Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық тұрақтылықтың және ұлттық бірліктің негізі



 Другие рефераты
Қазақстанның конституциялық дамуы мәселесіне Конституция – Қазақстан Республикасының демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының негізі Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізудің саяси құқықтық негіздері Заңды тұлға

Біздің еліміздің тарихында 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы жаңа Қазақстанның іргетасын қалаған құжат ретінде бағаланатыны даусыз. Конституция мемлекеттік құрудың алғашқы кезеңдеріндегі тарихи қиын сәттерден сабақ ала отырып, жаңа мемлекет құру үшін, күрделі өзгерістерге бел шешіп кіріскен саяси басшылықтың тікелей бастамасымен бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Конституциясының он бес жылдық қызметіне баға бере отырып оның өз мұраттарына адал қызмет атқарып келе жатқандығын айта аламыз. Еліміздің Конституциясы Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға қызмет атқарып келеді. Конституция елімізде қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, оның саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда қарыштап дамуына негіз болып отыр. Бұл туралы Президентіміз Н. Назарбаев «1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстанда реформаны жүргізудің аса қуатты серпіні болғанын мен мақтанышпен айта аламын. Көп жағдайда, оның ережелерінің арқасында, аздаған мерзімдердің ішінде ғана жас мемлекеттің экономикасы мен саясатында ұлтаралық тұрақтылықта аса үлкен жағымды нәтижеге жеттік»[1, 91-б.] деп жазды.

Қазіргі заманғы саяси теорияда Конституция институты – қоғам мен мемлекеттің негізгі актісі ретінде оның өмір сүруі мен дамуының стратегиялық тұжырымдамасы бекітілген жалпы ұлттық әмбебап құрал деп танылады. Дамыған өркениетті қоғамдардағы конституция – мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында тікелей қолданылатын әрі құқықтық әлеуеті зор құжат.

Соңғы кезеңдерде, көптеген мемлекеттерде конституциялардың әлеуметтік қатынастарды оның ішінде этникалық қатынастарды реттеудегі маңызының артып келе жатқандығын байқауға болады, мұндай үрдісті әсіресе 20 ғасырдың 90 жылдары қабылданған көп этникалық елдердің (атап айтқанда Белгия, Босния және Герцеговиния, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония т.б.)  конституцияларынан анық көре аламыз. Талдау көрсеткендей әдетте конституцияларда алдымен, қоғамның ұлттық бірлік сипаты айқындалып, жеке тұлғаның мәртебесі, оның ішінде этникалық ерекшеліктеріне қатысты адам құқықтары мен бостандықтары бекітіледі және мемлекеттегі этникалық қатынастардың реттелуінің негізгі ережелері мен шегі белгіленеді. Тиісінше, көп этникалық қоғам конституциялары қоғамның этникалық тұрғыдағы тұрақтылығын қамтамасыз етуші нақты ережелерге ие.

Қазақстан Республикасының Конституциясында да еліміздің көп этникалық құрамынан туындайтын ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нақты нормалар бекітілген болатын. Бұл ережелер ұлттық саясатты жүргізуде бүгінгідей нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті.

Үстіміздегі жылы елімізде ерекше маңызы бар құжат «Қазақстанның Ел бірлігі Доктринасы» қабылданды. Тұтас қоғамды қамтыған талқылаулардан кейін дүниеге келген осы стратегиялық құжатта Қазақстанның ұлттық саясатының өткеніне баға беріліп, алдағы болашақтағы басымды принциптер анықталды. Доктринада «егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады»[2,] деп көрсетілді.

«Ел бірлігі» доктринасы оны талқылау барысындағы азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстары еліміз үшін ұлттық саясатты жүргізуде ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім және ұлт бірлігінің мызғымастығы алдынғы кезектегі маңызға ие екендігін тағы да дәлелдеп берді. Ұлттық саясаттағы осы басты мұраттар біздің Конституциямыздың ішкі рухымен үндес және ішкі тұрақтылық пен келісімнің, ұлттық бірліктің мызғымастығы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуының негізгі факторына болып қала бермек.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне талдау жасай отырып ондағы этникалық тұрақтылықты қалыптастыруға және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нормаларға баға беру үшін оларды мазмұндық сипаты бойынша төмендегідей үш топқа бөліп қарастыруды ұсынымыз:

Біріншіден, мемлекеттің ұлттық бірлік сипатын айқындайтын ережелер;

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғамның ұлттық бірлік сипатын айқындаушы ережелер еліміздегі барлық этникалық топтарды біртұтас «Қазақстан халқы» деп саяси-құқықтық баға беріп, ұлттық бірліктің негізін бекітеді.

Бірқатар ғалымдарымыз, 1993 жылғы Конституцияның дағдарысқа ұшырауының бір себебі ретінде осы құжатта белгіленген ұлттық бірлік идеясының Қазақстан халқының ортақ саяси-ұлттық біртұтастығын қамтамасыз етуге қауқарсыз болуынан деп пайымдайды.[3, 16−19-б.б.]. Шын мәнінде түрлі этникалық, мәдени ерекшеліктерден тұратын қоғамның бір бөлігінің өзін жат сезінуіне алып келетін идея ешқашан да ол қоғамдағы бірліктің бастауы бола алмайды. Тек тең және ерікті негіздегі қоғамдық келісім жолымен жақындасуға, бірлесуге арқа сүйейтін конституциялық идея ғана этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, бірін-бірі жатсынбас біртұтас азаматтық қоғамның қалыптасуына, ұлттық бірлікке жол ашады.

Өз кезегінде конституциялық реформаларды талап еткен осы мәселе жаңа конституцияны қабылдауда сабақ боларлық сәттердің бірі болатын. Соған байланысты, 1995 жылы қабылданған Конституцияда ұлттық бірліктің «азаматтық ұлт» үлгісі бекітілді. Конституция преамбуласындағы «біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып өзімізді …  татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып … осы Конституцияны қабылдаймыз» делінген сөздегі конституциялық идея Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқылы, ерікті азаматтарының саяси қауымдастығы ретінде танып, олардың этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан бір елдің азаматы ретінде сезінуіне, жақындасуына, ұйымдасуына және қоғамдық келісімге әрі бүгінгідей ұлттық бірліктің қалыптасуына жол ашты.

Екіншіден, этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұлттық бірліктің дамуына ықпал етуші ережелер;

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында әлем елдері конституцияларының ешбірінде де кездеспейтін ерекше норма бекітілген. Онда қоғам мен мемлекеттің және еліміздің әрбір азаматының қызметінде басшылыққа алынуы тиіс деген тұжырыммен жазылған «Республика қызметінің түбегейлі принциптері» анықталған. Оның қатарында «қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», «қазақстандық патриотизм» принциптері бар. Осы норманың конституция жобасын әзірлеу барысында заңгер ғалымдардың мұндай нормалар конституциялық тәжірибеде жоқ екендігін дәлелдеуіне қарамастан Президентіміз Н. Назарбаевтың жеке бастамасымен енгізілгені мәлім. Бүгінде осы ережелер еліміздегі ұлттық саясаттың басты принциптері болып отыр.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясында:

-  мемлекеттік тілдің қазақ тілі болып бекітілуі және мемлекеттің Қазақстанда өмір сүруші өзге де этникалық топтардың тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік беруі. (7-бап);

-            «Әркімнің қай ұлтқа … қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеуге» құқығының (19-бап, 1-тармақ);

-            «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым-қатынас тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға» құқығының танылуы (19-бап, 2-тармақ) еліміздегі этникалық тепе-теңдікке конституциялық кепілі болып табылады.

1995 жығы Қазақстан Республикасының Конституциясына уақыт сұрақтарына дәл жауап беру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды. 2007 жылғы осындай өзгерістер нәтижесінде Қазақстан Республикасында этникалық топ өкілдерінің қоғамдық-саяси өмірге тікелей қатысуы негізінде, олардың Парламентте өкілдік етуінің конституциялық негізі қаланып, тәжірибеге енгізілді, елімізде этникалық саясатта тікелей демократия тәсілі пайда болды. Сол жылы өткен Мәжіліс сайлауында алғаш рет тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы Мәжіліске сайлады. Тиісінше, ұлттық саясаттың жетекші әрі ерекше институты Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық құрылымға айналып, оның мәртебесін бекіткен заң қабылданды.

Ғалымдардың атап көрсетуі бойынша бүгінде әлемде 34 елде парламенттің төменгі палатасында, ал, 17 елде жоғарғы палатасында ұлттық азшылықтарға (бір орыннан ондаған орындарға дейін) заңнамалық квоталар қарастырылғын. Алайда, салыстырмалы талдау көрсеткендей осындай өкілдік беруде электорат ретінде түбінде этносаралық қарым-қатынастың саясилануына алып келетін тұтас халық емес, этникалық жағдайға баға беруге құзіретті Қазақстан халқы Ассамблеясының таңдалып алынуы Қазақстандық үлгінің тиімділігін еселей түседі [4, 115-131б.б.].

 Конституциямыздағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ережелердің маңызды бөлігін ұлттық бірлікті қорғаушы ережелер деп атауға болады. Бұл ережелер сипаты бойынша еліміздегі этникалық татулық пен тұрақтылықтың шырқын бұзатын әрекеттерге тыйым салу мен осындай әрекеттерді айыптаудан тұрады. Атап айтқанда:

-            «мақсаты немесе іс әрекеті … әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни,  тектік, топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктерді құруға тыйым салынады» (5-бап, 3-тармақ);

-            «тегіне … нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына байланысты немесе

12
скачать работу


 Другие рефераты
Методика преподавания имени существительного
Статус в социологии и социальной психологии
Курсовая по дореволюционному кино
Правовое регулирование деятельности дилеров и дистрибьюторов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ