Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АСПЕКТІЛЕРІ

пайда болды.

Авторлық құқық туралы заң өтемелік сипаттағы ғана қорғау әдістерінің тізімін қамтитын: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю; айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;  құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу. Авторлық құқық туралы заңмен превентивті шаралар көзделмелген болатын, ал заң актілермен қарастырылмаған әдістерді құқық иемденушілер қолдануға  құқылы емес. Осылайша, «цифрлік» контрафакцияға қарсы қолданыстағы қорғау шаралары жеткілікті болмайтын, сондықтан да Интернет құқық бұзушыларымен күресу үшін жаңа шаралар қажет болатын.

Ендеше, «цифрлік күнтізбедегі» жағдайлардың өзгеруін түсіну үшін, 9 шілде 2004 жылы енгізілген өзгерістерді жекелеп қарастырайық.

- Уақытша қайта шығару. Авторлық құқық туралы заңның алғашқы редакциясында  уақытша қайта шығару мәселесі көтерілген болатын, бірақ енгізілген өзгерістерден кейін «қайта шығару» түсінігіне «уақыт оқшаулаушы» қасиетке ие болды (немесе Райнбот пен фон Левински тілімен айтқанда, «болашақтың оқшаулылығы») [3, 42 бет]. Анықтама нақты материалды тасымалдауыш түрлерінің  шектеулілігін алыптау тастау мақсатында өзгертілді – бұл «қандай да болсын объективті нысанда»  деген түсінікті енгізумен іске асырылды. Авторлық құқық туралы заңның қазіргі редакциясына сай, «қайта шығару» — «туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi болып табылады»  деп анықталды.

Авторлық құқық туралы заң мен Ақпараттық қоғам туралы Еуропалық Одақ Директивасын (әрі қарай Директива) салыстырсақ, келесіні аңғарамыз [4]: Директивада уақытша қайта шығару іс-әрекеті қайта шығару анықтамасынан алып тасталып, оның құқықтық, «техникалық» межелері белгіленді, ал Авторлық құқық туралы заңда уақытша қайта шығару — қайта шығару анықтамасында қамтылып, еркін қайта шығарудың барлық жағдайларында белгіленген болатын. Нәтижесінде, қазақстандық заң бойынша,  уақытша қайта шығарудың «техникалық» межелерге сәйкестігін тексеру қажет емес. Авторлық құқық туралы заңда бір ғана меже белгіленген, ол – уақытша қайта шығарудың еркін шығару жағдайына жатқызылатындығын анықтау.

- Жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы. 2004 жылғы өзгертулер «жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы»  анықтамасын енгізіп, «авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн көпшiлiкке, олардың жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтiк режимде) қол жеткiзудi жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау» деп анықтама берген болатын. Соған қарамастан, жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы себепті жағдайларсыз сабақтас құқықтар иемденушілеріне беріліп, авторларға ғана тиесілі емес болатын.

- Қорғаудың превентивті әдістері. Техникалық шараларға қатысты міндеттемелер. Авторлық құқық туралы заңмен техникалық құралдар «осы Заңмен қорғалатын, кез келген авторлық немесе сабақтас құқықтардың бұзылуын болдырмауға немесе бұзуға кедергi келтiруге арналған тәсiлдiң, құрылғының немесе бұйымның құрамдас бөлiгi болып табылатын кез келген құрылғы, бұйым немесе компонент» деп анықталды. «Контрафактілік дананың» өзгертілген анықтамасында техникалық әдістерді айналып кету заңсыз іс-әрекет деп танылады: «құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген, немесе объектiлердi қорғаудың техникалық әдiстерiн айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады». Соған қарамастан, қорғаудың техникалық  шараларына қатысты ереже, ең алдымен, Қазақстанда шет ел иемденушілерінің туындыларына  (немесе сабақтас объектілеріне) қолданылады, себебі отандық құқық иемденушілер үшін қорғаудың техникалық шараларын пайдалану- қымбат [5, 30-32 беттер].

- Құқықтарды басқару жөнiндегi ақпарат. Құқықтарды басқару жөнiндегi ақпарат – Авторлық құқық туралы заңының тағы да бір жаңа ережесі.                              Ол «туындыны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа немесе фонограммаға немесе туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбiр құқық иеленушiнi бiрдейлендiретiн ақпарат. Ақпараттың кез келген элементi туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына қоса берiлетiн, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткiзуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берiлген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөнiндегi ақпарат» деп ұғынылады. Құқықтарды басқару жөніндегі электронды ақпаратты жою мен өзгерту үшін ғана жауапкершілікті қамтитын Зияткерлік меншік жөніндегі Дүниежүзілік Ұйымымен құрастырылған Авторлық құқық туралы келісімінің 12 бабымен салыстырғанда, Авторлық құқық туралы заңда жауапкершілік қандай да болсын құқықтарды басқару жөнiндегi ақпаратты белгілеумен ерекшеленеді [6, 20-36 беттер].

Зияткерлік қызмет нәтижелерін, әсіресе авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін қолданумен байланысты қатынастар, әрі қарай одан да терең, шұғыл дамитыны — күмәнсіз ақиқат. Нәтижесінде, ұдайы қорғаудың жетіспеушілігіне не жол бермейтін тым, асыра қорғаушылыққа әкелетін, қазіргі кезге дейін «аласапыран» дамыған зияткерлік меншікке – жаңа  бағыттың белгіленуі аса қажет. Екі жағдай да пайдаланушылар мен құқық иемденушілер арасындағы арақатынас бұзылатын. Сол себепті де, бір жағынан – пайдаланушыларға зияткерлік құндылықтарды  тиімді пайлануға мүмкіндік беру арқылы, екінші жағынан – зияткерлік жетістіктер авторларына тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз ету негізінде  едәуір «майысқақтық» таныту қажет.

Қарастырылатын салада цифрлік және компьютер-желілік технологиялары тудыратын жаңа, қарама-қайшы құбылыстарды ескеру- маңызды. Өзара түсіністік қағидасынан ұлттық және қолайлы режим қағидаларына өту, құқықтық нормаларының унификациялануы мен заңнамалардың гармонизациялануы, жаңа жаһандандырылған халықаралық шарттардың пайда болуы, цифрлік желілердің дамуы – бұның барлығы авторлық құқықтың бірте-бірте жаңа  «трансшекаралық» қасиетке ие болуына әкеп соқтырады. Жаңа құбылыстар халықаралық деңгейде келісілген әмбебап құқықтық жауаптардың табылуын қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

    http://www.wipo.int/freepublications
    http://www.internetworldstats.com/asia.htm.
    Jorg Reinbothe and Silke von Lewinski, The WIPO Treaties 1996. The WIPO Copyright Treaty and the WIPO Performances and Phonograms Treaty. Commentary and Legal Analysis. Butterworths, 2002.
    Директива Европейского Парламента и Совета 2001/29/EC от 22 мая                 2001 г. о гармонизации некоторых аспектов авторского права и смежных прав в информационном обществе (OJ L 167/10 от 22 июня2001 г.).
    Сауле Масалина. ДАП и Закон об авторском праве Казахстана // Бюллетень ЮНЕСКО по авторскому праву (№1, 2006)
    Керевер А. Новые договоры ВОИС: Договор по авторскому праву и Договор ВОИС по исполнениям и фонограммам // Бюллетень по авторскому праву. – 1999. – Т. XXXII. – № 3.

Шахмова А.А.

Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты

12
скачать работу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АСПЕКТІЛЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ