Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

у деңгейін бақылайды, жағдайдың даму барысын қадағалап, баяндап отырады. Сондай-ақ өздеріне шабуыл жасалған сәтте ғана қару қолдана алады. БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысу үшін әскерилер БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерінен ерікті тұрғыда жинақталады. Олардың еңбекақысы халықаралық қауымдастық  есебінен төленеді. 1948 жылдан бері 750 мың әскерилер, полиция қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар әлемнің 110 еліндегі осындай операцияларға қатысты. 1500 бітімгер өз өмірлерін бейбітшілік жолында қиды. Бейбітшілікті сақтауды қолда бар құралдар мен жолдар арқылы қамтамасыз ете алмаған жағдайда, БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес бұдан да батыл іс-әрекет қолданылады. Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ға мүше елдерге барлық «қажетті құралдар мен жолдарды», тіпті соғыс қимылдарын да пайдалануға рұқсат етеді. 1950 жылы Кореяда, 1991 жылы Кувейтте, ал қазір Иракта осындай жағдай туындап отыр.

АҚШ және Қазақстан президенттерінің өзара келісіміне сәйкес 2003 жылдың тамызында «Қазбаттың» жеке инженерлік-сапер жасағы екі партиямен Таяу Шығысқа ұшып кетті. Жергілікті жердің жағдайына бейімделудің қысқа мерзімді курсынан өткеннен кейін жасақ өз транспортымен халықаралық жауапкершілік коалициясының польшалық  аймағына - Эль-кут қаласына барды. Украиндық бітімгершілік бригадасы орналасқан бұл жерде қазақстандықтар 5 айды өткізді.

Ирактағы бітімгершілік миссияны жүзеге асыру барысында Қазбат бөлімшесі 4 млн-ға жуық жарылғыш заттарды жойды, әскери дәрігерлер Ирактың 500 бейбіт тұрғынына көмек көрсетті, сондай-ақ Ирактың қауіпсіздік күштерінің мамандарын дайындау мен жауынгерлерін әскери іске баулуды жүзеге асырды. Саяси шаралар мен алдын алу (превентивті, сақтандыру) дипломатияға басымдылық беріліп отырған қазіргі кезеңде де Қарулы күштердің кейбір түрлері, оның ішінде бітімгершілік күштерге деген қажеттілік сақталып отыр.

Американдық әріптестердің көмегімен жарақтанған Қазбат дайындық, тәжірибе жағынан алғанда аймақтағы ғана емес сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден бір ерекше құрылым. Ол толықтай НАТО стандарттарына сай жабдықталған және дайындалған, БҰҰ-ның «көгілдір каскалар» құрамына енеді. Қазіргі уақытта оның базасында бітімгершілік бригадасы құрылған.

Қазбат бейбіт халықтың және Коалиция жауынгерлерінің өмірін сақтау мақсатында Иракта бекзаттық миссияны орындаушы аймақтан шыққан жалғыз құрылым. Тек ирактықтар ғана емес, сонымен бірге Коалиция әскерилерін де үйретіп жатқан қазақстандық саперлардың дайындық деңгейінің жоғары екені байқалады. Қазбат офицерлері 200-ден астам маман дайындап шығарды.

Қазақстанда БҰҰ мен НАТО бағдарламалары аясында бітімгершілік операцияларды орындауға арналған Аэромобиль әскери бригадасы құрылған. Бұл қазақ жеріндегі американдық немесе ағылшын бітімгершілері емес, керісінше, жергілікті бітімгершілік күштерінің батальоны. Олар «хаммер» машинасымен жүреді, аяқтарында шөл далада жүруге ыңғайлы аяқ киім, ал киім-кешегі басқа елдердің бітімгершілерінен қалыс қалмайды. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

2006 жылы Қазбригаданың ротасы НАТО өкілдері қатысқан емтихан тапсырды. Олар рота жауынгерлерінің лингвистикалық дайындығы мен бітімгершілік операцияларда  әрекет ету деңгейін тексерді.  Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысып үлгерген және стандарттарға сәйкес дайындықтан өткен «Қазбаттықтар» енді Қазақстанның жинақы әскери күштерін әскери іске үйретіп жатыр. Міндетті бағдарлама – бірігіп өткізілетін әскери жаттығулар, жаттығулар барысында қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақталады.

Мұндай жауынгерлер Қазақстан жерінде әлі де тым аз. Алайда олардың жұмысын көрген бітімгершілік күштерінің генералдары контингентті бригадаға дейін өсіруді өтінді. Бүгінгі күні «Қазбат» «Қазбригке» айналды.

 

Қосымша №11

Даналық сөздер

 

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен:

 

v          Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.

v          Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

v          Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

v          Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын

v          Отан үшін отқа түс күймейсің.

 

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ,-деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас

                                                                                                    М.Әуезов

 

Ата жұрты бұқара

Өз қолыңда болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп

                                              Асан Қайғы

 

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты демеңдер,

Ерлік қылсаң жығарсың.

                                            Н.Байғанин

 

Тыныш кезде бұзаудай момын бол, ұрыс кезінде аш қасқырдай шап!

                                                                            Рашид-әд-дин

 

Алып – жауда көрінер,

Байсалды –дауда көрінер

                               М.Қашқари

 

Ердің аты айқаста шығады.

                                 Ю.Баласағұни

 

Ердің ұлы – соғыста

                           (Көне ұйғыр жазуы ескерткіші)

 

Батырлардың мықтысы қарушы болады,

Жігіттердің сұлуы бауыршы болады

                                           Құтып.

 

Қару-жарақ сайланса – ат табылар, қаруын ұмытса - қапасқа түсер

М.Қашқари

 

Жауды төмен санасаң – басқа шығар:

Жай қалдырсаң елемей аз жауыңды –

Жаулар елді, шағып бір күн тауыңды.

                                                       М.Қашқари

 

Бытырай қашса жау оңбас

                                         Ю.Баласағұни

 

 

Шоқпары бар жауға темір қалқан сайла

                                           Ю.Баласағұни.

 

Бүгін атар оғың болса, ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.

С.Сарайи.

 

Жау көргенде алып ер арыстан болар.

                                         Ю.Баласағұни.

 

Қару-жарақ табылса, қарманып мінер табылар.

                   &

Пред.161718
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ