Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы инфляция

леп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект. /18, 7б./

    Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2007 жылы шілдеде 0,9% құрады (2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады. /23, 2б./

    2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс – 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары – 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке – 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2% байқалды. /23, 2б./

    Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде де бағаның жоғарылауы байқалды: жанармай – 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек, баспа жабдықтары, жеке гигиена тауарлары – 0,4%-ға.

    Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға жоғарылады көлік қызметі – 2,0%, мәдениет және білім беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету – 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%. /23, 2б./

    2007 жылдың басынан бастап тұтыну нарығында бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2007 жылдың қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады. /23, 2б./

    2007 жылдың шілдедегі инфляция жылдық деңгей бойынша – 8,1% құрады (2006 жыл желтоқсанда – 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады. /23, 2б./

    Сонымен осы көрсеткіштерді талдай келе, инфляция деңгейі соңғы жылдары біраз жоғары деңгейде тұрғанын көруге болады, бірақ 2008 жылы 2007 жылғы инфляция деңгейіне қарағанда төмендегені байқалады. Бірақ оны дәл  айту әлі ертерек, себебі жылдық қорытындылар шыққан жоқ.

            
  

2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау

    Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

    Инфляцияның үйлестірімді әсері.Аленді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

    Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

    Атаулы және нақты табыс.Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.

    Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс азаяды. Біз нақты табыс қалай өзгеретінен мына формуламен шығара аламыз: 

    Нақты табыстың       Атаулы табыстың                баға деңгейінің

  •  

    пайыздық өзгеруі   =   пайыздық өсуі                   пайыздық өзгеруі

    Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%, сонда нақты табыс 5% болады. /17, 67б./

    Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.

    Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатып алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.

    Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды делік, сонда нақты баға құны жартысына дейін төмендейді. Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы, А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында 1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда ақша салушы 1060 алады.(1000долл.+60долл. пайзбен). /17, 69б./

    Қарыз алушы және несие беруші (дебитор және кредитор). Қарыз алушы және несие беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз алушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару керек; егер осы екі жылдың ішінде жалпы баға деңгейі өссе, онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның құны төмендейді. /17, 71б./   

    2004 жылдан бастап  Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

    Негізгі мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

- мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

- валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

    Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

    Инфляциялық таргеттеу  принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция жөнінде қойылған  мақсаттарға  қол жеткізу  жауапкершілігін  күшейту жағдайларында  инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің  негізгі  бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

    Ұлттық Банк 2004 жылдан бастап  «базалық инфляция» индексіне  қарай бағдарлар  белгілейтін болады.

    2004 жылы  ақша – кредит саясатының негізгі  мақсаты  орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде  қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны  есептеу әдістемесі  бекітілгеннен кейін және ол нақты  бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

   &

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақстан Республикасындағы инфляция

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ