Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары

рделі ахуал ертеңгі күні қандай болмақ? Тиісті шаралар бүгін қолданылмаса, бірнеше жылдан кейін діндер арасы қатынастар қандай кейіпте болмақ? Осындай мәселелерді ойлаған сәтте шетелдік ұйымдардың еліміздегі жүз мыңдаған яки миллиондаған азаматтарымыздың рухани тізгінін қолда ұстауы бір жағынан «ішкі істерге қол сұғушылық» болса, ал екінші жағынан әлеуметтік балансты теңселтетін нәтижелерді алып келетін қауіпті күш болуы мүмкін. Бұған қоса айтпағымыз, болашақтағы президент және парламент сайлаулары кезінде (құдды АҚШ-тағы сияқты) шетелдік діни ұйымдар біздегі жамағаттары арқылы Қазақстандағы белгілі бір тұлғаны яки саяси партияны немесе топты қолдауы, сол арқылы мемлекет билігіне ие болуы да әбден ықтимал...
1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Діни бірлестіктерді Әділет министрлігінде тіркеудің өзіндік шарттары бар. Бұл шарттар орындалғанда ғана бірлестіктер тіркеледі және қызмет атқара алады. 30.01.2001 ж. қабылданған ҚР «Әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі Кодексі» ҚР соттарына белгілі тәртіп бойынша тіркелмеген діни бірлестіктердің жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға құқық берген. 2001 жылғы ақпан айынан бастап Республикамыздың кейбір аймақтарында аталмыш заң бұзушылықтар орын алып, ҚР соттары тиісті шараларды қолданған. Мәселен, Қызыл-Орда қалалық соты 14.03.2001 ж. шешімімен белгілі тәртіппен тіркеуден өтпеген «Иеһоуа куәгерлері» жамағатының жұмысын тоқтатқан. Сол сияқты, Атырау облысы Құлсары аудандық соты 02.05.2001 ж. «Иман» баптист шіркеуінің жұмысын тіркелгенге дейін тоқтату жөнінде үкім шығарған. Құлсарыда Тараз Сомаляк есімді «Пентекосталь» шіркеуінің (фундаменталист бағыттағы протестант сектасы – М.Б.) қызметкерінің ресми тіркеуден өткенге дейін үгіт-насихат жасауына тыйым салынған. Осы орайда айта кететін бір маңызды жәйт – жоғарыда келтірілген Қызыл-Орда қаласындағы «Иеһоуа куәгерлері» жамағатының басшылары Гүлжахан Жарықова және Бақыт Алтаев есімді Қазақстан азаматтары екені және оларға сот тарапынан 7,750 теңге айыппұл салынғандығы. Құлсарыдағы «Иман» шіркеуінің ұйымдастырушылары да Құрманғазы Әбдімұратов және Асхат Әлімжанов есімді қазақ азаматтары екені назар аудартады. Нағыз қазақи ортада миссионерлік жасап, шетелдің діни сенімдерін елімізде таратып жатқан ұйымдардың қандай дәрежеге жеткені және қандай аймақтарды мекен еткені біраз нәрседен хабар бергендей...
Бұлар сияқты елімізде ислам атын жамылып, әртүрлі негізсіз һәм зиянды үгіт-насихат жүргізіп жатқан діни ағымдар да баршылық. Бұлардың ішінде баспасөз бетінде жиі аталатыны және қоғамдық тыныштыққа нұқсан тигізушісі «Хизб-ұт Тахрир» ұйымы. Құран Кәрімде «халифат құру» туралы ешқандай мәлімет келтірілмегеніне қарамастан, бұл ұйым Орталық Азиядағы елдердің орнына «халифалық» мемлекет орнатқысы келеді. Құран Кәрімде баяндалған шынайы исламның насихатталу деңгейінің төмендігін және сауатты мамандар мен дінтанушылардың аздығын пайдаланған осындай ұйымдар, әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарында біршама жастарымызды қатарына қосып та кетті. Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан және ҚХР елдерінде белсенді әрекет жасап жатқан осындай ұйымдар мұсылман мемлекеттерінің тұрақтылығына зиян тигізумен қатар, ислам дінінің имиджін бұзу және мұсылман жастарды дінде орны жоқ нәрселерге үйрету арқылы екі есе үлкен зиян тигізіп отыр. Орталық Азиядағы бауырлас республикалардың мемлекет институттары нығайған сайын және әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейі жоғарылаған сайын осындай зиянды ұйымдардың ықпалы азаймақ. Дегенмен, азаматтарымызға ненің орны исламда бар, ал не нәрсенің орны жоқ екенін дұрыстап үйретпейінше қауіптің алдын алдық деуге сірә болмас. Сонымен қатар әлгіндей ұйымдардың аталуындағы «ислам», «Аллаһ» сөздеріне мән беруден гөрі, олардың іс-әрекеттерінің исламға қаншалықты сәйкес екеніне көңіл бөлген жөн. Кейбір Батыс елдерінің ислам дінін бұрмалау мақсатымен ислам атын жамылған ұйымдарды құрғызғаны және оларды жан-жақты қамсыздандырып тұратыны белгілі. Олар кейде «Хизб-ұт Тахрир» сияқты саяси кескінде болса, кейде ардақты ата-бабаларымыздың есімдерін өз меншігіне айналдырып, халықты нағыз ата-бабаның бұрынғы жолына шақырғансымақ болып жүрген суфи тариқаты формасында да болуы мүмкін.
Еліміздегі мемлекет және дін қатынастары турасында айта кететін өкінішті бір мәселе – ешбір діни мейрамның мемлекет дәрежелі мейрам ретінде бекітілмегені. Мұсылмандардың «Құрбан айт» және «Ораза айт» мерекелеріне Қазақстанмен көршілес елдердің барлығында да ресми демалыс берілгеніне қарамастан, бізде әлі сең жібитін емес сияқты. Жуырда сайланған Мәжіліс депутаттары осы мәселені алғашқы кезекте қарап, азаматтарымызды қатты алаңдатып отырған үшбу көкейтесті мәселеге дұрыс шешім тапса игі еді. Өткен шақырылымдағы кейбір Мәжіліс депутаттары, ішінде өзіміздің қазақ азаматтарымыз да бар, діни мерекелерге ресми демалыс беру туралы заң жобасы түскенде «біз атеиспіз» деп шыға келгені әлі есімізде. Мұндағы мәселе депутаттың діни сенімінде емес, оған дауыс берген мыңдаған сайлаушылардың діни сенімінде екені әлгі азаматтарды аса мазаламаған сияқты. Біз алуан этникалық және діни топтардан құралған Малайзия мемлекетінің тәжірибесін дұрыс пайдаланып, ең болмағанда Құрбан айтқа үш күн, ал Ораза айтқа бір күн, сондай-ақ, православие шіркеуінің Рождество мерекесіне бір күн ресми демалыс берсек, бұдан тек елімізге, мемлекетімізге пайда болатыны анық. Ай-күннің аманында «халықаралық ұйымдар сынайды» деп, байбалам салатындар осы мәселеге келгенде неге жақ ашпайды, деп сұрағым келеді.
Мемлекет-дін қатынастарының өзекті бір мәселесі азаматтардың дін саласында білім алу, оқу құқығын пайдалануы. Еліміздегі «Білім» туралы заңда бұл мәселе толық шешімін тапқан емес. Бүгінгі күні Қазақстанда 8 діни жоғары оқу орны, 6 орта дәрежелі діни оқу орны мен 3 жалпы білім беру мекемесі жұмыс істеуде. Жоғары оқу орындарынан екеуі мұсылмандардікі. Олар «Нұр-Мұбарак Мысыр ислам мәдениеті университеті» және ҚМДБ қарамағындағы «Имамдардың біліктілігін жетілдіру институты». Бұған қоса 1 католик, 1 лютеран және 4 протестант оқу орны бар. Енді осы діндер мен мәзһәбтарды (конфессияларды) ұстанатын адамдардың жалпы санына шағатын болсақ, сан жағынан ең аз болып табылатын протестанттардың еншісіне ең көп жоғары оқу орны, ал мұсылмандарға болса ең аз оқу орны түсетіні байқалады. Қайталап айтқанда, протестантизм бағытындағы діни бірлестіктер мен діни оқу орындарының саны бәрінен жоғары...


3. Қазақстандағы ислам мәселелері

Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер және шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттейтін дербес мекеме «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігі деген атпен 1990 жылы құрылды. Оған дейін «қазият» деңгейіндегі діни мекеме ретінде қызмет атқарған бұл ұйым бүгінгі күні еліміз мұсылмандарының ең басты ислами ұйымы. 2000 жылғы маусым айындағы құрылтайда ҚМДБ төрағалығына білікті ғалым, арабист және дипломат, профессор Әбсаттар Дербісәлі (1947- ) сайланды. Өткен 3-4 жыл көлемінде тоқырап қалған кейбір мәселелер оң шешімін тапты. Мысалы, Алматыдағы орталық мешіттің ашылуы, әл-Фараби даңғылы бойындағы университеттің ашылуы, діни басылымдардың сан және сапа жағынан бір шама жоғары сатыға көтерілуі, облыс орталықтары мен Астана қаласында жаңа мешіттердің салынуы т.т.
Алдымыздағы уақытта мынадай мәселелер оң шешімін тапса еліміздегі мұсылманшылықтың жүйеленуі уә тұтастануы жағынан үлкен жетістіктерге жетер едік:
Біріншіден: Ең маңызды проблема еліміздегі мұсылмандардың белгілі бір жүйе бойынша ұйымдаспағанында және ислами үгіт-насихаттың дініміздің негізгі бұлағына, яғни Құран Кәрімге толыққанды сәйкестік қағидасы бойынша жүзеге асырылмауында. Әсіресе, өзге мұсылман мемлекеттерінде орталықтары орналасқан суфизм бағытындағы эзотерикалық тариқаттар уә діни ұйымдардың, қайырымдылық қорларының белсенді қамданыста екенін айтуымыз шарт. Бұлардың үгіттері исламның бірегей қасиетті кітабы Құран Кәрімнің үкімдерімен көп жағдайларда қабыспайды және дінге кейіннен қосылған әр түрлі негізсіз ырымдар мен нахақ нанымдарды (бидғаттар мен хұрафаларды) қамтиды. Бір ұйымның ақ дегенін екінші бір ұйым қаралап жатқан жағдайлар жиі кезігеді. Сонымен қатар, діни топтар мен жамағаттардың арасындағы келіспеушіліктер қоғамдық тәртіп пен халқымыздың береке-бірлігіне нұқсан тигізуі әбден мүмкін. Дінге енді бет бұрайын деп жатқан кейбір азаматтарымыз да осындай күрделі жағдайды көріп, діннен жеріп кететіні, тіпті, басқа діндерді қабылдайтыны да шындық...
Екіншіден: Ислам ғылымдарын оқыту және ғылыми зерттеулерді белгілі бір жүйеге салу мәселесі де жөнді шешімін тапқан жоқ. Бұл сала мамандары мен исламтанушылардың, діни кадрлардың жетіспеуінің басты себебі. Шындығында оқу жүйесі мен кадрлар біріне бірі тәуелді екі мәселе. 2000 жылғы қыркүйек айында ҚР Сыртқы істер министрлігі мұсылман елдеріндегі діни оқу орындарында оқып жатқан студенттердің елімізге қайта шақырылатыны туралы хабарлады. Түркия, Иран, Пәкістан қатарлы елдердегі талабаларымыз елге оралып, мұндағы университеттерге, атап айтқанда жаңадан бой көтеріп келе жатқан «дінтану» бөлімдеріне түсті. Оқу базасы және оқытушы кадрлар мәселесі толық шешілмеген осы бөлімдерді бітірген студенттер нағыз дінтанушы яки исламтанушы болды деп айту қыйын. Қазір де шетелдерде студенттеріміз оқып жатыр. ҚМДБ тарапынан Мысыр және Түркияға жіберілген бір сыпыра жастарымыз білім алуда. Алғашқы түлектер елге оралып, мешіттер мен жоғары оқу орындарында қызметке кірісіп те кетті. Ендігі мәселе, шын мәнінде дін ғылымдарын жете меңгерген, көкірегі һәм көзі ашық, осы заманғы ғылыми жетістікт

123
скачать работу

Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ