Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

аталмыш компанияның  иелігінде 2005 жылдан бермен 99,17% үлеспен Атырау мұнай өңдеу зауыты [6], ал 2009 жылдың тамыз айынан Павлодар мұнай өңдеу зауытының 58% акциясы бар [7], сондай-ақ, Шымкенттегі зауытқа қытайлық СNPC зауытымен ортақ құқыққа ие [8]. Демек, казақстандық мұнай өңдеу кешені толығымен мемлекеттің қарамағында.

Өткен жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі «ҚР 2009-2015 жылдарға мұнай өңдеу зауыттарының дамуының кешендік жоспарын»  арнайы қаулымен бекітті. Жоспардың басты мақсаты – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни  мұнай өнімдерінің басты түрлерімен ішкі сұранысты толықтай қанағаттандыру, сонымен қатар жаңа технологияларды ендіру және тиімділік пен экономикалық кайтарымның деңгейін көтеру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр.

Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, заң шығарушының да, өкілетті органның да, жер қойнауын пайдаланушылардың да назарына көмірсутекті өндіру және тасымалдаудың халықаралық мәселелері, энергетикалық саланың экономикалық аспектілері, жер қойнауын пайдалану облысындағы заңнамалық базаның мінсіз еместігі және оны дамыту, салық салу мәселелері бойынша сот тәжірибесі және де басқалар ілігуде.

Алайда, қазақстандықтар үшін қазіргі кезде де, болашақта да мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саясат қажет, ол үшін еліміздің аумағында мұнай өңдеуші зауыттар, машиналар жасау, қызмет көрсету орталықтарын, материалдық-техникалық және азық-түлікпен қамтамасыз етуші әлемдік стандартқа сай отандық кәсіпорындар қалыптастыру жұмыстарын мемлекет тарапынан қатаң бақылаумен қолға алып, бар күшті пайдалану керек. Оның ішінде мұнайхимиясын баса атап өтсек, сонымен қатар өндірістің, яғни химияның интенсивтік өсуінің немқұрайды куәгері болып отыру бізге тым қымбатқа әрі орны толмас салдарға алып келерін басынан ойластырған абзал. Ол үшін қоршаған ортаға келтірер залалы минималдық жаңа процестерді ойлап табу, бұрыннан барды жетілдіру жолдарын қарастыру, ол үшін осы бағытта ғылымның дамуына мемлекеттік нақты қолдау шаралары алынуы тиіс.

ҚР Парламентінде жер қойнауына қатысты жаңа заңның жобасы талқылануда [9].

 

  1. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева во Весмирном экономическом форуме в Давосе (Швейцария, 1995г)// http:// www.akorda.kz.
  2. Даумов А. Недропользование Республики Казахстан. (adaumov@gratanet.com).
  3. Выступление Президента РК Н.А.Назарбаева на 20-м пленарном заседании Совета иностранных инвесторов при Президенте от 05.12.2008 г// http:// www.akorda.kz.
  4. Смирнов С., Домнин С. Форсаж патриотизма //Эксперт Казахстан. 2009 г14 декабря (www.nomad.su/)
  5. Зиманов С.З. Государство и контракты в сфере нефтяных операций. Алматы, «Жеті жарғы», 2007.- 42 с.
  6. Википедиядан материал ( www.wikipedia.org/wiki/)
  7. Под крылом осударства//Нефть и капитал, №09/2009 (www.indpg.r/nik/2009/09/26743.html).
  8. Модернизация нефтеперерабатывающих заводов не решит проблем комплексной переработки сырья и ликвидации дефицита ГСМ// (www.vashdom.kz/newstext22093.htm).
  1. Майер Н. На равных с инвесторами// Деловой Казахстан Республиканская экономическая газета, Астана, № 34, 2008 г5 сентября.  (www.dknews.kz/)

Газизова Салтанат Казбековна

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясы «Сот төрелігі» институтының

2 курс магистранты

12
скачать работу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ