Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының климаты

иналған. Көктемде көлдер деңгейi 0,2 м-ден 6 м-ге дейiн көтерiледi. Жаздың ортасына қарай сiңу және булану мөлшерiнiң артуына байланысты көлдердiң деңгейлерi күрт төмендейдi, ал кейбiреуi кеуiп қалады. Төм. деңгей қазан—қараша айларында байқалады. Көпшiлiк көлдер деңгейiнiң орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлiк булануға кетедi. Көлдердiң су балансындағы жалпы кiрiстiң 10—90%-ы жер бетi ағынынан, 12—40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттiк жыныстар үстiнде қалыптасқан көлдер баланстары кiрiсiнiң 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлiлiгiмен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейiнiң өзгеруiне тығыз байланысты.

 

    Республика көлдерi су көлемiнiң 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңiз көлдерi, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келедi. Теңiз. Қазақстанның батыс және оңт.-батыс жағын, елiмiздегi iрi тұйық су айдындары — Каспий және Арал т-дерi шайып жатыр. Каспий т. — солт. (тереңд. 4—8 м), орта (780 м-ге дейiн) және оңт. (тереңд. 1000 м-ден астам) бөлiктерге ажыратылады. Арал т-нiң шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иiлген тұсында қалыптасқан. Деңгейi қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңiзi және Арал теңiзi). Жер асты суы. Алаптағы не кендегi су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты — жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлiнедi. Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңiнен тараған. Құрамы әр түрлi атпа, шөгiндi, метаморфтық жыныстардың жер бетiне жуық үгiлу аумағында (30—50 м-ге дейiнгi тереңдiкте) қалыптасады. Бұлар жер бетiне көбiне минералд. төмен (0,1—0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрiнде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар мен жаралу тегi әр түрлi жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнiмд. 5—7, кейде 10—15 л/с-ке жетедi.

 

    Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлiгiндегi, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңт. және Шығ. Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төм. мезозойдың әлсiз цементтелген терригендiк және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетiнде бұлақтар түрiнде кездеседi, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейiн) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10—35 л/с-ке жетедi. Жезқазған — Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады.

 

 

    Жарықшақтық және жарықшақтық-қабаттық сулар молаюдың қолайлы жағдайларында едәуiр су қорын жинайды. Таулы өңiрлердiң 860 мың км2 аумағына 800 м3/с немесе 25 км3/жыл жарықшақтық немесе жарықшақтық-қабаттық сулардың жиналатыны анықталды. Оның 16 км3/жыл мөлшерi Оңт. және Шығ. Қазақстан тауларының, 9 км3/жыл мөлшерi Сарыарқа мен Бат. Қазақстанның биiк жерлерiнiң үлесiне тиедi. Қабаттық жер асты сулары негiзiнен жазық аймақтардағы баяу цементтелген және цементтелмеген антропогеннен палеозойға дейiнгi терригендiк және карбонаттық жыныстардың қат-қабаттарынан орын алған. Қабаттық су жиналатын жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бiрнеше метрге, биiктеу өңiрлерде 0,5—1,5 км-ге, Шу-Сарысу, Арал маңы, Сырдария, Маңғыстау — Үстiрт өңiрлерiнде 3—6 км-ге, Каспий ойпатында 10—23 км-ге жетедi.

 

     Сулы жыныстардың жоғ. қабаттарында арынсыз грунт сулары, төменiректе арыны жоғары артезиан сулары қалыптасады. Тұщы және қышқылтым сулар өзен аңғарларында, эолдық құм алқаптарында, су айырықтық құмдық түзiлiмдерде және сонымен бiрге Каспий ойпатының шығ. бөлiгiндегi, Солт. Арал, Ортаңғы Маңғыстау, Сырдария, Шу-Сарысу, Iле, Ертiс маңы ойпаттарындағы бор шөгiндiлерiнде, пермь-триас, юра, палеоген-неоген шөгiндiлерi жиылған жекелеген телiмдерiнде бiрнеше метр тереңдiктен 500—1000 м (Iле ойысында 2700 м-ге дейiн) тереңдiктерде кездеседi. Минералд. 50—550 г/л тұздықтар Каспий ойпаты, Шу-Сарысу, Теңiз-Қорғалжын, Торғай қолатының орт. мен төм. горизонттарында, Маңғыстау мен Үстiрттiң едәуiр бөлiгiнде, Солт. Қазақстанда кеңiрек тараған. Жалпы қабаттық қоры 570 м3/с немесе 18 км3/жыл.

 

    Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3/жылға тең. Осы қорлар негiзiнде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттiк (потенциалдық) қоры 53 км3/жылға жетедi. Мұның 16 км3/жылдайы барланған (2000). Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстiк Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы, т. б. жер асты суының iрi қорлары саналады.

 

 Қаз.энциклоп. 5 том

123
скачать работу

Қазақстан Республикасының климаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ