Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана

з еттi. Облыс орталықтары дами бастады. Экономиканың құрылыс материалдарын шығаруға, жол салуға негiзделген салалары, энергетика мен мәшине жасау өндiрiстерi аяғынан тұрды. Тұрғын үй құрылысы көз көрмеген қарқынмен даму үстiнде.

Астана құрылысы жалпы iшкi өнiмнiң екi пайызын бередi. Қазiр онда жүздеген компаниялар жұмыс iстеуде. Соның iшiнде шетелдiк компаниялар да бар.

Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiдегi бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк.

*   *   *

Өмiрi тың көтерумен басталған бұл далада нағыз астананы, қазiргi замандық қаланы құру мүмкiн емес деген сөздi талай естiген едiк. Алайда, тарих қазiргi Астана аумағы барлық уақыттарда адамдардың тiршiлiк құрған мекенi болғандығын көрсетiп отыр.

1998 жылы археологтар Астанадан 5 шақырым жердегi ортағасырлық Бұзоқ қаласын ашты. ХVI ғасырда қазiргi Астананың аумағы арқылы Сiбiр – Орталық Азия керуен жолы өткен болатын. Бұзоқ қыпшақ хандығының астанасы едi. Бiздiң қонақтарымыз бен Астана халқына жуық арада оның қазбаларымен көрiп-танысу мүмкiндiгi туады.

Ал революцияға дейiнгi Ақмола тарихы 1830 жылдан бастау алып, уездiк орталыққа айналғанға дейiн жалғасты.

Ақмола астана болып жарияланған сәтте 200 мыңнан сәл ғана астам тұрғыны бар қарапайым облыс орталығы едi. Қазiр қала халқы үш есеге өстi.

Астана Сарыарқа өзендерi мен көлдерiнiң қоршауындағы таза экологиялық белдеуде орналасқан. Олар аты аңызға айналған Бурабай көлi мен оның бүкiл аймағы, көркi көз тартқан Қорғалжын қорығы, Ереймен таулары және басқалар.

Дегенмен, соған қарамастан, бiз Астананың жасыл қорғаныш белдеуiн қалыптастыру үстiндемiз. Менiң тапсырмам бойынша 25 мың гектарға жуық алаңға ағаш отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi. Алғашқы өскiндердiң биiктiгi қазiр 12 метрге дейiн жеттi. Ендi тағы да 25 мың гектар жерге ағаш отырғызу жөнiнде жобамыз бар. Сонда жасыл алқап Көкшетау және Павлодар бағыттарына қарай созылып, үш ауданның аумағын жасыл желектер, ағаштар көмкеретiн болады.

Қазақстан астанасының қазiргi атауының да өзiндiк тағдыры бар.

Оны елiмiздiң атауымен Қазақстан деп атайық деушiлер де болды. Өскемендегi Кузнецовтардың отбасы тiптi Нұрсұлтан деп ат қояйық деген ұсыныс та жасады. Дегенмен, бәрi де мынаған келiстi: Ақмола атын қалай да өзгерту керек! Оның орнына Қараөткел, Есiл, Ишим, Сарыарқа деген атаулар да ұсынылды. Атауды өзгерту жөнiнде мен жатпай-тұрмай ойландым. Бiрде түн iшiнде, дәлiрек айтқанда, түнгi сағат екiде Астана деген атау менiң есiме сап ете түстi. Астананың аты – Астана. Пекин – солтүстiк астана деген ұғымды бiлдiредi екен. Ал Астана барлық тiлдерде де жақсы айтылады. Сұлу да жайдары және өте әуездi сөз. Оның халыққа жедел сiңiстi болып кетуiнiң бiр себебi де осыдан болса керек.

*   *   *

Бүгiн бiздiң жаңа астанамыз бүкiл әлемнiң назарын тағы да өзiне аударып отыр. Астана жедел даму үстiндегi Қазақстанымыздың жарқын бейнесi iспеттес. Ол елiмiздiң экономикасын алға тартып келедi.

Астаналық құрылыстың, астаналық жаңарудың қайнар көзiнен тек жақын маңдағы Көкшетау мен Қарағанды ғана емес, бүкiл облыс орталықтары мен елiмiздiң көптеген қалалары қуат алып отыр. Қазiр олар да танымастай өзгерiс үстiнде. Барлық салаларда, соның iшiнде қалалық инфрақұрылымдар бойынша да өзгерiстер аз емес. Дегенмен, Астананың дамуы тiптен бөлек.

Инвестицияның өсiмi мен құрылыстың қарқын алуы “Астана – жаңа қала” арнайы экономикалық аймағын құруға мүмкiндiк бердi. Ол инвесторлардың нарықтық мүдделерi мен мемлекеттiк басымдықтарды сәттi ұштастыра отырып, елорда дамуының қозғаушы моделiне айналды.

Астананың жедел салынуы бiздiң көз алдымызда құрылыс пен қалалық инфрақұрылым қызметiне байланысты болып келетiн бүкiл ел экономикасын биiкке көтердi.

Елорданы көшiрген алғашқы жылдары бiз қаражат iздестiруге мәжбүр болған едiк, бүгiнгi күнi бұл мәселе толықтай шешiмiн тапты. Қазiр Астана құрылысына құйылу үстiндегi әр жылғы инвестиция көлемi 2 миллиард долларға жуық. Оның iшiндегi бюджет қаражаттары бар болғаны 10 пайызды ғана құрайды. Оның өзi мемлекеттiк мекемелер ғимараттары үшiн жұмсалуда.

Астананың өзiндiк сәулеткерлiк стилi бар. Қаланың бас жоспарын жасау үшiн бiз әлем елдерiнiң 52 сәулеткерлiк ұйымдарын тартқан едiк. Солардың арасынан аса танымал сәулеткер Курокаваның жобасын таңдап алдық. Оның жобасы мемлекеттердiң еуразиялық одағы жөнiндегi идеямызға сәйкес келедi. Астананы – Еуразия жүрегi деуге болады. Өйткенi ол мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысында орналасқан, әртүрлi өркениеттер өкiлдерi бейбiт те үйлесiмдi өмiр сүрiп жатқан қала.

Астанада сәулеткерлiк құрылыстар мен кешендерге сән берiп тұрған күмбездердiң көптiгiн байқамау мүмкiн емес. Мысал үшiн Президент резиденциясын, Президенттiк мәдениет орталығын, Есiлдiң жағалауындағы биiк үйлердi айтсақ та жетiп жатыр. Көк күмбез – шығыстық стиль. Ол сәулеткерлiктегi ұлттық сипаттың көрiнiсiн аңғартады. Бұл ретте қазақтың киiз үйiн де еске түсiруге болады. Сондай-ақ қала құрылысында еуропалық жаңалық үлгiлерi де аз кездеспейдi.

Сөйтiп, бiз дәстүрдi сақтай отырып, сонымен қатар қазiргi замандық барлық жаңалықтарға ашық екендiгiмiздi танытып отырмыз. Бұл қаланың өзiндiк бiр ерекшелiгi болып табылады.

Құрылыс, даму мен прогресс – бұлардың бәрi өте қажет. Және олардың барлығы бiздiң қазақстандықтар үшiн жасалуда. Тұрғындардың жағдайын әрдайым есте ұстауға тиiстiмiз. Қала орталығындағы ғимараттарда офистер мен кеңселер орналасса, тұрғындар негiзiнен кең де жайлы коттедждер қалашығында қоныс тепкенi дұрыс.

Сондықтан қала басшылығының негiзгi мақсаты мынадай үш түрлi маңызды белсендiлiктi жүзеге асыру болып табылады. Олар: қала аумағындағы кәсiпкерлiктi экономикалық тұрғыда қолдау, оның тұрғындарына әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз ету және өмiр сүруге жайлы экологиялық орта қалыптастыру.

Нақ осы факторлар қаланың дамуына қажеттi iшкi және сыртқы инвестициялар үшiн қолайлы жағдай туғызатын болады.

 Құрылыстың алғашқы айлары туралы айтқанда, мен ойларымыз бiр жерден шыққан көптеген адамдарды еске аламын. Сол күндерi менiң қасымда болғандардың, қолдағандардың, жаңа астана үшiн жаны ауырғандардың барлығына алғысым шексiз. Олардың қатарында Астананы көшiру жөнiндегi комиссияның бiрiншi төрағасы болған Николай Михайлович Макиевский, қаланың бас жоспарын жасаған Кисе Курокава, Президенттiң Iс басқармасының бастығы болған Владимир Ни, қаланың бiрiншi мэрi Аманжол Бөлекбаев, ескi қаланы жаңартуға еңбек сiңiрген Әдiлбек Жақсыбеков және басқа да көптеген азаматтар бар. Қоныс аударған кезiмiзде астаналық облысты басқаруға Жәнiбек Кәрiбжановты қойдым. Бастапқыда жеңiл болған жоқ. Астананың аязы мен бораны туралы Иманғали Нұрғалиұлының (Тасмағамбетов) айтқан әзiл әңгiмелерi де есiмiзде. Алғашқы кездегi қиындықтарда қала кәсiпкерлерi де көмектерiн тигiздi. Тiптi олардың арасында өздерiнiң меншiктеген ғимараттарын мемлекеттiк мекемелердiң орналасуы үшiн бергендер де болды.

Сондай-ақ мен осы кiтаптың шығуына үлестерiн қосқан баспагерлерге, суретшiлер мен фотографтарға да алғысымды бiлдiремiн.

Бүгiнгi астана – бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала. Ол өсiп гүлдене берсiн!

12
скачать работу

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ