Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

;

-   ҚР әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау;

ҚР кеден тарифі Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатурасы ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, заңға қатысты көрсетілгеннен өзге өзгермейді.

Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын енгізу мөлшерлемелері заңды негізде екі есе артады.

Шығарылатын тауарлардың баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданылатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары ҚР Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып табылады.

ҚР « ҚР кеден ісі туралы заңы» заңы кеден төлемдеріне арналған 40-баптан тұрады.

Заң мынадай кеден төлемдерін (баж, алым, төлем) қарастырады: кеден бажы, мезгілдік баж, арнайы баж, демпингке қарсы баж, өтемдік баж; кеден органдарының лицензия бергені үшін алынатын алым; кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алынатын алым, кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымы, тауарларды сақтау үшін алынатын кеден алымы, тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы, ақпараттандырғанымен кеңес бергені үшін ақы, алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы, кеден аукциондарына қатысқаны үшін төлемақы.

Бұдан кейінгі өзгерістерде кеден бажының өзінен басқа, сондай-ақ ақпараттандырғанымен кеңес бергені үшін және кеден аукциондарына қатысқаны үшін төленетін төлемақыдан басқа барлық баждар алынып тасталды.

                                 Қорытынды.

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондықтан тауар өндіріген елді анықтаудағы мақсат – Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында кеден саласы – сыртқы сауданың реттелуіне өз үлесін қосып, ел экономикасының өркендеуіне өз ықпалын тигізуде.

Қолданған әдебиет тізімі

 

1.     Андреещев Р.Ю. «Один шаг вперед, два шага назад», электронды құжат: http://www.ebiblioteka.ru/ sources/ article;

2.     Андреещев Р.Ю. «Проблемы торгово-экономических отношений России и Казахстана» Доклад на научной конференции «Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века», ақпан 2001. РФ СІМ Дипломатиялық академия. http:// www.ebiblioteka.ru;

3.      Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж;

4.     Ержанов «Халық аралық экономикалық қатынастар» Алматы 1999 ж;

5.     Жуков Е.Ф. «Халықаралық экономикалық қатынастар»  Москва 1999ж;

6.     «К  вопросу о межрегиональном приграничном сотрудничестве с Казахстаном» Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 2000 ж шілде, www.ebiblioteka.ru;

7.     Майдан-Әли Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 ж;

8.     Мамыров Н.Қ «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998ж;

9.     «Международная экономика» I том Москва «Международные отношения» 2000 г;

10.Николаенко В. Россия и Казахстан. «Международная жизнь», 1998. №11-12;

11.Ресей-Қазақстан Сауда-экономикалық сабақтастығы. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1999 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;

12. Сахариев С.С, Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» I том, Алматы 2003 ж;

13. Семенов К.А. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1998ж;

14. Стюарт Ю. «Соглашение о партнерстве между ЕС и Казахстаном – спустя 5 лет». Мысль – 2005 №2;

15. Саясат журналы «1999 жылдың I жартысындағы Қазақстан Республикасы экспортының даму тенденциялары» 1999 ж тамыз;

16. Токаев К. «Политика новой эпохи» РФ 1999 №19;

17. Экономика Республики Казахстан. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1997 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;

12345
скачать работу

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ