Соны бір-бірімен сәйкес қылу керек, олардың да зейнетақысы кейінгілермен бірдей болу керек деп Үкімет басына екі рет жолдадым. Осы орындалмады. Өйткені, елде дағдарыс болып қалды. Басқа депутаттық сауалдарымның бәрі орындалып жатыр. Мысалы, «Балам түрмеге түсті, ол дұрыс емес» деп шағымданады. Оны прокуратураға жеткіземіз. Жаламен кетсе, шығады. Рахмет айтқандары бар. Ал, кейбірі заңды түрде қылмыс жасаса, оны қалай босатады? Қылмыс жасаған адам жауап беру керек. Жуырда «Казахстанкая правда» газетіне бір топ арыз-шағымдарды топтастырып, мүгедек балаларға квота бөліну керектігі туралы мақала жаздым. Одан бөлек, автокөлік жүргізушілерінің талоны жайында мәселе көтердім. Ол орындалып, қанша жүргізушілерге жеңілдік әкелді. Көбісі рахмет айтып, хаттар жазды. Осы сияқты сауалдар әртүрлі саланы қамтиды, қайсысын айта берейін.

–                                                         Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы отыр. Еліміздің бүгінгі хал-ахуалы және жалпы жағдайы жайында не айтасыз?

–                                                         Біріншіден, біздің тәуелсіз Қазақстанды да құрған Нұрсұлтан Әбішұлы. Одақ быт-шыт болып тарағаннан кейін бүкіл кәсіпорын, завод, фабрика бәрі тоқтап қалды. Дүкенде демнің арасында азық-түліктің бәрі құрыды, қылмыс көбейді. Осындай қиын кезеңге қарамастан аз уақыттың ішінде қазақ деген халықтың абырой, атағын асқақтатты. Бытырап тұрған әр ұлттың бастарын біріктірді. Елдің жағдайын жақсартты, рухын көтерді, дүниедегі мықты деген елдермен тереземізді тең қылды. Соның арқасында Еуропадағы Ванкуверден Владивостокқа дейін созылып жатқан, Еуропаны, солтүстік Американы, оңтүстік Кавказды алып жатқан, алпауыт абыройлы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымға Қазақстан бір жыл төраға болды. Былтыр 1-2 желтоқсанда Астанаға дүниежүзі мемлекеттерінің басшылары келді.  Осының бәрін өткізген Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазақ деген мемлекет тарихта бұрын болған емес, бізді ешкім білмейтін. Сол кісінің білімділігі, парасаттылығы қазақты дүниежүзіне танытты. Біздің әл-қуатымызды өзгертті, тұрмысымызды жақсартты. Қазір біраз жастар осы жақсылықтың бәрі аспаннан аяғы салбырап түсті деп ойлайды. Олай емес. Осының барлығы үлкен еңбекпен, Елбасының қажыр-қайратымен келді. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлының орны біздің еліміз үшін өте ерекше. Ол кісіні бүкіл ел қолдайды. Оның ішінде мен де қолдаймын. Ол кісіге Тәңір ұзақ ғұмыр берсін! Жоспар бойынша 2020 жылға дейін индустриялық-инновациялық 200-дей жоба бойынша заводтар салынбақ. Салынса қанша жұмыс орны ашылады. Сөйтіп, шикізаттан шығып өндірістік мемлекетке айналамыз. Кеше Ақ Азиада өтті дүркіреп. Биыл Ислам конференциясына төрағалық жасаймыз. Міне, 20 жылдың ішінде ауызбіршіліктің арқасында осындай жағдайға жеттік.

Сұхбаттасқан  Жансая СЫДЫҚБАЙ

«САРБАЗ» газеті, наурыз, 2011

12
скачать работу

ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ӨЗ ОТАНЫН ШЕКСІЗ СҮЮІ КЕРЕК

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ