Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы инфляция

nbsp;Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті. /17, 75б./

    Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстаннның барлық  әкімшілік – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

    Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

    Инфляцияғақарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден нәтижебереді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,  жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады. /17, 76б./

    Екінші әдістемені жаңа  классикалық  бағыттағы  экономистер  ұсынады. Олар  бірінші орынға ақша – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика жағдайына жанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

    Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы жүргізу керек.  
 

    ІІІ. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары

    3.1  ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары

    Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.

    Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

    Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

    2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.

    Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.

    Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз). /22, 57б./ 
 
 

Таргеттеу стратегиялары

Монетарлық таргеттеу 

Курстық таргеттеу

Инфляциялық таргеттеу

Номиналды табысты таргеттеу

Номиналды жалақына таргеттеу

Пайыз ставкаларын таргеттеу 

    6 сурет. Таргеттеу стратегиясының классификациясы 

    Ең бірінші болып инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

    Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы монетарлық сасаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жүр (2-кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні екендігі тек ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /22, 57б./

    Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

    Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеуге көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық таргеттеудің негізін көрсетуге болады:

  1. күшті жақтары (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);

 

    Күшті жақтары.

    Соңғы

Пред.678910След.
скачать работу

Қазақстан Республикасындағы инфляция

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ