Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

егі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

4)   облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

5)   заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

                       Облыстық сот алқалары

 

1.    Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

2.    Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.

3.    Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

          Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4.    Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған  құрам түзуі мүмкін.

 

         

                    Облыстық сот төрағасы

 

1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

1)   судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2)   қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3)   қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

4)   облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;

5)   алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;

6)   облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

7)   соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

8)   сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;

9)   өкімдер шығарады;

10)         соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

11)         азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

12)         заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2.Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

3.    Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

 

           Облыстық сот алқаларының төрағасы                           1.Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1)   алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2)   алқа отырыстарында төрағалық етеді;

3)   сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4)   сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5)   соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;

6)   заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.

 

 

Облыстық соттың жалпы отырысы

 

1.Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:

1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;

3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;

4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

5) уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;

6) облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды;

7) аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті  қорытындылар жасайды;

8) уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;

9) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді;

10) заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады;

2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

3. Облыстық соттың  жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады.

 

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Жоғарғы Соттың өкілеттігі

1.    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық  және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды  жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

2.    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1)   өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;

2)   сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3)   сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

4)   заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.   

 

            Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

1.    Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

2.    Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1)   қадағалау алқасы;

2)   азаматтық істер жөніндегі алқа;

3)   қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4)   соттың жалпы отырысы.

3.    Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық  кеңес және баспа органы құрылады.

 

                  Жоғарғы Сот алқалары

1.    Ж

123
скачать работу

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ