Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ӨЗ ОТАНЫН ШЕКСІЗ СҮЮІ КЕРЕК



 Другие рефераты
Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына Ел мен Ер Ассамблея мүшелерімен жүздесті

«Сарбаз» газеті тілшісінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәт ТОҚПАҚБАЕВПЕН сұхбаты

– Әу баста заңгер болудан бастаған өмір жолыңыз, бүгінде Парламенттегі заң шығаратын органмен сабақтасып отыр. Қалай ойлайсыз, осылай болуы заңдылық па әлде кездейсоқтық па? Депутат болудың бұрынғы атқарып келген қызметтеріңізден айырмашылығы неде?

–                                                         Дүниеде ешқандай кездейсоқтық деген болмайды. Барлығы бір-бірімен байланысқан, ол Тәңір ме, жоқ сыртқы бір күш пе, әркімнің өміріндегі дүние бір-бірімен сабақтас болып жатады. Кездейсоқ деген жағдай жоқ. Бұл өзімнің ойым. Жас кезімізде романтик болдық, әртүрлі көркем кітаптарды, әсіресе барлаушылар туралы детективтерді көп оқитынмын. Соның әсерінен барлаушы болуды аңсадым. Әке-шешеміз ауылда тұрды. Ол кезде ауылдағы мектепте 9-10 класс болмағандықтан Алматыға келіп оқыдым. Мектеп бітірген соң Тау-кен институтының «геология барлаушысы» факультетіне түспек болып жатқанымда маған: «Бұл жерде сені барлаушы қылмайды, геолог болып кетесің» деп айтты. Содан оқуға түспей ауылға барып екі жыл жұмыс істедім. Ауылда колхозда бір жыл, заводта бір жыл істедім. Себебі, ол уақытта екі жыл жұмыс істесең жоғарғы оқу орнына түсу үшін кішкене жеңілдік болатын. Сонымен, С.Киров атындағы университеттің заң факультетіне оқуға түстім. Ондағы ойым – барлаушы болу. Оқу бітірген соң, бірінші қызметті прокуратурадан бастадым. Кейін мемлекеттік қауіпсіздік органы қызметке шақырды. Бұдан соң, Минскіде бір жыл оқып келдім. Бірнеше оперативтік жұмыстар істедік. Үш жылдан кейін мені барлауға алды. Мәскеу қаласында арнайы тестіден өткізіп тексерді. Онда ақыл-ойың, білімің, парасатың, денсаулығың және шешімді тез қабылдау қасиетің, бәрі-бәрі тексеріледі. Конкурстан кейін маған барлау мектебінде екі жыл қытай тілін оқисың деді. Алдымдағы таныс жолдастардан сұрап көрсем, екі жылдың ішінде қытай тілін үйреніп шығу мүмкін еместігін айтты. Басқа тіл үйренейін деп ұсыныс жасап едім қабылдамады. «Онда мені Қазақстанға қайтарыңыздар. Отаныма да, өзіме де ешқандай пайдасы жоқ болса несіне екі жыл осында жүремін?» дедім. Олар мені қанша қысса да келіспедім. Содан соң олар: «Сен бұрын барлық жерде жақсы оқыған екенсің. Кеңес одағының Сыртқы істер министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебіне түсесің деп соған жіберді. Ол жерде дипломаттарды даярлайтын. Менің «КГБ» қызметкері екенімді ешкім білмеуі керек, құжаттарымның бәрін өзгертіп дипломат болып шықтым. Ең бірінші қытай және ағылшын тілін үйрендім. Осымен қатар барлаушылар даярлайтын мектепті сырттай жасырын бітірдім. Оқуды бітіргеннен кейін Қытайдан бір-ақ шықтым.

Енді бұрын әрине әртүрлі қызметтер атқардық. Мәселен, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде жай қатардағы курсант болдым. Бітірген соң лейтенант шенін берді. Сөйтіп, қызметтің барлық сатысынан өттім. Шұғыл өкіл, аға өкіл, бөлімше бастығының орынбасары, бөлімшенің бастығы, бірте-бірте ең аяғында ҰҚК-ға төраға болып шықтым ғой. Айтпағым, басқа қызметтерде сен сол салаға ғана жауап бересің. Ал депутат болудың айырмашылығы – бұрынғы сол өмірлік тәжірибеңді жүзеге асырасың. Талай ғасыр бабаларымыз аңсап аттың жалында, түйенің қомында жүріп, білектің күшімен қорғаған ұлан-байтақ жерімізді бізге сақтап қалды. Сол зар жылап, күресіп жүріп қолымыз жеткен Тәуелсіздігімізге Құдайға шүкір, биыл 20 жыл болды. Сондықтан, жалғыз мен емес, жалғыз депутаттар емес, еліміздегі әрбір азамат Тәуелсіздігіміз мәңгілік болса екен деп тілейді. Тек бір органда ғана емес, барлық жерде заң дұрыс болса, барлығы заңмен жұмыс істесе, елімізде ауызбіршілік, тыныштық болса дейміз. Депутат, міне, осындай кең көлемде жұмыс жасайды.  Ал, мұндағы жұмыс еліміздегі барлық саланы қамтиды. Біз қабылдаған заңдардың ертеңгі ұрпаққа, болашаққа пайдасы тиюі керек. Мәселен, Американың Конституциясы 200 жылдан асып кетті, Англияның да заңын «Құқық туралы Биль» талай жүз жылдар ұрпақтары жемісін көріп келеді. Біздің заңдарымыз да «соқырға таяқ ұстатқандай»  болашағымызды көркейтетін болып қалыптасуы керек.

–                                                         Генерал-полковник, депутат, кезінде ҚР ҰҚК төрағасы, Қорғаныс министрі, қала берді Президент кеңесшісі, Республикалық Ұлан қолбасшысы, ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы т.б. көп қызметтерде болғансыз. Генерал болуды арман еткен әрбір жас ұрпақ айта жүретіндей үлгі тұлғасыз. Айтыңызшы, осындай ірі жетістіктерге жетудің құпиясы неде?

–                                                         Ешқандай мұнда құпия жоқ. Ең бірінші, қазіргі жастарға айтатыным, әлгі орыс халқының «Әркім өзінің бақытының ұстасы» дейтін мәтелі бар ғой. Сол сияқты, әркім өзінің бақытын өзі соғып, өзі жасайды. Бұрын қазақ «Елу жылда ел жаңа» деп айтатын. Ол жайына қалды. Қазір елу тұрмақ 20 жылға жетпей жаңа ел болдық. Менталитетіміз, көзқарасымыз өзгерді. Ең бастысы, адам өзгерді. Үлкені де, кішісі де. Бұдан 20 жыл бұрын Қазақстандағы әрбір адамның көзқарасы да басқаша-тұғын. Біз енді кеңестік жүйеден шыққан адамбыз. Қазір мүлдем басқаша. Сол себепті, жастарға ең керегі – білім мен өзінің еңбегі. Бүгінде білімнің деңгейі күннен күнге емес, сағат сайын өзгеруде. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын, айналайын. Мына компьютерлер, неше түрлі ақпараттар, кабинетте немесе үйіңде отырып-ақ, бүкіл мәселені оқып-біліп, шешіп отырасың. Осының барлығын өзің еңбектенбесең қалай білесің? Сол үшін дұрыс еңбек ету керек. Біздің заманымызда қазіргідей ғылым жүйесі, техника болған жоқ, бірақ өзімізше еңбектеніп, әр саладан хабардар болып жүруге ұмтылатынбыз. Күн сайын, сағат сайын біліміңді жетілдіріп отырсаң ғана нағыз ірі жетістіктерге жетесің. Әрине, ол білім Отансүйгіш, адал, адами жоғары қасиеттермен ұштасып жатуы керек. Егер сен жұрттың бәріне яғни жақынға да, алысқа да дұрыс қарасаң, саған да солай жұрттар дұрыс қарайтын болады. Керісінше, сен біреуге дұрыс қарамай опасыздық жасасаң саған да солай қайтады. Бастысы, еліңді, Отаныңды шексіз сүйіп, беріліп жұмыс істеуің керек, талмай білім алу керек.

–    Сіздіңше, қазақ сарбазы, қазақ офицерлері қандай болу керек?

– Ең бірінші, қазақтың сарбазы да, сардарлары да өзінің Отанын шексіз сүйетін адам болу керек. Менің ойымша, қазір армияда сондай азаматтар жүр. Техника мен ғылым өзгеріп жатқан заманда Қарулы күштердің техникасы да солармен бірге ілесіп келе жатыр. Өзімізде шығармасақ та, басқа елден сатып алып жатырмыз. Білімің болмаса келген қарудың тетігін білмейсің. Сондықтан әскерилер білікті, білімі жоғары болуы шарт.  Қарулы күштерден кеткеніме он жылдан асып кетті. Бірақ анда-санда курсанттармен, гарнизонда офицерлермен кездесеміз. Менің ойымша, сарбаздардың дайындығы жақсы, жоғары деңгейде. Армиямыздың дайындығы күшті болса, елімізде тыныштық орнайды. Соғыс болмай-ақ қойсын, бірақ сол соғыс болмау үшін әрқашанда дайын, сақадай сай болып, қиыншылыққа төтеп беретіндей болуымыз керек.

– Сіздің Республикалық Ұланға қолбасшы кезіңізде Президент оркестріне, басқа да бірнеше өнер жұлдыздарына қамқор болғаныңызды, қазіргі әріптесіңіз халық қалаулысы Бекболат Тілеухан орындайтын Елбасының «Елім менің» атты әнінің жарыққа шығуына, клипіне көмектескеніңізді көпшілік біле бермейді. Осы туралы айта кетсеңіз.

– Алғаш Гвардияға келген кезде Президент оркестрінде тек үрлемелі аспаптар ғана болды. Сол себепті, оркестрдің құрамын байытып, фольклор, джаз, ұлттық эстраданы қостық. Ол кезде қазір Парламенттің депутаты Бекболат Тілеухан жас жігіт, сол Бекболат пен қазіргі Т.Жүргенов академиясының ректоры Арыстан Мұхамедиұлы т.б. азаматтар Президент оркестрінің іргесін қалауға көмектесті. Бірде Елбасы Қазақстан жайында жұрт тыңдағанда да, шырқағанда да жанын беріп айтатын, баршасын тебірентетін өлең керек деп жүрді. Бір жылы Франциядан бірге қайттық. Қанша мың метр биік аспанда келе жатып, Нұрсұлтан Әбішұлы «Елім менің» атты әнінің сөзін жазды. Бұл туралы Бекболат Тілеуханға айттым, ол әнін жазды. Содан осы «Елім менің» атты ән дүниеге келді. Қиын кезең болса да қаражат тауып, клип түсірдік. Бұл әннің қысқаша шығу тарихы осылай.

–                                                         2008 жылы Сіз Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертейік деп тосын да тың ұсыныс жасаған болатынсыз. Бұған жұртшылық елең етіскен-ді. Айтыңызшы, елорданың атауы Нұрсұлтан болып өзгермей қалғанына өкініш білдіресіз бе? Жалпы, Астана атауы Нұрсұлтан болып өзгерсе халық қалай қабылдайды деп ойлайсыз?

–                

12
скачать работу


 Другие рефераты
Социализация подростков в сфере досуга
Государственный аппарат России в 1900-1917
Заповедники, заказники, национальные парки
Концентраторы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ