Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден  кодексімен айқындалады.

  — Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды  ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт.

  — Төлеушілер, салықтарды  есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады.

  — Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

    Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар:

1.           Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін – адваларлық ;

2.           Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін – ерекшелікті;

3.           Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді.

   Қазақстан Республикасының  кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:

1.           Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді.

2.           Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

    Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.

    3.  Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

    Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.

    4.  Алдын ала шешім үшін төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.

 

     Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады.

     Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге  жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.

     Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

     Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.

     Кеден тарифтері – тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.

     Тариф – түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.

2. Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.

             2.1  Қазақстан Респулбикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына

 кіруі ерекшеліктері.

 

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселелеріне тоқтамас бұрын, «Дүниежүзілік Сауда Ұйымы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік.

1994 жылға дейін жұмыс істеген ГАТТ (Генеральное соглашение по тарифам и торговле) ұйымының нормаларын ескеріп отыратын ДСҰ өз қызметін 1995 ж. 1-қаңтардан бастады.

ДСҰ жалпы институционалды шектеулерді құруды қарастырады. Жаңа ұйым өз қызметтерінде жанжалдарды реттеу ережелері туралы Меморандумын және сауда саясатын қайта қарастыру Механизмін жетекшілік ету керек.

ДСҰ-ның негізгі мақсаты болып өмір деңгейін жоғарылату үшін мүше мемлекеттердің коммерциялық және экономикалық бағытын мыналар арқылы жүзеге асыру болып табылады:

-         толық жұмысбастылықты қамтамсыз ету;

-         тауар мен қызметтердің өндірісін және сауда айырбасын өсіру;

-         ұзақ мерзімді даму, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шикізат көздерін оңтайлы пайдалану.

Сыртқы сауданы реттеуді қолдану үшін ГАТТ-ның Уругвайлық раунд шешімі негізінде және басқа да кейбір келісімдер бойнша рұқсат етіледі.  Мысал үшін келесідей шараларды қолдануға рұқсат беріледі:

o       -экономикалық емес мақсаттардағы сыртқы сауданы әкімшілік шектеу;

o       -экономикалық тығырықтан (ұлттық өндіріске келтірілген зиян, төлем балансының тепе-теңдігінің бұзылуы және т.б.)шығу мақсатында сыртқы сауданы әкімшілік шектеу;

 

 

o       -шетел тауарларын жабдықтаушылардың әділетсіз бәсекелестігін       қатаң  шектеу;

o       -экспорттаушы және импорттаушы елдердің фирмалары немесе үкіметінің өзара келісімі бойынша эспорт пен импортты ерікті түрде шектеу.

Алайда, кейбір экономикалық емес мақсаттарда қолданылатын шаралар, саналы түрде протекционистік мақсаттарда қолданылады. Сонымен қатар 2000 жылы экспорт пен импортты ерікті түрде шектеу жойыту керек болатын, ал әділетсіз бәсекелестікті шектеу шараларының жұмыс ітеу мерзімі 5 жылға дейін шектелді.

 2001 жылы ДСҰ-ға кірген  ҚХР-дың мысалы осы саладағы мәселелердің бар екендігін куәландырады. Қытай 200 маңызды ескертпелермен ДСҰ-ға қабылданды. Сонымен қатар, Қытай шетел инвесторларына өзінің ішкі сақтандыру нарығын толығымен ашу керек және ел экономикасының дамуында маңызды роль атқарған арнайы экономикалық аймақтардағы инвестициялаудың ерекше шарттарын жою керек болды. 15 жыл ішінде Қытай нарықтық экономикасы бар мемлекет деп саналмайды, яғни қорғаныс ретіндегі антидемпингтік процедураларды қолдана алмайды және ДСҰ-ның Roster сотына шағымдана алмайды. Бұнымен мемлекет ДСҰ-ға қайта қабылданған мүшелерінің маңызды құқықтарының бірінен айрылған болып табылады. ҚХР-ды қабылдау кезіндегі алдына қойылған шарттарға сай келуінің көзқарасына сәкес ДСҰ экономика саласындағы және экономиканы реттеу тәжірибесіндегі елдің заңнамасына мониторинг жүргізеді.

ДСҰ-ға кірген жағдайда Қазақстан Республикасының енді дамып кле жатқан өндірісіне экономикалық қауіп төнуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ДСҰ-ға мүше елдер протекционизмді қолдана алмайтындығы белгілі болып тұрған жағдайда олардың, яғни отандық өндірушілердің өндіріс мүмкіншіліктерін нашарлауына әкеліп соғады. Мысалы, технологияның дамымау салдарынан кластерлік жүйені кемеліне дейін жеткізу ұзаққа созылып жатыр, тіптен қанша уақыт алатыны белгісіз. Ал дамыған елдердің ДСҰ-ға кіруі кедергісіз болмағаны жоқ, оның өзінде ол мемлекеттердің экономикасы біздің елге қарағанда анағұрлым жоғары болатын (Австрия, АҚШ, ҚХР).

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру мәселелерін қысқа уақыт мерзімінде шешу мүмкін емес немесе ол шешім оңды нәтижелерге әкелмейді. Себебі коптеген елдер, мысалы ҚХР мен Араб Әмірлігі сияқты елдер ДСҰ-ға кірмес бұрын олардың алдында тұрған шарттарды орындау үшін көптеген жылдар бойы дайындалды. Олар өз заңнамалары мен нарыққа деген дәстүрлі козқарастарын өзгертуге мәжбүр болды, ал оны кез-келген мемлекет жүзеге асыра алмайды.

ДСҰ сияқты ұйымға Қазақстан Республикасының кіруі біздің өнімдеріміздің сертификациясын, стандартизациясын және, әрине, оның сапасының жоғарылауын білдіретін болады. Дегенмен, олар жалпы ел үшін және ұлттық экономиканың жеке салалары үшін маңыздылығы жағынан бірдей емес, тіпті қарама-қайшы  болуы айқын. Мұнымен ДСҰ-ға кіру жайлы радикалды көзқарастарды түсіндіруге болады.

 

 

 

 &nbs

12345
скачать работу

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ