Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары



 Другие рефераты
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi — ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Қазақстан “Самұрық” мемлекеттік активтерді бас¬қару жөніндегі холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдарын құру және олардың қызметінің тиімділігі үшін құқықтық базаны бекітуге, сонымен қатар қазақстандық ұлттық компаниялар мен мемлекеттік даму институттары қызметін жүйелі әрі үйлестіруге жәрдемдесетін шаралар әзірлеу мақсатында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті¬леріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты¬рулар енгізу туралы” заң жобасы әзірленген болатын.
Әзірлік жұмыстары барысында Еуропадағы, Азиядағы, Солтүстік Америкадағы, Австралия және Океания елдеріндегі алдыңғы қатардағы мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі 13 мемлекеттік холдинг пен агенттіктің халықаралық тәжірибелері зерделенді. Біздің елімізде табысты қолдануға үлгі болатын Сингапурдың Тамасек холдинг компаниясының тәжірибесі егжей-тегжейлі зерттелді. Тамасек холдинг компаниясын құру барысында Сингапур үкіметінің алдында стратегиялық маңызды салалардағы компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және басқару мәселелері өткір тұрған болатын. Қазір Тамасек – Азиядағы жиырма жылдық бай тарихы бар, 60 миллиард долларға бағаланатын теле¬коммуникация, қаржы секторы, жылжымайтын мүлік, көлік және логистика, энергетика, инфрақұрылым, сонымен қатар фармацевтика салаларында қызмет ететін 20-дан астам компаниялар акцияларының диверсифи¬кацияланған портфелімен тиімді басқарып келе жатқан ірі инвестициялық компаниялардың бірі. Оның үстіне Тамасек өзі дүниеге келгеннен бері қарай портфелін 210 миллионнан 60 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтты. Холдинг құрылғаннан бері акционерлердің бірлескен кірісі жылына 18 пайызға көбейді. Холдинг халықаралық Standard and Poor’s және Moodu’s секілді рейтингілік агенттіктердің жоғары корпоративтік несиелік рейтингілеріне ие болды.
Осындай негізгі тұжырымдамалық қадамдар аясында “Қазақстан “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдары құрылды. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамын құрудағы негізгі мақсат ұлттық компаниялардың құндылықтарын арттыру, ал “Қазына” акционерлік қоғамының мақсаты Қазақстан Респуб¬ликасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті жоғарылату және оған серпін беру болып белгіленді. Оған қоса ұлттық холдинг пен ұлттық басқару компаниясы қызметінің негізгі қағидалары болып:
- компания қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық белсенділігін арттыру;
- компанияларды корпоративтік басқарудың дүние жүзіндегі ең жақсы тәжірибені енгізу;
- компанияны дамыту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуде Үкіметке жәрдемдесу болып белгіленді.
Осы қағидалар ұлттық компаниялар мен даму институттарын дамытуға “Самұрық” холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғам-дарының акционерлер мен директорлар кеңесінде өкілдік қызметтері арқылы белсенді қатысу жолымен жүзеге асырылады. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамына “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы, “Қазпошта”, “Кегок”, “Қазақтелеком”, “ҚазМұнайгаз” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акция пакеттері, ал “Қазына” акционерлік қоғамына “Қазақстан инвестициялық қоры”, “Қазақстан даму банкі”, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Ұлттық инновациялық қор”, “Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”, “Маркетингтік-талдау зерттеулері орталығы” акционерлік қоғамдары мен “Қазинвест” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік акция пакеттері берілді.
Осы заңмен “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Мұнай туралы”, “Жер қойнауы және жер қойнауларын пайдалану туралы”, “Пошта туралы”, “Теміржол көлігі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы”, “Қазақстан Инвестициялық қоры туралы”, “Қазақстан Даму банкі туралы”, “Инновация¬лық қызметті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдарға түзетулер енгізілді.
Заң ережелері салалық заңнамалық актілердегі ұлттық компаниялар ұғымын нақтылайды, осы ком¬паниялардың “ұлттық” мәртебесін сақтау мақсатында және “ұлттық холдинг”, “ұлттық басқару компаниясы”, “ұлттық даму институттары” секілді ұғымдарды заңдық негізде енгізуді қарастырады. Мемлекеттік корпоративтік басқарудың ұлттық холдинг және ұлттық басқару компаниясы секілді осындай институттарды енгізу корпоративтік басқару мен компаниялар арасындағы үйлестіру деңгейін едәуір дәрежеде жақсартуға мүмкіндік береді, ірі әрі көкейкесті жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстанның қор рыногын дамытуға серпін береді.

скачать работу


 Другие рефераты
О стоиках и стоицизме
Халықаралық конференциясының қорытынды құжаты
Загрязнение атмосферы и решение этой проблемы на примере Санкт-Петербурга
Индия. Кулинарные традиции


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ