XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай
Другие рефераты
Жоспар
1. Қиыр Шығыстағы ұлы державалардың күресі
2. Жапон — Қытай соғысы
3. АҚШ-тың «Ашық есік саясаты»
4. Ұлы державалардың ықпал ету аймағы үшін күрес
5. 1900-1901жылдардағы Маньчжурия үшін Орыс-жапон соғысы
Қиыр Шығыстағы ұлы державалардың күресі. Жапондық экспансия және Қиыр Шығыс мәселесінің шиеленісуі
Ағылшын — герман антогонизмнің өрлеу шағында, Қиыр Шығыста да қиын-қыстау кезең туындаған болатын. 1884 жылы Жапонияның Кореяны отарға айналдыру үшін жасаған төңкерісі және 1884-1885 жылдары қытай — француз соғысы осы аймақта жаңа шиеленістердің басталғанын көрсетті. Мұндай тоқыраудың тууына себеп болған: жапон капитализмінің өркендеуі және оның феодалдық-милитаристік элементерінің ықпалға ие болуы.
Жапонияның билеуші табы Кореяда Қытайдың билеуіне төзе алмай, Микадо үкіметі бұл елді басып алуды жоспарлады.
1894 жылға қарай саудамен айналысқан 20 мың жапондық Кореяға табан тіреді. Жапон капиталы үкімет қолдануына сүйене отырып, Корей нарығына тереңдей енуді көздеді. Алайда, бұл ұстанымдар орындалмай, 80-жылдары Жапонияға қарағанда Қытай үлесі артты.
Феодалдық қатынастардың құлдырауы жэне шетел капиталының енуі таптық күрестің өрши түсуіне әкелді. 1893 жылы Кореяда шаруалар көтерілісі бұрқ етіп, Тонхаютар сектасы елдегі келеңсіздіктерде басқарьш отырды. Сеулдегі бас резидент Юань Шикай Корей Сарайына көтерілісшілер әскерін мойындауға шақырды. 1994 жылы 5 маусымда ол Солтүстіктің істері жөніндегі кеңесші Ли Хун-Чжанға тез арада бүлікшілерді басуға әскер жіберді.
Қытай бұл ұсыныстан бас тартты, ал реформаларды Корея өз жасауы тиіс деп жариялады. Ал Жапония болса, өз әскерін эвакуациялай алмайтынын айтты. 1894 жылы 9 мамыр көтеріліс ошағынан таяу маңда Қытай әскері қоныстана бастады. Жапонияда осы уақытта өкімет басында Ито Хиробулли кабинеті тұрды.
9 маусымда Корея астанасы жапон әскерінің қолына көшті. Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Қытай іскеріне шабуылға аттанды. Корея және Қытай тығырыққа тіреді. Жапония өкіметі 14 маусымда жиналыс өткізді. Тонханилерді бірге басып, Жапон, Қытай комиссиясы реформа, Корея үкіметін тазалау туралы ұсыныстар жасалды. Бұл жағдай жүзеге асса, Жапония мен Қытай бірігіп, Кореяны қамқорлыққа алар еді. Қытай үкіметі
Жапонияның ұсынысын қабылдамай, Кореядаға көтерілістер тоқтатылды деп жариялады. Қытай өз әскерін Кореядан әкетуге міндеттелді. Ал Жапония өз әскерін эвакуациялауы туралы ойлары жоқ екенін айтты. 13 шілдеде Муцу Оториге тағы бір құжат жіберілді. Онда: «Қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз Қытай мен Жапония арасында қақтығыстарды тездету» — делінген. Англия мен Ресейдің Қиыр Шығыстағы саясаты. Ли Хун-Чжанның Еуропа державаларының бұл іске кірісуі негізсіз болмады. Қытай мен Кореядағы Англияның ықпал аймағының кеңейюі және Ағылшын буржуазиясының бұл елдердің капиталына үстемдік еткісі келуі басқа да бақ таластарды болдырмауға тырысты. Англия бүкіл Қиыр Шығысты өзіне бағындырғысы келді және ірі капитал орындары мен ірі металлургияны өзіне қаратуды ойластырды. Мұндай саясатты жүзеге асыруға Ұлыбританияның гегемондығымен жүзеге асқан Жапон — қытай одағы көмегін тигізді.
Англияға сонымен қатар, Жапонияның сауда бақталастығыда әсерін тигізді. 80-жылдардың аяғы мен 90 — жылдардың басында ол ағылшын капиталын біршама артқа сырып тастаған болатын. Әсіресе, Ланкаширдегі тоқыма фабрикасына, Гонконгтегі көпестерге, Шанхай сеттльменттеріне ауыр тиді. Англияның Қиыр Шығыстағы қызығушылығы 1889 жылғы Лондонда жарияланған «Қытай ассоциациясы» атты саяси құжаттың жариялануынан кейін арта түсті.
Англия күшті позицияны Кореяда ұстанды. 1885 жылы Корея үкіметі кедендік қызметке ағылшындықтарды тағайындарын мәлімдеді. Корея импортында Ағылшын тауарлары бірінші орында тұрды. Жапонияның Кореяны жаулап алуы осы елде Англияның ықпал етуін тоқтатуға жол ашар еді.
Қытайдың билеуші органдарында жасалған саяси бағытқа наразылық туындады. Император Гуансюй және оның жақтастары Жапония мен соғыс туралы ойлар тастады. Оған қарсы «Солтүстік үндеу» лидері Ли Хун — Чжан Қытай соғысқа дайын еместігін мәлімдеді. Үмітті Батыс державаларына артты. Қытай өкіметімен жүргізілген саяси сызық осы екі топтың қақтығысынан туындады.
Ағылшын-Жапон қайшылықтары
Жапонияда іскерлікпен айналысатын ағылшын капиталистері шетелдіктерге ұсынылған жеңілдіктердің толық орындалуын талап етті. Жапон үкіметінің басты сыртқы саясаттағы мәселесі бұрыннан қалған жартылай отарлау ережелерінен құтылу болатын. Тең емес келісімдерге наразылықтар ұлтшылдар толқынын көтерді. Ол кез-келген үкіметтер төңірегін, өз ұстамдарын дәлелдеп шығуды көздеді.
АҚШ, Ресей және тағы басқа державалар Жапон үкіметіне белгіленген құжаттарды мойындайтынын жариялады. Англия ғана процесті ұзаққа созды. Өйткені ол басқаларға Жапон саудасына ынталы болды. Үлыбритания үлесіне Жапонияның импортының жартысы келетін. 1888 жылы Англияда 5100 мың фунт стерлинг ақшаның 11200 мыңы тиесілі болды. Ашық порттардағы Англия формалары тең емес келісімдер негізінде жасалған іс-шаралардан бос тарататындарын мәлімдеді.
1880 жылы осы келісімдерді Англиямен қарастыру басталды. 1890 жылы Солсберг кабинеті құжаттарды қайта қарастыру жұмысына кірісті. Жапония бұған наразылық білдірді. өз ұсыныстарын толығымен орнатқысы келген Англияның саясаты Жапонияның ызасын келтіріп, ағылшын-жапон қатынастарының шиеленісуіне әкелді.
1894 жылы Ли Хун-Чжан О Конор елшіге Қытай мен Жапонияға қарсы бірлесуді сұрады. Бірнеше күн өткен соң Ли Хун-Чжан ағылшын үкіметінен өзінің Қиыр Шығыс эскадрасын жіберуін сұрады. Бұл Жапонияға қарсы әскери теңіздік күш қолданудың алғы шарты болды. Ли ұсынысына ағылшын үкіметі былай деп жауап жазды: «Біз Жапонияны Кореяадан әскерін әкетуге көндіре аламыз. Егер Қытай ол елде бізге реформасын жүргізуге рұқсат берсе» Англияның ұсынысының жүзеге асуы Кореяда Қытай мен Жапонияның қолданушылығының артуын көрсетті. Статс хатшы Форейн-офис лорд Кимберли Қытайға Жапониямен соғыстан қүтылу үшін ымыраға келісушілікті арттыру қажет екенін айтты. 1894 жылы 30 маусымда орыс елшісі Муцуда іс-сапармен болып, Кореядан әскерін әкетуді талап етті.
1894 жылы Қиыр Шығыстағы халықаралық жағдай Жапон милитаристеріне күш көрсетпеді. Кореядағы жапон билігі Англияға шығын әкелді. Жапония Қытаймен соғысты қаламады. 1894 жылы 16 шілдеде Ағылшын — жапон арасында сауда келісімі жасалды. Бұл құжат Жапонияға манифестік жағдайда тиімді болды, металлургия иелері және машина жасау Жапонияның индустриализациясынан ұтты.
Патшалық Ресей Жапонияға қарсы шықпады. Ресейдің Қиыр Шығыстағы позициясы шытырман болды. Темір жолдардың жоқтығынан елмен арадағы тасымал қатынасы үзілді. Сондықтан 1894 жылы патшалық үкімет жапон — қытай қайшылықтарынан қауіптенді.
1894 жылы 24 шілдеде ағылшын үкіметі басқа да ұлы державаларға әскерлерін әкетуге және арада бейтараптық аймақ сақтауға ұсьшыс жасады. АҚШ-тан басқа барлық державалар бұл жобаны корғайтындарын мәлімдеді. Бұған Қытайда қосылды. Жапон өкіметі жауап берудің орынына Қытайға қарсы әскери қимылдарды бастады. Ол Жапонияға қарсы еш мемлекеттің қарсы шықпайтынына кәміл сенді.
Жапон — қытай соғысы
1994 жылы 9 — шілдеде Сеулдегі Жапон елшілігіне жедел хат жіберді. Онда Корея мен Қытай кез — келген уақытта арадағы байланысты үзуге құқылы болды. Келесі күні елші Корея үкіметіне ультиматум жариялады. Кореядан жедел турде әскерді әкету міндеті енгізілді. Егер Қытайға жауап берілмесе, екінші өзі қалған шешімді қабылдайтынын мәлімдеді.
Қытайдың шетел істері жөніндегі Палатасы жауапты ойланып жауап беруді ұсынды. Юань Шинкай Сеулді құпия түрде тастап кетіп Цинь үкіметінің әскері әліде болса Кореяда қала берді. Жапония үшін іс біткен болып есептелседе, соғыс жүргізу керек екендігі ашық байқалды. 23- шілдеде таңертең ерте жапон жаяу әскері Сеулдегі патша сарайына келіп күзетші шашыратып жіберді. Содан кейін солдаттар сарайды басып алды. Король және Королева қамауға алыныл, үкімет таратылды. Миидіктер Сеулден қашты. Корей гарнизоны қарусыздандырылды.
Жаулап алушылар Миндіктер орнына өз адамдарын қоймақ болды. Жапон агрессиясының бірінші мақсаты жүзеге асты. Жапония Кореяның иесі болды. Осы үшін жапон дипломатиясы әскер кіргізуді ішкі істерге араласуды жүзеге асырды. Елде қуыршақ режим қалыптасты. Бұл режим Кореяның реакциялық феодалдық тап арасы мен жапон жаулаушыларының арасындағы қайшылық негізінде қалыптасты. Режим Корей халқына қарсы бағытталды. Шаруалар қозғалысының басып жанышталуы және мемлекеттің отарлық қанауы антикалық ымыраластықтың тууына әкелді.
25 шілдеде таңертең Қиыр Шығыстық драманың 2-актісі басталды.
Қытай кемелеріне жапон флоты оқ жаудырды. Қытай әскері отырызылған транспорттар суға батып күл талқаны шықты. Осылайша, Жапон — қытай соғысы шешілді Ол алдын — ала хабарлаусыз өтті. Бұл дипломатиялық тәжірибеде мәлімдемесіз соғыс ашуды енгізді. Бұл заңға қайшы болды. Соғыс барысында Жапон капиталы отарлау езгісіне түсті. Әскери қимылдарды алғы шарттар жапондықтар мен жаулады. Ол алдымен Цинь әскерінің тобын бұзды. 15-16 қыркүйекте Пхеньянның солтүстік аудандарына соққы берді. 1894 жылы қазанда жорықта шыққан Жапон әскері Яла өзенінде және Мукден провинциясының шығыс бөлігінде ірі шабуылдар жасалды. 1894 жылы 17 қыркүйекте Жапонияның әскери-теңіз флоты Корей бұғазында Цинь монархиясының солтүстік флотына соққы берді. Жапон императоры Сары теңізді билік орната отырып 24 қазанда Ляодунь жарты аралына екі армияның бір бөлігін орналастырды. Бір айдан соң жапондықтар солтүстік плотаның басты базасы Порт-Артурд
| | скачать работу |
Другие рефераты
|