Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

оғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын –алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын  Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.

2.    Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

3.    Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4.    Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және  қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

 

                Жоғарғы Сот Төрағасы

 

1.    Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

1)   судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2)   қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3)   Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;

4)   Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;

5)   Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми –консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

6)   Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

7)   Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

8)   Алқалардың жұмысын үйлестіреді;

9)   Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;

10)         азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:

11)         өкімдер шығарады;

2.    Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:

1)   Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;

2)   Соттардың тиісті  жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;

3)   Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы , Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;

4)   Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;

5)   Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындаған жағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;

6)   Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;

7)   Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;

8)   Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

9)   Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3.    Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.

4.    Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.

123
скачать работу

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ