Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана



 Другие рефераты
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс казак әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды.

 

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана бесінші сағат белдеуінде тұр. Жергілікті уақыттың нөлдік меридианға қатысы жазда +06.00, қыста +07.00 сағат бойынша есептеледі.

 

1991 жыл. Күні кешегі алып империяның ондаған ұлттары дағдарыс үстінде. Миллиондаған халық абыржулы. Үш славян елі – Ресей, Украина, Белорусь – өзгелерден оқшауланғандай мінез танытты. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп, достықтың туын тіккен халықтар арасына жік түсу қаупі туды. Осындай аумалы-төкпелі заманда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағының 11 республикасы басшыларын Алматыға жинап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының іргетасын қалады. Күні кешеге дейін тату-тәтті өмір сүріп келген ондаған ұлттың өкілдерін мәмілеге шақырды.

 

1993 жыл. Қазақстанда қиын жағдай қалыптасты. Ресей елімізді рубль аймағынан шығарып тастады. Бірақ Қазақстан сасқан жоқ. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы күндердің күнінде осындай жағдайдың болатынын алдын ала болжап, қазақтың ұлттық валютасын – төл теңгесін айналымға әлдеқашан дайындап қойған еді. Ал теңгеміз қазір ТМД аумағындағы ең тұрақты валютаның бірінен саналады.

 

 Алматы. 1994 жыл. 6 шілде. Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің ғимараты. Депутаттар Президент Н.Ә.Назарбаевтың әдеттегі батыл шешімдерінің және бірінің куәсі болды. Ол – астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясы. Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былайша суреттейді: «1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты… Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін», деп қабылдаған шешімі залда жарияланды.

 

Бұл – Президент Н.Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылы көтерген стратегиялық шешім еді. Жоғарғы Кеңестің елорданы көшіру туралы шешімі елдің аса маңызды оқиғалары хронологиясында 1994 жылғы 6 шілде болып белгіленді.

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛОРДА ТОЙЫНА ТАМАША ТАРТУЫ

 

 

Астана күнiнiң қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың “Еуразия жүрегiнде” кiтабының тұсаукесерi өткiзiлдi

Өз тәуелсiздiгiнiң он үш жылында ғасырға жүк болар өзгерiстердi бастан кешкен Қазақстан Республикасы жедел дамып келе жатқан экономикасы бар, тиiмдi әлеуметтiк қорғау жүйесiн құрып, дамыту үстiндегi әлем таныған мемлекетке айналды. Ел байлығының жылдан жылға артып, адамдар тұрмысының жақсаруы жүрер жолымыз бен бетке ұстар бағытымыз жөнiндегi таңдаудың дұрыс болғандығын көрсетiп бердi.

Сол таңдау көрегендiлiгiнiң жемiстi нәтижелерiнiң бiрi ретiнде құрылысы қарқын алып, күннен күнге құлпыра түскен Астана қаласын айтуға болады. Астана қазiр айшықты сәулетi, даму қарқынымен әлем назарын өзiне аударуда. Мұны қалаға келiп кеткен қонақтардың бәрi айтып та жүр.

Еуразияның кiндiк тұсында қоныс теуiп, аты да, заты да асқақ елордаға айналған, еуразиялық идеяның өмiршеңдiгiнiң көрiнiсi ретiнде өмiр сүре бастаған Астана туралы жаңа кiтап жазылып, кеше оның тұсаукесерi болып өттi. Кiтаптың аты – “Еуразия жүрегiнде”. Авторы – Астана қаласының кiндiк әкесi, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұсаукесерде Елбасы сөз сөйлеп, кiтаптың жазылу себептерi мен мазмұны жайлы айтып бердi.

Сондай-ақ осы басқосуда Мәскеу мэрi Юрий Лужков, жазушы Ақселеу Сейдiмбек, сәулетшi Дэвид Уолтон, ақын Олжас Сүлейменов сөз алып, кiтап пен ел өмiрiндегi өзгерiстер туралы пiкiрлерiн бiлдiрдi.

Арқа төсiндегi ажарлы астанамыз Отанымыздың жүрегiне, тәуелсiздiгiмiздiң тiрегiне айналды. Бүгiн сiздерге Қазақ елiнiң қасиеттi төрi болып табылатын жаңа елордамыз жайлы жазылған “Еуразия жүрегiнде” атты жаңа кiтабымды таныстырғалы отырмын, деп бастады сөзiн Нұрсұлтан Назарбаев.

Қай кiтап болмасын адамның көңiл күнделiгi мен рухани толғаныстарының тоғысуы арқылы өмiрге келедi. Менiң бұл кiтабым да соңғы 10-12 жыл iшiнде қағазға түскен түрлi жазбаларым мен жекелеген күнделiктерiмнiң жемiсi.

Уақыттың сан алуан кезеңiнде, түрлi сапарларымда, тiптi шет мемлекеттерде жүргенiмде елiмiздi қалай көркейтемiн деген ойдың нәтижесiнде жазылған бұл жазбаларым мен естелiктерiм әрдайым жас та жасампаз Астанамызға арналып отырды. Осы жазбаларымды топтастыра келе мен тәуелсiз елiмiз бен жаңа астанамыз жайлы, оның толайым табыстары туралы бiр кiтаптық дүниенiң жинақталғанын бағамдадым. Көшу тарихы өздерiңiзге белгiлi. Шешiм қабылдау оңай болған жоқ. Тiптi күмәнданушылар да аз болмады. Сөйтiп бұл кiтапқа Астананың жаңа өмiрiндегi талай тарихи сәттер енгiзiлдi.

“Еуразия жүрегiнде” деген атаудың да символдық мәнi бар. Мен бұл кiтап тек бiздiң замандастарымызға ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшiн де қажеттi болады деп үмiттенемiн. Өйткенi, астана тарихы дегенiмiз – бұл тәуелсiз Қазақстанның тарихы. Астананың қарқынды дамуы – бiздiң елiмiздiң өркендеуiнiң жарқын белгiсi, халықтың болашаққа деген үмiтi мен сенiмiнiң символы. Бұл кiтапты менiң Астана күнiне тартуым ретiнде де қабылдауға болады.

 

*  *  *

Тәуелсiз Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы бұрыннан пiсiп жетiлдi. Түрлi себептерге байланысты Алматының жаңа тәуелсiз жас мемлекеттiң астанасының рөлiн алып жүре алмайтындығы белгiлi болды.

Алматы халқының саны қазiр 1 миллион 200 мың адамнан асып жығылады. Ол әуелгi баста 400 мың тұрғынға жобаланып салынған едi

Ендi арада сегiз жыл өткеннен кейiн көптеген алматылықтардың өзi елорданы Астанаға көшiру арқылы бiздiң Алматыны сақтап қалғандығымыз жөнiнде айтып жүр. Тiптi кейбiреулер бұл қадамға менiң Алматығы деген сүйiспеншiлiгiмнен, оны сақтау үшiн барғандығымды айтады. Қазiргi қаланы басып кеткен көлiктерге қарап бұл сөздiң де бекер емес екендiгiн байқайсыз. Таулардың арасында құлашын кеңге жая алмай тұрған Алматыны алғашқыда 120 шақырымға көшiрiп қондырсақ деген ойлар да болды. Дегенмен тақыр жерден инфрақұрылым салу дегенiмiз оңай емес едi. Онда бiз екi есе шығынға тап болар едiк.

 

*  *  *

Барлық уақытта және барлық елдерде астананы көшiру мемлекеттiң мүддесiмен берiк қабысып жататыны белгiлi.

Мұндай шешiмдi қабылдамас бұрын мен көп толғандым, барлық жағдайларды есепке алдым. Тарихшылармен, саясатшылармен, мәдениеттанушылармен кеңестiм. Әртүрлi мемлекеттердiң астаналарын көшiру тарихын зерттедiм.

Әлемде астанаға орын таңдаудың 52 өлшемi бар. Соның iшiнде бiрiншi кезекте оның мемлекеттiң ортасында орналасқаны жөн деп саналады. Жолдардың тоғысуы да маңызды рөл атқарады. Бiз де осы жағдайларды есепке алдық.

Сондай-ақ тарихта елдiң астанасын көшiру мысалдары да жетiп артылады. Бiрiншi Петрдiң Еуропаға қалай “терезе ашқанын” еске алайық. Ататүрiк астананы Ыстамбұлдан Анкараға көшiргенде Осман империясының өткенiмен қоштасып, Түркияны жедел даму жолына түсiру жайын ойластырған едi.

Астана мәртебесiн Алматыдан өзгерiс желiне есiгi ашық жаңа қалаға беру елiмiздiң тұтастай дамуына қуатты серпiлiс туғызды. Бiр сөзбен айтқанда, жаңа астана өзгерiстердiң символына айналуына тиiс едi және солай болып шықты да.

1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi.

Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды.

Бiрiншiден, ол Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады.

Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсiз елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң орталығында болуы тиiс едi.

Әшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де қажет болды. Ол ел экономикасы үшiн мультипликативтiк тиiмдiлiктi қамтамасы

12
скачать работу


 Другие рефераты
Платежные системы коммерческих банков
Акустические резонаторы
Фтор
Торговый менеджмент


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ