Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар

p style="margin-left: 1.2pt;"> Қарлұқтардың шығыстағы ¥йғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы үйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары менмалдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлұқ жабғуы Монғ-олиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.

 

 

Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы – құлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі – қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін басқа мемлекеттермен елшілік және сауда-саттық байланыстар жасауда да орасан зор маңызы болды. Қалаларда қолөнер және зергерлік кеңінен дамыды. X ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы біршама нашарлай түсті. Оған Орта Азиядағы саманилер әулеті мен арабтардың шабуылы күшейді. Сонымен қатар Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның бе-реке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. Шығыс Түркістанда Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940 жылы олар Баласағүнды басып алды да, Қарлүқ мемлекеті құлады..

123
скачать работу

Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ