Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық тұрақтылықтың және ұлттық бірліктің негізі

кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» (14-бап, 2-тармақ);

-            «нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты … насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» (20-бап, 3-тармақ);

-            «ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» (39-бап, 2-тармақ).

Конституция ережелерінің осы ұлттық бірліктің, қоғамдық келісімнің бұзылмауын қорғайтын ережелеріне баса назар аудару бүгінгі күні аса маңызды екендігіне ерекше тоқталып өткенді жөн деп санаймын. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп отырған этно саясаттың Қазақстандық үлгісі нәтижесінде әлем назарын аударып отырған ерекше ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім, бейбіт қоғам қалыптасты. Бұл тиянақты жүргізіліп келе жатқан салиқалы ұлттық саясаттың және барлық этникалық топ өкілдерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілген тарихи игілік. Міне осындай нәтиженің қандай да болмасын ұлтаралық татулықты бұзатын, этникалық кикілжіңге алып келетін әрекеттерге ұшырамауы жіті назарда болуы тиіс. Меніңше бұл салада еліміздегі «уыздай ұйыған» татулық пен келісімді бұзатын әрекеттерді алдын ала анықтап жедел қарсы тұрудың механизмін жетілдіруіміз қажет. Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының қылмыстық, әкімшілік заңнамаларында мұндай әрекеттерге нақты жауапкершілік қарастырылған. Алайда, азаматтарымыздың бауырмал сезіміне ірткі салатын әрекеттер мен көзқарастардың орын алуы мен қарапайым құқық бұзушылық немесе қылмыстық әрекеттердің салдарынан алауыздық ұшқынының тұтануының алдын алатын салмақты әрі сарапталған шараларды жедел әрі жүйелі ұйымдастырудың тетіктері әлі де жоқтың қасы. Осы орайда, ойламаған жерден орын алып, ұлтаралық татулықты бұзатын, ұлттық бірлікке нұқсан келтіретін әрекеттерге нақты жауап беруге қауқарлы кешенді шаралар ойластырылуы керек деп ойлаймыз.

Қорытындылай келгенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері елімізде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда демократиялық әдістерді, еріктілік, теңдік әділдік принциптерін қолдануға және адам құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтауға әрі қорғауға негізделген деген тұжырымға келеміз. Демек, Конституция еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылықтың және ұлттық бірліктің берік негізі әрі кепілі болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н. Назарбаев Қазақстандық жол, – Қарағанды, 2006. – 372 бет.
  2. Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы, 2010 жыл.
  3. Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональное отношение в Республике Казахстан. Алматы, 1996. -75с.
  4. Оспан Е. Этникалық топтардың парламентте өкілдік етуінің құқықтық негіздері: Қазақстандық тәжірибе және шет елдердегі парламентаризмге салыстырмалы талдау // Представительная власть в Казахстане/Под. общ. ред. Б. Байкадамова – Астана, 2009. С–115-131, – 190с. С–115-131,

 

Орманова Ш.Ш.

к.ю.н., доцент

кафедры теории и истории

государства и права,

конституционного права

12
скачать работу

Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық тұрақтылықтың және ұлттық бірліктің негізі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ