Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері



 Другие рефераты
ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы. Қоғамды басқару

Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай акциялар және артықшылықты акциялар. Олардың басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің беркітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.

Мысалы, сіз «А» акционерлік қоғамы шығарған артықшылықты акцияларды сатып аласыз. Айталық, аталған қоғамның Жарғысында қоғамның артықшылықты акциялар шығаруға құқығы бар және әр акция бойынша дивидендтер мөлшері 20 теңге мөлшерінде белгіленеді делінген. Демек, жылдық таза пайдадан (яғни барлық салықтар төленгеннен кейін) әр артықшылықты акция бойынша қоғам дәл осы 20 теңгені төлеуге міндетті. Айталық, сіз осы қоғамның 100 артықшылықты акциясын сатып аласыз. Демек, кезекті жылдық жиналыс өткізілгеннен кейін сізге 2000 теңге мөлшерінде дивидендтер (100 акция * 20 теңге= 2000 теңге) төленеді деп күтуге сіздің толық құқығыңыз бар. Егер сіз осы акциялардың әрқайсысын 100 теңгеден сатып алған болсаңыз, онда «А» акционерлік қоғамының артықшылықты акцияларына барлығы 10 000 теңге құйдыңыз. Енді жыл сайын 2000 теңге мөлшерінде дивидендтер аламын деп күтуге құқығыңыз бар. 10 000 теңгені сіз бір рет құясыз да, енді жыл сайын сіз аталған дивидендтерді алып отырудан салыстырмалы түрде нық сеніммен үміттене аласыз.

Біз неліктен сіз осы дивидендтерді алып отырудан салыстырмалы түрде нық сеніммен үміттене аласыз деп айтамыз. Себебі, егер қоғам өзінің жыл бойғы қызметінен кейін пайда алмайтын болса, акцияларды иеленушілердің барлығына дивидендтерді төлеу үшін қаражат та болмайды. Бірақ бұл орайда артықшылықты акцияларды иеленушілердің алдында қоғамның борышы пайда болады. Және де қоғам банкрот болып қалып, таратылып кетпесе, ол артықшылықты акцияларды иеленушілерге қарыз болған дивидендтердің бәрін төлегенше, борышы жинала береді.
Беркітілген дивидендтер алу бойынша осы құқық артықшылықты акциялардың ерекшелігі болып табылады. Себебі, жай акцияларды иеленушілердің мұндай құқығы жоқ. Жылдық таза пайда есептелген кезде, дивидендтер ең бірінші кезекте артықшылықты акцияларды иеленушілерге төленеді. Содан кейін барып жай акцияларды иеленуші акционерлер пайданың қалған бөлігінің тағдырын шешетін болады. Олар жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге қандай соманы бағыттауға болатынын айқындауға тиіс. Егер пайда шамалы ғана болса, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлегеннен кейін түк те қалмауы мүмкін. Немесе шамалы ғана сома қалады, оны келесі жылы да пайдамен тағы да осындай қолайсыз жағдай қайталанбас үшін, қоғамды дамытуға бағыттау керек болады. Сонда жай акцияларды иеленушілер құралақан қалады. Және де бұл жағдайда артықшылықты акцияларды иеленушілерден өзгеше, жай акцияларды иеленушілерге қатысты қоғамның боршы жинақталмайтын болады.
Алайда басқа жағдай да қалыптасуы мүмкін. Егер қоғам өте үлкен пайда алса, онда артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленгеннен кейін үлкен сома қалады да, жай акциялар бойынша дивидендтер артықшылықты акцияларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Ал артықшылықты акцияларды иеленушілер әр акция үшін тек өздерінің 20 теңгесін ғана алады.
Осылайша, біз жай акцияларды сатып ала отырып, әлдеқайда көбірек тәуекел ететінімізді көріп отырмыз, себебі дивидендтерді мүлде алмауымыз мүмкін, ал қоғам осы пайдасыз жылдар үшін дивидендтер төлеуге міндетті болмайды. Бірақ іс жақсы жүріп жатқан кезде жай акциялар бойынша табыс та артықшылықты акцияларға қарағанда әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Бұл орайда акцияларды сатып ала отырып, акционерлердің бәрі тәуекелге бас тігеді. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысаны құйылған қаражат бойынша пайда алуға жүз пайыздық кепілдік бере алмайды және беруге де тиіс емес. Кез келген инвестициялардың тәуекелдігі болады. Бірақ жай акцияларды сатып алған кезде бұл тәуекелдік жоғары.
Сонымен қатар, жай акцияларды акционерлік қоғам кез келген жағдайда шығаруға міндетті екенін білген дұрыс. Ал артықшылықты акцияларды қоғамның шығаруына да, шығармауына да болады.
Бұрын артықшылықты акциялар бойынша беркітілген дивидендтің мөлшері Жарғыда акциялардың атаулы құнының пайыздық арақатынасында көрсетілгенін, бұл құнның да осы Жарғыда көрсетілгенін айта кету керек. Мысалы, бір артықшылықты акцияның атаулы құны 100 теңге делік. Ал беркітілген дивиденд Жарғыда акцияның атаулы құнының 10%-ы мөлшерінде белгіленген. Демек, дивиденд 10 теңге болады (100 теңгенің 10%-ы 10 теңгеге тең). «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа Заң шыққаннан кейін акциялардың атаулы құны деген ұғым заңнамадан алынып тасталды да, артықшылықты акциялар бойынша беркітілген дивидендтің мөлшері енді ақшалай түрде көрсетіледі.
Жай акциялар мен артықшылықты акциялардың тағы бір айырмашылығы сол, жай акцияларды иеленушілердің акционерлердің жалпы жиналысында әрқашан да дауыс беру құқығы бар. Бір акция өзінің иеленушісіне бір дауыс береді. Егер сізде 100 акция болса, демек сіздің 100 даусыңыз бар. Дауыс беру кезінде дауыстар дәл осы санға негізделіп есепке алынатын болады. Сіздің акцияларыңыз, яғни жиналыстағы сіздің дауыстарыңыз қанша пайызды құрайтынын білу үшін дауыс беруші акциялардың бүкіл санын жүз пайыз деп алу керек. Егер сізде 100 жай акция болса, ал дауыс беруші акциялардың жалпы саны 100 000 болса, онда сізге жиналыстағы дауыстардың 0,1%-ы тиесілі.
Дауыс беру құқығы дегеніміз – бұл сіз сатып алған акцияларды шығарған акционерлік қоғамды басқару құқығы. Себебі акционерлік қоғам дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады деген кезде, бұл аталған қоғамның акционерлері өзінің жылдық жиналысына жиналып, көпшілік дауыстар санымен айқындалған мөлшерде және тәртіпте дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады дегенді білдіреді. Бұл орайда акционерлер кәсіпорынның бір жыл ішіндегі қызметінің нәтижелерін негізге алады. Бұл нәтижелерді акционерлік қоғамның басшылығы акционерлердің қарастыруына ұсынады. Яғни, кәсіпорын басшылығы осылайша өзінің бір жыл ішіндегі қызметі туралы акционерлердің алдында есеп беруге тиіс. Акционерлер өздерінің мәртебесі бойынша компанияның басшылығынан жоғары тұрады, себебі олар өздерінің басқару құқығының бір бөлігін басшылыққа табыстаған. Акционерлік қоғамның басшылары былайша айтқанда жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер, бірақ аса білікті жұмыскерлер, өз ісінің кәсіпқойлары болып табылады, оларды акционерлік қоғам солардың қол астында табыстырақ жұмыс істесін деп жұмысқа әдейі жалдаған. Егер басшылық осы негізгі міндетін дұрыс атқара алмаса, онда сол акционерлердің өздері жалпы жиналыста басқа басшыларды тағайындай алады. Бұл орайда теріс нәтижелердің әрқашан да акционерлік қоғамның басшыларының нашар жұмысына байланысты бола бермейтінін ерекше атап өту керек. Себептер басқа жағдайларға да байланысты болуы мүмкін. Сондықтан кәсіпорынның нашар жұмысының түп-тамырларын дұрыс анықтаудың маңызы өте зор. Бұл белгіленген мерзімдерде өзгерту ең бір майталман деген басшының өзінің де қолынан келмейтін жағдайлар болуы мүмкін. Басшылардың өздері өз кәсіпорындарының акционерлеріне айналатын жағдайлары өте жиі кездеседі. Бұл, демек, кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне олар әлдеқайда мүдделі болады, себебі, олар да оған өз қаражаттарын құйып, енді өздерінің жұмысы үшін еңбекақы алып қана қоймай, санымен қатар құйған ақшасы үшін дивидендтер алуды да жоспарлап отыр дегенді білдіреді. Бұл бірақ, акционер болып табылатын басшы әрқашан да басшы болып қала беруге тиіс деген сөз емес. Бұл тіпті де міндетті емес. Егер түрлі себептермен ол өзінің қызметінен бас тартса, немесе қайта сайланса, ол акционер болып қала береді, бірақ кәсіпорынның жұмысын басқармайды.
Әр акционердің акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған, ал оны іске асырудың тәртібі мен шарттары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда жазылған.
Жай акциялардан өзгеше, артықшылықты акциялардың акционерлердің жиналысында үнемі дауыс беру құқығы жоқ. Өйткені, оларды иеленушілерге мазасызданудың мүлде қажеті жоқ. Оларға кәсіпорын қалыпты жұмыс істеген жағдайда, беркітілген дивидендке кепілдік берілген.
Бірақ артықшылықты акцияларды иеленушілер акционерлік қоғамды басқаруға мүлде қатыспайды деп айтуға болмайды. Тек ақша жағынан беркітілген дивиденд түріндегі салмақты артықшылықтары болғандықтан, олардың бұл құқығы шектелген. Алайда артықшылықты акцияларды иеленушілер жиналыста дауыс беру құқығын иеленіп, белгілі бір шешімдерді қабылдауға өз үлестерін қосатын жағдайлар да болады. Бұл жағдайлар «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда тура көрсетілген.
Осындай жағдайлардың біріне акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге дивидендтер төлеу үшін белгіленген күннен бастап үш ай ішінде беркітілген дивидендтерді төлей алмайтын жағдай жатады. Мұндай жағдайда барлық артықшылықты акцияларды иеленушілер жиналысқа қатысып, шешім қабылдауға ықпал ете алуы үшін бұл акциялар дауыс беруші акцияларға айналады. Бұл дауыс беру құқығы оларға беркітілген дивидендтерді алуға деген өздерінің құқығын қорғап, іске асыра алуы үшін беріледі. Алынған дауыс беру құқығы шын мәнінде оларға қоғамның жұмысын түсініп, барлық акционерлермен бірлесе отырып, кәсіпорынның теріс нәтижелерінің себептерін анықтауға, және барлық акционерлермен бірге акционерлік қоғамның қызметінің қалпына түсуіне әкелуге тиіс шешімді таңдауға және қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұл орайда істердің жай-күйі қалыпты ағынына қайтып оралған бетте және артықшылықты акцияларды иеленушілерге дивидендтер төленген бетте бұл акциялар қайтадан дауыс бермейтін акцияларға айналады.
Бағалы қағаздар туралы баяндалған ақпараттың қорытындысын шығара отырып, жоғарыда айтылғанның барлығының «қалай болуға тиіс» немесе «неменеге ұмтылу керек» деген жайттардың санатына жататынын есте ұстау керек. Ал шын мән

12
скачать работу


 Другие рефераты
Компьютерные вирусы
Математика и окружающая действительность
Тема бала в русской класической литературе
Коммерциялық фирмалар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ