Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан экономикасының тарихы

Мұның өзi несие-банк жүйесiнiң пайда болуына жол ашты. Қазақстанның несие жүйесi Ресей империясының бiр бөлшегi ретiнде Мемл. банк бөлiмшелерiнен, акцион. сауда банкiсiнiң бөлiмшелерiнен, несие беретiн қоғамдар мен қалалық қоғамдық банктерден, сондай-ақ, несие корпорациялары мен басқа да ұсақ несие мекемелерiнен құралды. 1871 ж. Петропавлда қ-лық қоғамдық банк ашылды. Қазақстан аумағында Мемлекеттiк банктiң бөлiмшелерi құрыла бастады. Олар алдымен өлкенiң iрi сауда-өнеркәсiптiк орталықтарында – Орал (1876), Верный (1912) қ-ларында ашылды. Мал және мал ш. шикiзатын сату көлемiнiң елеулi түрде ұлғая түсуiне байланысты 1894 жылдан бастап жыл сайын несие операцияларын қамтамасыз ету үшiн ең iрi жәрмеңкелердiң бiрi – Қоянды қыстағында (Семей обл.) мемл. банктiң уақытша бөлiмшесi жұмыс iстедi. Бұл кезеңдерде жергiлiктi халықтың несиеге тек қарыз кассалары мен ұсақ несие қоғамдары арқылы ғана қолы жеттi.

 

Қазақстанда т. ж-дың салынып, пайдаланылуы, өнеркәсiптiң дамуы жұмысшылар қауымының қалыптасуына ықпал еттi. Олар негiзiнен жұмыс iздеген қазақ кедейлерi есебiнен толықты. Жұмысшылардың, әсiресе, қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Шектен тыс ұзақ жұмыс күнi (12 — 16 сағ), аз жалақы, отаршылдық қанау тәсiлдерi (мардымсыз ақы, айып төлеу, саудагерлерге кiрiптарлық) оларды әбден титықтатты.

 

Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экон.-әлеум. қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемл. меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен соц. мемл. органдар, оның iшiнде халық ш. органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т.б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына соц. меншiктi орнату, халық ш-н жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық ш. кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т.б. негiздерiнде соц. экон. жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экон., әлеум. өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық ш-ның барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акцион. қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту з-ты, Атбасар мыс кенiнiң з-ттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал — Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi.

 

Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 20) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық ш-н Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл ш. өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемл.-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аум. 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 28 ж. қазақ а-дарында 1370 мың га шабындық, 1250 га егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 28 ж. республикада халық ш-н қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл ш-н ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экон. дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты (қ. Ұжымдық шаруашылық). Iрi соц. егiн ш-н құруға ұмтылу “тәрбиелiк маңызға” ие болды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстанда 3113 адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы Кеңес мемлекетiнiң басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын” мекенiне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық дайындау науқаны жүргiзiлiп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркiлендi. Мұның арты күнкөрiстiк iшiп-жемiнен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы кезiндегi “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға, яки бүкiл қазақ халқының 40%-на жеттi. 1 010 мың қазақ тарихи отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкiметтiң солақай белсендiлiкпен малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негiзгi азық-түлiк қоры болып табылатын дәстүрлi мал ш. қатты күйзелiске ұшырады. Малшы көшпендiлердi сәтсiз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тидi.

 

1-бесжылдық (1929 — 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп iске қосылды, өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көл. 3,2 есе артты. Оның жеке салалары: түстi металлургия өнiмi 6,1 есе, құрылыс материалдары — 6,9, химия — 5,3, металл өңдеу — 4, отын — 3,1 есе өстi. 2-бесжылдық (1933 — 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды. Шымкент қорғасын з-ты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Ақтөбе химия комб-тары, Қарағанды көмiр алабының шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, т.б. барлығы 120 өнеркәсiп пайдалануға берiлдi. Олардың арасында алдымен ұз. 1500 км Түркiстан — Сiбiр темiр жолы (Түрксiб) өлке экономикасының өсуiне зор ықпал еттi. Республикада тамақ өнеркәсiбi де даму жолына түстi. Семейде ет-консервi, Гурьев (қазiргi Атырау) пен Арал қ-ларында балық, Алматыда жемiс-жидек, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қарағандыда ет комб-тары салынды. Жеңiл және жергiлiктi өнеркәсiп салаларында да ондаған кәсiпорындар бой көтердi. 1938 — 40 ж. 700 кәсiпорын iске қосылды. 1940 ж. Қарағанды көмiр алабының өндiрiсi 1913 жылмен салыстырғанда 77,5 есе көбейiп, 6460 мың т-ға жеттi. Ембi мұнай кәсiпшiлiктерiнiң өндiрiстiк қорлары жаңартылды. 1940 ж. республикада 700 мың т мұнай өндiрiлдi. Қарағанды, Алматы, Балқаш, Шымкент электр ст-лары, Үлбi су электр ст. пайдалануға берiлдi. Өскемен электр ст., бiрнеше жылу-электр ст-лары салына бастады. 1940 ж. 632,4 млн. кВт сағ, яғни 1928 жылғы деңгейден 85 есе артық электр қуаты өндiрiлдi. Жалпы алғанда республиканың өнеркәсiп өнiмi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейден 13 есе, ал ауыр өнеркәсiп бойынша 20 есеге жуық артты. Халық ш-ның жалпы өнiмiнде өнеркәсiптiң үлес салм. 60% болды (1940).

 

2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941—45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған з-ттар мен ф-каларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндiру, а.ш машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иiру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа з-ты, Қазақ металлургия з-ты, Текелi полиметалл комб., Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру з-ты, кен байыту ф-калары, кенiштер, Қаратау кен-химия комб., электр ст-лары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км т. ж. желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1,5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа з-ты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия з-ты 1944 ж. желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңт. Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көл. 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру з-ты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дам

12345След.
скачать работу

Қазақстан экономикасының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ