Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар



 Другие рефераты
Екінші симфония («Богатырская») Оценка деятельности преподавателя-лектора и преподавателя, ведущего практические занятия Оценка достоинств и недостатков высшего образования в Российской Федерации. Перспективы и сложности медицинского образования. Оценка достоинств и недостатков подготовки в ММА им. И.М.Сеченова. Бірінші дүние жүзілік соғыстың шығу себептері және сипаты

 ІІ-Ү ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азияжәне Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді, Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды.  Олардың орнына ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары калыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарыньщ тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

546-шыжылытирек(телэ) тайпаларыМонголияныңоңтүстікжәнеорталықаудандарынмекендегенаварларға(жуань-жуань) қарсыжорықжасайды. ОсыкездекүтпегенжердентүріктердіңқағаныТумынның(Бумындептеатаған) басқаруыментүріктертирек(телэ) әскерлерінешабуылжасап, быт-шытыншығарыпжеңіп, 50 мыңәскерінтұтқынғаалады. Осыданкейінтүріктеркүшейіп, ендібүрынөздерітәуелдіболыпкелгенаварларға(жуань-жуань) қарсышығып, аварқағаньгүйініңханшасынТумынгеәйелдіккеберудіталапетеді. Авардыңқағаныөзінебұрынбағыныштыболыпкелгентүріктердіңелшісінүйіненқуыпшығады. 552-шіжылыкөктемдетуріктераварлардыңордасынашабуылжасап, олардыкүйретежеңеді, авардыңқағаныАнағұйөзін-өзіөлтіреді. Осы кезден бастап Тумын турік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші ретжеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) туріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бүл жылдары туріктердіңбатысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатыныңнегізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хұсрау IАнуширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хүсрау Iшах өзінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сойтіп, эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын ¥лы Жібек жолына иелік етті. Бұл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сондықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға карсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіссоздері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мүны Түрік кағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.

571 жылы түріктердіңқағаны Естемі Солтүстік Кавказды басьш алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды.Өз ішіндегі алауыздық пеи әлеуметтік кайшылықтар қағанатты катты әлсіретгі. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынанЖоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанныңорынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы ордасы Мын бұлақ (Түркістан каласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қағанмен оның інісі Тунжабғы қаған /618-630 жж./ билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстанмен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.  Мұндай кең - байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түнжабғы елде саяси-басқару реформаларын жүргізген. Кейбір аймақтарды өз қолында үстау үшін мүмкін болған айла-тәсілдерді пайдаланған. Мәселен, Орта Азиядағы ірі қала Самарқандты қарауында ұстау үшін қаған оның билеушісіне өзінің қызын әйелдікке берген. Шығыс Түркістан мен Орта Азия елкелеріндегі билеушілеріне шад деген атақтар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған.

Түрік қағанаты әлеуметтік түрғыдан алғанда, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад  және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-түғын. Сот қызметін бүйрық берушілер, тархандар жургізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды «қара буын», («қара халық», «тобыр») деп атаған.

Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен батыста, оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет қүрған түрік батырлары "басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқақашап жаздырып қалдырған. "Күлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері - күн шығысында, оң жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта түн ортасында - осыныңішіндегі халықтың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет күрғанын керсетедц Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғүрыптарына көшіп, тілін қабылдаған.

Батыс түрік қағанатында әлеуметгік-экономикалықжәне саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты.

Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын белшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалаларыөркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды.

Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да акша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй түрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап, пайдалана білді. Сауда мен қолөнердің дамуына Жетісу қалалары мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс  аудандарына Орта Азиядан соғдылардың қоныс аударуының үлкен әсері тиді. Олардың VI-VIIIғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеу-меттік қысымшылықтарымен байланысты еді.Соғды көпестері көшіп келгеннен кейін Батыс Түрік кағанаты жерінде саудамен, соның ішінде жібектерін өткізумен кеңінен айналысты. Олар Жетісудың егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Сонымен қатар, түркі тілдес ортаға түскен соғдылықтар жергілікті халықтардың тіліне, мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне көшті. Соғдылықтардың келуімен байланысты түріктер Жетісуда теңге жасауды игерді. Теңгелерді соғдылықтар түрік қағандары атынан соққанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Сондай ақ соғдылар еміріне түріктердің тигізген әсері де аз болған жоқ,

Сейтіп, түрік және соғды халықтарының арасындағы өзара байланыс осылай дамып отырды. Мұның өзі олардың этникалық-саяси тарихында, материалдық және рухани мәдениетінде көрініс тапты. Сонымен

123
скачать работу


 Другие рефераты
Методы исследований социально-экономических процессов в регионе
Этикет делового общения
Клиническая психология: предмет, задачи, виды диагностики
Ұлыбританияның сыртқы саясаты


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ