Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан экономикасының тарихы

ыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия з-ты (1944), Қарағанды синтет. каучук з-ты (1943), Қостанай жасанды талшық з-ты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру з-ты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау з-ты, Шымкент пресс-автоматтар з-ты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура з-ттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255,4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлш. 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 ж. мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмiр — 1,7, электр энергиясын өндiру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада а. ш. салалары тез дамыды. 1942—43 ж. а. ш. дақылдарының егiс көл. 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi.

 

Көлiк пен байланыс жүйесiн дамыту жөнiнде қыруар жұмыстар жүргiзiлдi. Республика аумағында т. ж-дың пайдалану ұз. 1631 км-ге, жүк тасымалы 5,7 млн. т-ға жеттi. Уралды көмiрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған Қарталы — Ақмола (Астана) т. ж. желiсi қатарға қосылды. Гурьев (Атырау) — Қандағаш, Жамбыл (Тараз) — Шолақтау т. ж. желiлерi пайдалануға берiлдi. Күрделi құрылыс көлемi ұлғайды. 2-бесжылдықта барлық салалар бойынша 721 млн. сом күрделi қаржы игерiлсе, 4 жарым жыл iшiнде (1941 — 46) 981 млн. сом игерiлдi.

 

Соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда (1946 — 60) Қазақстан экономикасы бейбiт жағдайға көшiрiлiп, қандай да болсын халық ш. мәселелерiн шеше алатын, одақтың негiзгi а. ш. базаларының бiрiне айналды. Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсiптiң соғысқа дейiнгi дәрежесiне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан халық ш-ның өзгешелiгi сонда, ол қалпына келтiру кезеңiне соқпай, бұрынғысынша ұдайы өндiрiс негiзiнде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға металл, отын, шикiзат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлiк, асыл тұқымды мал, т.б. жөнелтiп тұрды. 4-бесжылдықта (1946 — 50) өнеркәсiптiң “А” тобы салаларын және а. ш-н өркендету үшiн республикада барлық күрделi қаржының тиiсiнше 40,2%-ы және 14,2%-ы пайдаланылды. Одақтық өнеркәсiптiң жалпы өнiмiнiң 1940 — 50 ж. өсу қарқыны 173% болса, Қазақстан өнеркәсiбiнiң өсу қарқыны 232%-ға жеттi. Кәсiпорындардың саны 4 мыңға жеттi. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия з-ттары, Лениногор (Риддер) қорғасын комб., Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа з-ттары мен Ақтөбе химия комб., Жамбыл (Тараз) суперфосфат з-ты, мұнай өндiретiн Қаратон және Мұнайлы кәсiпшiлiктерi, т.б. кәсiпорындар салынып, өндiрiстiк қуаттары кеңейтiлдi. Машина жасау және метал өңдеу өнеркәсiбi негiзiнен қайта құрылды. Т. ж-дың пайдаланылатын бөлiгiнiң ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 ж. 6,6 мың км болса, 1945 ж. 8,2 мың км-ге, 1950 ж. 8,4 мың км-ге, 1960 ж. 11,5 мың км-ге жеттi. Өзен және автомоб. көлiгi жедел дамыды. Жүк тасымалы 1950 ж. 1945 жылмен салыстырғанда 1,9 есе артты. Республиканың 21 қаласында автомоб. қатынасы орнады. 1950 ж. мемл. және кооп. бөлшек сауда тауар айналымы 1940 ж. деңгейiнен 48% өстi. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жеделдетiлдi. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй қоры 5 млн. м2-ден астам өстi, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды. 1946 ж. оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеум. қамсыздандыруға бөлiнген қаржы 1013,2 млн. сом болса, 1950 ж. 1734,9 млн. сомға жеттi, яки 70%-дай көбейдi.

 

А. ш-ның материалдық-тех. базасы нығайды. Мыс., кеңшарлар саны 1940 жылғы 194-тiң орнына, 1950 ж. 269-ға жеттi. Ұжымшарлардағы а. ш. жұмыстарын тех. жағынан жарақтандыру 70%-ға (1940 ж. 57,2%) жеттi. Кеңшарлардағы трактор парктерiнiң қуаты 2 есе, комбайндар — 2,7 есе, негiзгi қорлар 3,9 есе өстi. Осының негiзiнде кеңшарлардың егiс көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк туды (1945 ж. — 630,0 га, 1950 ж. — 1150,6 мың га). 1950 ж. ұжымшарларды iрiлендiру негiзiнде а. ш-н шоғырландыру басталды. Әр ұжымшарға келетiн егiс көл. 2 есе ұлғайып, 2000 га-ға жеттi. Орта есеппен бiр ұжымшарға келетiн мал саны 3 есе өстi. 1946 — 60 ж. iрi қара саны 26,6%, қой мен ешкi — 75,9% өстi. Дәндi дақылдардың жалпы түсiмi 1950 ж. 4,8 млн. ц, астық шығымдылығы әр га-да 4,3-тен, 7,9 ц-ге артты. Мемлекетке астық сату 2 есе, iрi қара саны 1,3, қой мен ешкi саны 2,2 есе көбейдi. 1954 жылдың көктемiнен бастап тың және тыңайған жерлердi игеру жұмыстары басталды. 1954 — 55 ж. 34 астық кеңшары құрылды. Тыңды игеру үшiн (1954 — 56) республикаға сырттан барлығы 640 мыңнан астам адам келдi. 1954 — 58 ж. а. ш-н механикаландыруға, өндiрiстiк үйлер мен құрылыстар салуға 9,7 млрд. сом қаржы бөлiндi, бұл өткен бесжылдықтарға қарағанда 2,5 есе артық. 1960 жылдың аяғына қарай Қазақстанда 25 млн. га тың және тыңайған жерлер игерiлдi. Сол жылдың басында Қазақстанда 333 кеңшар болды. Қазақстанда а. ш-ның жалпы өнiмi 1950 жылғы деңгейден 2,8 есе, оның iшiнде егiншiлiкте 3,3 есе, мал ш-нда 1,9 есе артты. Дәндi дақылдардың егiс көл. 1950 ж. 6,0 млн. га-дан 1960 ж. 21,9 млн. га-ға жеттi. Мемлекетке астық сату 1960 ж. 10,5 млн. т-дан асты (1950 ж. 2,1 млн. т). Алайда тың игерудiң пайдалы жақтарымен қатар экол., экон. және әлеум. салдарлары да болды. Тың көтеру әлеум. тұрғыдан бiрқатар керi әсерлерге ұшыратты. Тың және тыңайған жерлердi игеру одақтың басқа аймақтарындағы еңбек қорларын тарту арқылы атқарылғандықтан iс жүзiнде бақылаусыз көшi-қон қозғалысы туды. Тың игерген аймақтың жергiлiктi тұрғындарына балалары оқитын мектептердiң, өздерi iстейтiн ұжымшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерiн тастап кетуге мәжбүр болды. Соның салдарынан республиканың жергiлiктi тұрғындарының үлес салм. 30%-ға дейiн азайды. Қазақ тiлiнiң дамуы мен қазақ этносының әлеум.-мәдени ин-ттарына қатер туды.

 

5-бесжылдықта республикада 200-ге жуық iрi кәсiпорын қатарға қосылды. Қарағанды металлургия з-ты, Соколов-Сарыбай кен байыту комб. салына бастады. Жаңа көмiрлi аудандар (Саран, Шерубай — Нұра, Шахан) игерiлдi. Екiбастұз кенiнде алғашқы iрi көмiр қимасы пайдалануға берiлдi. Өскемен су электр ст. iске қосылды, Бұқтырма СЭС-нiң құрылысы басталды. Мұнай және газ өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Химия өнеркәсiбi Қазақстанның а. ш-н және Орта Азия республикаларын фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге негiзделдi. Қарағанды синтет. каучук з-ты ауыр өнеркәсiптi органик. синтез өнiмдерiмен, құрылыс индустриясын кальций карбидiмен қамтамасыз еттi. Республикада құрылыс жұмыстары кең өрiс алды. 1960 жылдың қаңтарына қарай Қазақстанда 398 кiрпiш, 119 әк з-ттары, 221 қабырға блоктарын өндiретiн кәсiпорындар, 895 бейруда құрылыс материалдарын өндiретiн өңдеушi кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1958 ж. Алматы, Өскемен, Қарағанды қ-ларында алғашқы телеқондырғылардан бейнехабар берiле бастады.

 

1960 — 85 ж. Жалпы КСРО-да халық ш-н бiртұтас кешенге айналдыру бағдарламасы жасалып, одақтас республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық ш. айналымына қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту, республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 ж. республиканың қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты. Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, а. ш-нда 1,7 есе, материалдық-тех. жабдықтауда — 2,9, құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық ш. кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыштар, көмiр, т.б. табиғат қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық ш-ның мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия, отын-энергет. кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi (АӨК) қалыптасты, Қарағанды — Темiртау, Шығ. Қазақстан, Торғай және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер өндiрдi. 1986 жылдың басына қарай республикада 610 кәсiпорынды бiрiктiрген, бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң жартысынан астамын шығаратын 162 бiрлестiк болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139 кеңшар, 412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсiпорындар мен ұйымдар, 40 өндiрiстiк а.ш. бiрлестiгi жұмыс iстедi. Тамақ өнеркәсiбi 30 сала мен өндiрiстi қамтыды. Халықтың жан басына шаққанда ұлттық табыс 1960 жылмен салыстырғанда 1985 ж. 2 есе, нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен жеңiлдiктер 3,9 есе өстi. Бейөндiрiстiк аяның барлық салаларының негiзгi қорлары 1975 жылмен салыстырғанда 1985 ж. 3,1 есе өстi, оның iшiнде денсаулық

12345След.
скачать работу

Қазақстан экономикасының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ