Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ



 Другие рефераты
ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗІ ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫНЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА МӘСЕЛЕСІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Барлық қазақстандықтардың мүддесі үшін мемлекетіміздің жер қойнауына қатысты ұстанған саясатының бағыты аса маңызды. Мемлекеттің осы саладағы саясатын анықтау үшін жер қойнауын реттейтін заңнамаға талдау жасау жеткілікті.

1996 жылы қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (ары қарай — Жер қойнауы туралы Заң), 1995 жылы қабылданған «Мұнай туралы» заң өз уақытында позитивтік рөлдерін атқарып, жер қойнауын барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеуге қатысты құқықтық қатынастардың кешенінің дамуына серпін берді. Сондай-ақ, ол қатынастарға азаматтық, салық, әкімшілік, кеден, экологиялық құқықтары  құқықтық институттарының да дамуы әсерін тигізді.  Соның нәтижесінде жер қойнауын пайдалану аясын реттейтін құқықтық нормалар біртұтас әрі өзара тәуелді құқықтық жүйені түзді. Алайда, бұл құқықтық жүйе, жалпы алғанда, нарық жағдайында жер қойнауын пайдалану қатынастарының ресурстық аспектісін реттеуге бағытталған. Сол кездегі мемлекеттің саясаты қайтадан орнына келмейтін жер қойнауының ресурстарын пайдалануды оңтайландыру мақсатында аталмыш саланы барынша дамыту үшін шетелдік капиталды отанымызға тарту мен әлемнің озық тәжірибесі мен технологияларын пайдалануды көздеді (қазіргі кезде компания «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-нан өзге Қазақстандағы негізгі мұнай өндіруші компанияларға шетелдік инвесторлар ие). Ол саясат жер қойнауын қорғау және тиімді пайдаланумен байланысты көптеген мәселелерді шешпеді.

Мемлекеттік саясаттың Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа шикізат көзі ретінде таныстыруымен елге көптеп инвестиция салушыларды тарту, сол арқылы экономиканы көтеруге арналған бағыты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылы Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумда жасаған баяндамасынан айқындалады. Онда «…тәуелсіз Қазақстан жеткілікті дамыған инфрақұрылымға, бай өндірістік потенциалға ие аграрлы-индустриалды ел. Республикада жанар май-энергетика кешені бастылардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік Банк сарапшыларының зерттеулері бұл саланы инвестиция салу және несие беру тұрғысынан өте тартымды деп анықтады. Республиканың көмірсутектік шикізатты өндіруді жоғарылату мүмкіндігі ересен зор. …Сонымен, Қазақстан әлемдік қауымдастықпен, ең әуелі еуропалықпен, болашақ ірі өндіруші және мұнай мен газды экспорттаушы ел ретінде қарастырыла алады және қарастырылуға тиісті» деп көрсетілген [1].

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде мұнай-газ саласы өсті, нығайды және соның нәтижесінде экономикамызды алға бастаушы локомотив болуда. 19 жыл бойы ұлттық экономиканың өтпелі кезеңдік  және нарықтық реформалардың қиыншылықтарынан, әлемдік экономикалық дағдарыстардың салдарынан сүрінбей, нық қадаммен шығуы аталмыш сектормен тығыз байланысты.  Егемендіктің алғашқы жылдарында елімізде бар мүмкіндігімізді пайдалануға қажетті қаражат көзі жеткіліксіз болды да, шетелдік инвестицияны тарту саясаты өзінің орындылығын  дәлелдеді. Соңғы 12 жылда минералды-шикізат кешеніне салынған салымдардың жалпы құны 86 миллиард доллармен есептеледі [2]. Шетелдік компаниялармен серіктестік байланыстарымыз Қазақстанға тек қана инвестиция ғана емес, сонымен қатар оның әлемдік мұнай нарығында қалыптасуына да септігін тигізуде.

Сонымен қатар, Қазақстанға инвестиция және шетелдік серіктестерді мұнай саудасына тартудың жағымды тұстарымен қатар аталмыш саясаттың жағымсыз тұстарын да атап өткен жөн. Көп жағдайда шетелдік компаниялар келісім-шартта бекітілген міндеттемелерін теріс пиғылда орындайды немесе мүлде орындамайды, жобаларын іске асырып отырған аймақтың проблемаларына көз жұма қарайды, жергілікті жұмыс қолын пайдаланбайды, әлеуметтік салаға назар аудармайды, материалды-техникалық және азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша тапсырыстарды шетелге береді, машина жасауға, қызмет көрсетуді дамытуға, мұнайды өңдеу оның ішінде мұнайхимиясына, әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция салуға мүдделі емес.

Бұл жағдайдан өзіміздің заңнамамыздағы кемшін тұстарды байқаймыз, мысалға 5 желтоқсан 2008 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-ншы жалпы отырысында жасаған баяндамасында «…2008 жылдың 9 айлық нәтижесі бойынша тапсырылған есептерден қазақстандық қамтудың 10-15% аспайтынын көрдік. Бұл сан қазақстандық өндірушілердің күш-қуатын анық көрсетпейді. …Мәселе неде? Біз шешуге тиісті бірнеше мәселе бар. Қазақстандық қамтуды бағалайтын бірыңғай келісілген методология жоқ. Соның нәтижесіндей, жер қойнауын пайдаланушыларға тапсырушы қазақстандық өндірушілердің үлесінің шынайы өлшемі жоқ. …Ірі жобалар бойынша «ҰК «Қазмұнайгаз» АҚ-ы жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс жасауда өкілеттіліктерге ие. Ол жылдық сатып алу жоспарын, капиталдық және операциялық шығындардың жылдық бағдарламаларын келісуі тиіс. Алайда,  Қазмұнайгаз өзіне берілген өкілеттіктерді пайдаланбады, бірлескен жобаларда қазақстандық қамтуды арттыру мүддесіне қызмет етпеді» [3]. Бұл сынға жауап ретінде жер қойнауы саласы бойынша өкілетті орган өзінің 2010-2014  жылдарға арналған стратегиялық жоспарында 1-нші стратегиялық бағыт 5-нші мақсатын «2015 жылда жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алудағы жалпы мөлшерінде қазақстандық қамтудың үлесін тауарлар бойынша 16%-ға, ал жұмыстар мен қызметтер бойынша 85%-ға жеткізу» деп анықтаған. 11.12.2009 жылы қабылданған «Кейбір заңнамалық актілерге қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында сатып алуларда бірегей ұстаным және оны тек Қазақстанның аумағына өткізуге міндеттеме, заңды бұзғандарға әкімшілік жаза анықталды. Кейбір сарапшылар осы әрекеттерді жүзеге асыру нәтижесінде, 2014 жылы қазақстандық қамту, жұмыстар мен қызметтер бойынша 90%-ға, ал тауар бойынша 50%-ға жетеді деп жоспарлануда [4].

Еліміздің басты құжаттарының бірі 2003-2015 жылдарға инновациялы-индустриалды стратегияда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасының  дағдарыстан кейінгі екпіндеуі мақсатында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшейтілген инновациялы-индустриалды дамудың бес жылдығын таныстырды. Стратегия табанды әрі тұрақты түрде экономика салаларын диверсификациялау және шикізаттық ыңғайдан бет бұру арқылы еліміздің дамуына қол жеткізуге бағытталған. Яғни, нәтиже – шикізаттық бағыттан қызмет көрсету-технологиялық дамуға көшу. Сондай-ақ, жер қойнауын игеруге бағытталған саясатта жаңа бетбұрыстың қажеттілігін  әлемде орын алған дағдарыс та ашып берді. Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс елдегі экономиканың тек бір бағытының даму динамикасы емес, керісінше экономика жүйесінің теңгерімділігі  маңызды екенін тағы да бір рет байқатып кетті. Дағдарыс бір жағынан қаржылық жүйенің әлсіздігін көрсетсе, екінші жағынан оны жақсарту (санация) функциясын атқарды. Алдағы кезде Қазақстанның жер қойнауын игеруге бағытталған саясатын шикізаттық бағыттан өңдеуге көшу, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану жолдарын іздестіру бойынша қалыптастыруы  тиісті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда отандық инвестиция салу мүмкіндіктері бой көтеруде, отандық инвесторлар өз капиталдарын перспективтік жобаларға салуға дайын. Шетелдік капиталдың үлесі инвестицияның жалпы көлемінің жартысына қысқарды. Бұл дегеніміз елімізде ірі жобаларды өз күшімізбен қаражаттандыруға жеткілікті әлеуетті қаражат көздері пайда болды дегенді білдіреді.

Осының бәрі экономиканың мұнай-газ секторын дамыту стратегиясын өзгертудің қажеттілігін көрсетті. Шетелдік инвесторлардың мүддесіне зиян келтірмей ұлттық мүддемізге жауап беретін жағдайды қалыптастыру бойынша шаралар керек. Ең әуелгі жұмыс шетелдік және отандық инвесторларға қатысты заңнама, және де мұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік секторды ұлғайту болмақ. Каспий теңізінің қазақстандық секторын кең көлемде игерудің алдында Ресей және Әзірбайжан мемлекеттерімен шельфті ұлттық секторларға бөлу келісіміне қол жеткізілді, тиісті келісімдер Парламентпен ратификацияланды. Осыған орай, жер қойнауы және мұнай туралы   құқықтық актілерге шельфтік жобалардың ерекшеліктерін ескеретін өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Заңнамада жергілікті атқарушы органдардың кеңінен кездесетін пайдалы қазбаларға қатысты өкілеттіктері кеңейтілді. Кен орнын геологиялық барлау және шикізатты өндіруге қатысты ережелер айқындалды. Оның ішінде, геологиялық жұмыстарды тек республикалық бюджет есебінен қаражыландыруға шектеу алынып тасталды. Жер қойнауын пайдаланушылармен экологиялық және табиғатты қорғау талаптарын сақтауын орындату бойынша мемлекеттің позициясы әжептәуір күшейтілді. Мысалға, Жер қойнау туралы Заңға енгізілген жаңа ереже бойынша, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы қауіпсіз жағдай жасалмайынша, төнген қауіптің беті қайтарылмайынша жұмысын тоқтатуға міндетті. Соңғы өзгертулер мен толықтыруларда Жер қойнауы туралы Заңның 71-бабына түзету берілді, онда мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуда басымдыққа ие деп көрсетілген. Әрине, мемлекет өзге сатып алушыларға ұсынылған баға бойынша  үлесті сатып алады. Академик С.З.Зиманов өз еңбегінде «…жер қойнауын пайдалану мәмілелерінде бір тарап екінші тараптың-мемлекеттің  кемшіліктері мен  уақытша әлсіздігін пайдаланып өзіне ұтымды ерікті  оған тұрақты фактор ретінде арта алмайды. Қазіргі Қазақстан осылай қалыптасқан қарым-қатынастардан ада емес. Мұндай жағдай ұзаққа сақталуы мүмкін емес. Сөзсіз бұл жағдай келісім-шарттық қарым-қатынастарда өзіне ғана тән рөлін атқару үшін мемлекеттің қалыптасу, ішкі күші мен мүмкіндіктерінің артуы нәтижесінде өзгереді және теңеседі. Бұл уақыттың талаптары мен республиканың қазіргі жағдайына сай жүреді» деп анықтайды [5].

Қазақстан Республикасында «ҰК «Қазмұнайгаз» АҚ үкіметтік ірі мұнай компаниясы болып табылады. Қазірде

12
скачать работу


 Другие рефераты
Щелочные металлы
Нематериальные блага и способы их защиты
Трастовые операции банков
Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша салаларының бірі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ