ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Другие рефераты
1941 жылы 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Соғыстиың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан соғыс арсеналына айналды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Балқаш, Қарсақпай кен орындары соғыс жылдары өндірілген қара мыстың жартысынан астамын берді. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір өндірді. Шығыс қоңырат молибден, Жезді марганец, Дөң (Дон) хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам комбинаты салынды. 1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта т.б. кәсіпорындар салынды. Бұл жылдары тылдағы еңбекшілердің жасампаз ерлігі орасан зор. Республика диқандары мемлекетке 360 млн. пұт астық тапсырды. 4 жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері майдан мұқтажына 94 млрд. 500 млн. сом жарна өткізді. Қазақтар бірінші рет тең құқықта қазіргі заман соғысына қатысты. Алайда соның өзінде орыс үстемшілдігі білінбей қалған жоқ. Қазақстаннан майданға 1 млн. 200 мың жауынгер аттанды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, Ұ.Жұматов т.б. қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 8-панфиловшы гвардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон ерекше көзге түсті. Сондай-ақ осында Кеңес Одағының Батырлары Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин т.б. соғысты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов кеудесімен дзотты жауып, соғыс тарихында теңдесі жоқ ерлік жасады. Сталинград үшін шайқаста Н.Әбдіров, Қ.Спатаев т.б. қазақ жауынгерлері батыр атағын алды. Қазақстандықтар Курск түбіндегі, Беларусьтегі, Украинадағы шайқастарда ерлік көрсетті. Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойған, жеңімпаз әскердің жеңіс туын тұңғыш рет желбіреткен қарапайым қазақ батыры Р.Қошқарбаев еді. Шығыстың қос шынары атанған Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова өздері сұранып, соғысқа аттанады. Соғыста жасаған ерліктері мен қызға тән өжеттіктері арқасында Кеңес Одағының Батыры атанады. Майданда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін тағы бір қазақ қызы Х.Доспанова 2006 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Белгілі қазақ ақын-жазушылары Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Әуезов өз шығармаларын халықты патриоттық рухта тәрбиелеуге арнады.
Екінші Дүниежүзілік соғыста армия қатарына 1200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 497-сі кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 410 мыңнан астам қазақстандық еліне оралмады. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демографиялық жағдайына ықпал етті.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|