Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының климаты

сына дейiн С-қа дейiн°С, кей күндерi 41 — 46°созылады. Шiлденiң орташа темп-расы 23 — 30 көтерiлуi мүмкiн. Көктемнiң тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14—25%-ы түсiп үлгiредi, соның нәтижесiнде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлiк өсiмдiктер қаулап өседi.

 

    Қазақстанның қиыр оңт. бөлiгi жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорол. сипаттамалар ерекшелiктерiне қарай жеке оңт. шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелiгi: жауын-шашынның негiзгi мөлшерi (62—67%) наурыз айында түседi, жыл бойына 40 күндей қар қылауы байқалады, бiрақ та қар жамылғысы қалыптаспайды. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 245—260 тәулiк, С-тан жоғары ауаның орташа тәул. темп-расының жылдық жиынтық мөлш.°10 С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ,°4300—4600 160—170 күнге дейiн созылады.

 

    Су қоры. Қазақстан жерiнде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлiк ерекшелiктсрi ең алдымен климат факторларына, жер бетiне түсетiн жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелдi. Су қорларының iшiнде, әсiресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күштi. Бiрақ көпшiлiк өзен-көлдердiң деңгейлерi үнемi күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2—4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтiк аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бiрi — жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта бiркелкi таралмаған.

 

    Мұздық. Қазақстандағы жер бетi ағын суы қорының негiзгi көзi — мұздықтар суы. Таулық өңiрлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лiк 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетiсу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Iле мен Күнгей (610,7 км2), Терiскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жiктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлiк мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжiле тегiстелген шыңдарда). Осылардың iшiнде көбiрек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшiлiгi Қазақстан табиғатын (әсiресе таулы өңiрлерiн) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерiнiң есiмдерiмен аталған. Iле Алатауындағы Талғар массивiмен байланысты күрделi аңғарлық Корженевский мұздығы — Қазақстандағы аса iрi мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшiлiгiнiң қалыңд. 50 — 100 м, ал таудың жоғары беткейлерiндегi мұздықтардiкi 10—30 м.

 

    Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюi кезiндегi жоғ. және ерiп азаюы кезiндегi төм. бөлiктерi арасындағы шегi) абс. биiктiгi солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседi. Егер де Алтайда бұл көрсеткiш 2500—2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500—3800 м. Бұның өзiнде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердiң шекарасы 200—250 м төменiрек жатады. Қазақстан мұздықтары негiзiнен тым төмен темп-ралы келедi. Әсiресе, мұздың үстiңгi 12—15 м қабаты қыс кезiнде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейiнгi беткi С-ка дейiн ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расының°қабаты 0 төмендiгiне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуiне байланысты мұздықтар жылына 50—70 м-ге дейiн төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесiнiң) маусымы қалыпты жағдайларда 2—2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы — тау өзендерiнiң толығу көзi. Әр тау өзенi ағынының басталар жерiндегi суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлiгiндегiнiң 35%-ы мұздық суының үлесiне тиедi.

 

    Республика мұздықтары тартылуда. Кейбiреуiнiң ұз. жылына 5—20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05— 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлiгiнде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемi қалыптасқан; оның төм. шегi Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетiсу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейiн төмендейдi.

 

    Өзен. Қазақстан өзендерiн ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннiң iшiнде 84 694-i шағын (ұз. 100 км-ге дейiн), 305-i орташа (500 км-ге дейiн) және 23-i iрi (500—1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетiсу және Iле Алатаулары ылғалы мол таулы өңiрлердегi өзен торының жиiлiгi (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңiрлерге қарағанда жоғары, 0,4—1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердiң көбi Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлдi өңiрлерiнде өзен торының жиiлiгi тым сирек (0,03 км/км2-ге дейiн) келедi. Өзендердiң басым көпшiлiгi Каспий, Арал т-дерiнiң, Балқаш, Алакөл және Теңiз сияқты көлдердiң тұйық алаптарына жатады. Тек Ертiс, Есiл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен — Ертiс. Оның республика жерiндегi ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлiгiндегi ағыны 2 iрi су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының бiраз бөлiгi Ертiс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнiнен республикадағы екiншi өзен — Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егiн суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбiр жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы iрi өзен — Iленiң республика шегiндегi ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның iрi салаларының бiрi Шiлiк өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейiн ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.

 

    Батыс Қазақстан жерiн негiзiнен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерiнен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Iрi өзендер қатарына сонымен бiрге Есiл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бiрақ бұлардың кейбiреуiнiң деңгейi жазда тым төмендеп, кейбiреуi мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерiнiң көпшiлiгi жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлiнiп қалады. Бiразы көктемгi қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады. Қазақстан өзендерi толығу сипатына қарай 3 топқа бөлiнедi: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердiң көпшiлiгi көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды.

 

    Климат сипатына байланысты өзендердiң көп жылдық арын мөлшерi де үнемi өзгерiп отырады. Жазық өңiрлер өзендерi арынының орташа өзгергiштiгiнiң вариациялық коэфф. негiзiнен 0,80-нен 1,20-ға дейiн жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нiң ағын өзгергiштiгi кемiрек (0,58—0,80), ал Тобылдiкi көбiрек (1,50-ге дейiн) келедi. Тау өзендерiнiң жылдық ағын мөлшерiнiң ауытқуы онша болмайды, әсiресе Iле Алатауының солт. беткейiнен басталатын өзендер деңгейi тұрақты. Тау өзендерiнiң суы гидрохим. құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезiнде 200—300 мг/л, деңгейi төмен түскенде 500—600 мг/л-ге дейiн жоғарылайды. Жазық өңiр өзендерiнiң суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедерi мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгерiп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегi өзендердiң минералд. 100—200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейiн (төм. ағысында) артады.

 

    Өзендердiң лайлылығы жөнiнен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедерiне және өзен егiстiгiнiң шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны бiршама аз болады, лайлылығы 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңiрде ағатын Бат. Қазақстан өзендерiнiң лайлылығы тым жоғары (500—700 г/м3). Таулы аудандар өзендерiнiң лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50—100 г/м3-ге дейiн артады. Көл. Қазақстан көлдерiн ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-i шағын (ауд. 1 км2-ге дейiнгiлер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км2-ден астам iрi көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса iрi көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесiне Қазақстандағы барлық көлдердiң жалпы ауданының 60%-ы тиедi).

 

    Қазақстан аумағы бойынша көлдер бiркелкi таралмаған. Кейде бұлар бiр-бiрiнен жүздеген километр алшақ жатады, кейбiр өңiрде жиi орналасып, бiртұтас көлдер жүйесiн құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкiл Орт. және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км2-лiк аймаққа 3 км2-лiк көл айдындары болса, бұл көрсеткiш Орт. және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейiн кемидi. Қазақстан көлдерi пайда болуы жөнiнен тектоник. және экзогендiк түрлерге бөлiнедi. Каспий және Арал т-дерi, Балқаш, Алакөл, Теңiз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. iрi көлдер тектоник. қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендiк көлдерге Сiлетiтеңiз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдерi көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшiлiгi абс. биiктiктерi 100 м-ден 3500 м-ге дейiнгi борпылдақ төрттiк шөгiндiлердiң үстiнде орналасқан.

 

    Көлдердiң су жинайтын алаптарының ауданы көбiнесе 10-нан 320 км2-ге дейiн, ал шөлейт және шөл белдемдерiнде бұдан да аумақты келедi. Қазақстан көлдерi шарасында 190 км3 су ж

123
скачать работу

Қазақстан Республикасының климаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ