Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

bsp;                                                                                      

 

 

 

 

 

Қосымша№8

 

Генерал Сағадат Нұрмағамбетов

 

Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы 1924 жылы 5 мамырда Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келген, даңқты сардар, Кеңестер Одағының батыры, №1 Халық Қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Қорғаныс министрі. 1924 жылы дүние есігін ашқан адамның алдында қандай азапты кезеңнің күтіп тұрғанын бүгінде бәріміз білеміз. Оның үстіне қатал тағдыр мұны тумай жатып сынағысы келгендей өмірге келуіне бір ай қалғанда аяулы әкесі Қожахметке ауыз салады. Бұл да аз болғандай, арада алты жыл өткенде қос қарашығын бір құдайға табыстап, әке соңынан бақилық дүниеге жан анасы Айса да аттанады. Бірақ бұл кезде бала Сағадат анасының аяулы бейнесін көз алдында, ал оның айтқан әңгімелерін санасында мәңгі жаттап үлгерген еді. Сондай-ақ бала Сағадат батырлар жайындағы әңгімелерді туыс атасы Әлжан ақсақалдан да көп еститін. Әсіресе Қобыланды, Алпамыс секілді батырлардың жауларын ылғи күйрете жеңетінін естігенде ашу-ызаға булығып қалатын. Жалғыз тірегі де, сүйеніші де Сағит ағасын майданға аттандырған Сағадат та басқа өзі құралпы жасөспірімдер секілді майданға сұранумен болған. Өйткені олар да өз елінің патриоттары болып өскен еді. Сөйтіп жүргенде мына жалғандағы ең жақын адамы Сағиттан суық хабар жетіп, төрткіл дүние теңселіп сала берді. Сол түнді көз ілмей отырған ол меселін қайта-қайта қайтара берген әскери комиссариатқа тағы келеді. Бірақ бұл жолы оның жүзін өрт сөндіргендей, көкірегін ашу-ыза керней келді. Ағасы үшін кек алмай, ештеңеден тайынар емес. Әскери комиссар сұңғыла кісі еді, мұны бірден байқады. Сөйтіп, балаң жігіт Сағадат Нұрмағамбетов 1943 жылы сәуірде Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберіледі. Солтүстік Кавказ, Украин және Беларусь майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. 1949 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-58 ж. мотоатқыштар полкінің командирі, 1958-61 ж. мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы, 1962-69 ж. Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, 1969-89 ж. Орта Азия әскери округі қолбасшысының 1- орынбасары болды. 1991жылы 25-қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев республиканың егемендігін, аумақтық қауіпсіздігін, қорғаныс және басқа маңызды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында “Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлыққа қол қойып, оның төрағалығына генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетовты тағайындайды. Бірақ та бұл комитеттің әрекет ету мүмкіншілігі тар болып, ол әскери құрылыс мәселесін түгелдей шеше алмайтын еді. Сондықтан 1992 жылы 7-мамырда мемлекет басшысының жоғарыдағы комитеті ҚР Қорғаныс министрлігіне қайта өзгерту туралы Жарлығы шығып, бұл нақты, айқын мақсаттарды көздеді. Сол күні Қазақстан Президентінің “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” №745 Жарлығы шықты, ол еліміздің Қарулы Күштерін өз бетінше қалыптастыруға негіз қалап еді. Сол Жарлыққа сәйкес С.Нұрмағамбетов Қазақстан қорғаныс министрі болып тағайындалып, өз туған жұртының әскери құрылымын қалыптастыруға бел шеше кірісті. Әрине бұл өтпелі кезең тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштерінің негізін салудағы ең қиын кезеңі еді. Өйткені, әскерлерді орталықтандырылған қамсыздандыру мәселесі тоқтап, әскерден қашу деген секілді жағдайлар кең етек алған болатын. Міне, осындай өте қиын жағдайда тәуелсіз Қазақстанның өз дербес әскерін қалыптастыруға қосқан теңдессіз үлесі үшін 1994 жылы өзінің ата-баба қонысының ең жоғары “Халық Қаһарманының” тұңғыш иегері атанды. Иә, адам бойында сенім атты ұлы күш бар. Осы орайда тек өз бойындағы күш-қуатқа, ерік-жігерге, дарын-қабілетке қалтқысыз, бар жан-тәнімен сене білген адам ғана биік мұрат-мақсат шыңдарына шыға алады. Ендеше, мына ой-соқпағы көп өмірде тек өз күшіне сенгендер ғана үнемі жеңіске жете бермек және Гете айтқандай, “Өмір үшін кім қорықпай майданға шыға алса, өмір сүруге соның ғана толық қақы бар”.  Олай болса ғұмыр бойы халқына қалтқысыз қызмет етуді, Отан қорғауды кәсібіне айналдырған даңқты батыр,  қолбасы Сағадат Нұрмағамбетов ел-жұрты алдындағы перзенттік парызын абыроймен атқарып шықты деп айтуға әбден болады. 

Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2- дәрежелі Отан Соғысы, Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, Октябрь революциясы, “Отан” ордендерімен, медальдармен, шетелдердің орден, медальдарымен марапатталған.

Қосымша№9

 

Ауған соғысы:

Саңлақ жауынгер

 

Әділ Бектасұлы Әбдіхалықовтың өмір жолына қарап отырсаң қарапайым ғана ортада, 1963 жылы осындай ақпан айының ішінде Қаратал жеріндегі “Қоржынкөл” деген совхозда дүниеге келген-ді. Әділ онжылдықты бітіріп, әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге шақырылады. Сол жылдары ауған жерінде соғыс жүріп жатқан. Бар арман-мақсаты Отанын қорғау, қатарынан қалмай елінің қорғанышы болу еді. Жас жауынгер әскерге келіп, дайындық курсынан өте бастайды. Негізінен ол дайындықты Түркіменстанның Қызыларбад қаласында өтеді. Дайындық сапынан ойдағыдай өткен жауынгер 66-бригаданың саперлар ротасына түседі.

Ауған соғысында күтпеген жайлар көп болып жататын. Әділ осы ауған жерінде жүріп, жиырмадан астам соғыс қақтығыстарына қатынасады. Арада бір жыл майдангерлікпен өтіп, сексен екінші жылы бүкілармиялық үлкен операцияға қатынасып, ерекше ерлігімен көзге түсіп, “Ерлігі үшін” медалымен марапатталады.

Ауған соғысынан оралғанннан кейін ол Шымкент қаласындағы милиция мектебіне түсіп, оны үздік бітіріп, Қаратал ауданында өзінің алғашқы еңбек жолын бастаған еді. Жастық жалынмен әрі халқына беріле еңбек етудің арқасында  көпшіліктің құрметіне бөленеді.

Қырық жыл қырғын болса да Әділ Бектасұлы ауған соғысында басынан кешірген қиыншылықтарды ұмытпас еді. Әлі күнге дейін ойына түскен сайын төбе шашы тік тұрып, керемет бір күйге түседі. Осыдан келіп, Қаратал ауданының жұртшылығы да кезінде оны ауған соғысына қатынасқандардың аудандық ұйымына төраға етіп сайлайды. Мұндай абыройлы міндетті Әділ жанын сала атқарады. Ең алдымен ауған соғысында қаза болған боздақтардың есімдерін мәңгі бақи халықтың есінде сақтау үшін олардың есімдерін көшеге беру жағына ұйтқы болды.

Аудан орталығында әскери-патриоттық клуб құрды. Ауған соғысында қайтыс болған жастардың ата-аналарына үлкен көмек ұйымдастырып тұрды. Оның мұндай тиянақты істерін аудан жұртшылығы біліп, азаматқа ерекше құрмет көрсетіп отырады.

 

Әділ, азамат жанұяда үлгілі бас ие. Сүйіп қосылған жұбайы Айнаш екеуі тату-тәтті өмір сүріп, екі бала өсіруде. Ұлы Мейірхан Әділов Алматы қаласындағы Экономика және құқық академиясының екінші курсының студенті, қызы Маржан Алматыдағы 141-мектептің үздік оқушыларының бірі.

Ауған соғысында ерекше көзге түскен саңлақ жауынгердің бұл игілікті істері көпшілікке үлгі-өнеге.

 

                                                                                                                                                   

 

Қосымша№10

                                   

ҚАЗБРИГ

 

БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) негізгі міндеттерінің бірі – барлық мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін, әлемдегі тыныштықты сақтау мен адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. БҰҰ-ның құзырында халықаралық шиеленістердің алдын алуға бағытталған алдын алу (превентивті, сақтандыру) дипломатиясы, орын алған шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге көмектесетін бітімгершілік миссиясы сияқты құралдар бар. Ұшқындаған шиеленістерді қадағалап, соғыс қимылдарының жайылуына жол бермеу, тараптардың бейбіт келісімге келуіне дәнекер болу  үшін соғысушы жақтарды айырып, бөліп тастау қажет және олардың арасына тосқауыл қою керек. Осы мақсатта БҰҰ-ның бітімгершілік күштері – «көгілдір береттер» немесе «көгілдір каскалар» құрылған. Олар соғыс қимылдары жүріп жатқан елдерге тек сол мемлекеттердің келісімімен ғана  жіберіледі. Бітімгершілік күштер дегеніміз – бұл ерекше әскерилер.Олар шиеленістің кез келген жағын болсын қолдап әрекет ете алмайды. Олар адамдарға гуманитарлақ және медициналық көмек көрсетіп, сайлаулардың өт

Пред.1112131415След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ