Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы дүнгендердің тарихы

казактар сословиесінің қатарына кіргізілген дүнгендер де болды. Мысалы, 1882 ж. 29 мамырындағы Түркістан генерал-губернаторының жарлығы бойынша Құлжа өңірінен келген дүнгендер 1883 ж. 1 қаңтарынын бастап казактар мен мещандар сословиесіне жатқызылады делінген [8].
Қазақстан жеріне қоныстанған дүнгендердің орналасуы бұдан кейінгі кеңес дәуірінде де ерекше өзгере қойған жоқ. Санақ материалдарына қарасақ, онда дүнгендердің бірте-бірте өзге жерлерге де қоныс тепкенін байқаймыз, алайда негізгі көпшілігінің жинақы орналасқан жерлері бұрынғысынша қала берді.
Қазақстандық дүнгендер Кеңес өкіметі орнаған кезде жаңа билікті қолдады. Азамат соғысы жылдары Мағазы Масаншы басқарған дүнген атты әскер эскадроны (кейіннен полк) Қызыл Армия жағында соғысты. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары сол кездегі аз ұлттарға байланысты саясат негізінде дүнген халқының өкілдерін оқуға жіберіп, (20-дан астам жастар) КСРО-ның әртүрлі қалаларында, негізінен Москвада жоғары білім алды. Олардың қатарынан кеңестік көрнекті қайраткер Мағазы Масаншы (1937 ж. репрессияға ұшыраған), тарихшы, әдебиетші ғалымдар Ілияс Юсупов, М. Сушанло, Цун Вазы сияқты белгілі адамдар шыққан.
Қазақстанға кейіннен де дүнгендер көшіп келіп жатты. Мысалы, 1950 жылдары Қытайдан ресми және өз бетімен қазақтардың көшіп келуі кезінде де арасында қазақтармен бірге өзге ұлт өкілдерінің де келгені туралы мәлімет бар. Мұрағат құжаттары 1955 жылы Қазақстанға Қытайдан көшіп келген азаматтардың ішінде қазақтардың, ұйғырлардың, орыстардың, дүнгендердің және басқа да ұлт өкілдерінің болғанына дәлел бола алады [9].
Ауыл-селолық жерде тұратын дүнгендер негізінен бау-бақша, егіншілікпен айналысады. Қалалық жерлерде тұратын дүнгендер арасында жоғары білімді мамандар, мәдениет қайраткерлері бар. Қазіргі кезде Алматыда дүнгендердің ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейді.
Қазақстан жеріндегі дүнгендер санының 1897-2007 жж. аралығындағы динамикасына тоқталайық.
1897 ж. санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер - 14130 адам болды. 1920 жылы олардың саны 10303 адам, 1926 жылы – 8455 адам, 1959 жылы – 9980 адам, 1970 жылы – 17284 адам, 1979 жылы – 22491 адам, 1989 жылы – 29956 адам, ал, 1999 жылғы санақта 36945 дүнген есепке алынды. Көріп отырғанымыздай, дүнгендер саны 1897-1926 жылдар арасында кеміп, 1959 жылдан бастап өсе бастаған. 1999 жылғы санақ мәліметтері 1970 жылға қарағанда дүнгендердің 19661 адамға немесе 113,8 -ға көбейгенін көрсетеді. 1989-1999 жылдар санақтары аралығында Қазақстанның халқы 1200 мыңға кеміген кезде де дүнген халқының санының өскенін көреміз (6989 адамға немесе 23,3 -ға өскен).


1-кесте Дүнгендердің сандық, және үлестік динамикасы (1897-2007 жж.) [10].

Жылдар Қазақстан Соның ішінде
Алматы
облысы Алматы
қаласы Жамбыл
облысы Шығыс Қазақстан
Барлығы (мың адам) Дүнгендер Дүнгендердің саны мен үлесі
абс. 
1897 4033.4 14130 0,3 - - - -
1920 5400,0 10303 0,1 - - - -
1926 6198,0 8455 0,1 - - - -
1939 6394,0 - - - -
1959
 9295,0
9980 0,1 - - 7478
75 -
1970
 13009,0
17284 0,1 2696
15,6 1393
8 12743 73 268
1979
 14685,0 22491 0,1 3085
13,7 1726
7,6 17152 76,2 250
1,1
1989
 16199,0 29956 0,1 3570
11,9 2258
7,5 23555 78,6 267
0,9
1999
 14952,0 36945 0,2 1542
4,2 4565
12,3 30333 82,1 250
0,6
2000 14901,6 37670 0,25 1552
4,1 4670
12,4 30936
82,1 249
0,6
2001 14865,6 38477 0,25 1554
4,0 4803
12,5 31599
82,1 250
0,6
2002 14851,0 39359 0,26 1566
3,9 4925
12,5 32331
82,1 250
0,6
2003 14866,8 40400 0,27 1577
3,9 5066
12,5 33196
82,1 260
0,6
2004 14951,2 41491 0,27 1611
3,9 5205
12,5 34097
82,1 264
0,6
2005 15074,7 42937 0,28 1637
3,8 5408
12,5 35293
82,1 266
0,7
2006 15219,2 44360 0,29 1653
3,7 5655
12,7 36423
82,1 265
0,6
2007 15394,6 45931 0,3 - - - -


1-кестеде дүнгендердің 1897-2007 жж. аралығындағы сандық және үлестік динамикасы берілген. 1897 жылғы санақта ұлты туралы арнайы графа болған жоқ. Бірақ санақты зерттеп дайындаушылар санақ парақтарындағы әр түрлі нұсқаулар мен белгілерге орай мәліметтерді салыстыра отырып, ана тілін анықтау арқылы, ұлтын нақтылауды мақсат тұтты. Ал, кейінгі санақтарда ұлты арнайы көрсетілетін болды1-кестеде көрсетілген мәліметтерді талдау 1926 жылдан бері дүнгендерде әрдайым өсу болып келе жатқандығын көрсетеді. Егер кеңес билігінің тұсында 1926-1989 жж. аралығында дүнгендер саны 21501 адамға өскен болса (жылдық орташа өсім – 341 адам), 1989-1999 жж. аралығында Қазақстан халқының саны 1,2 млн адамға кеміген кезде де олардың саны 6989 адамға өскен (жылдық орташа өсім – 698 адам). 1999 ж. санақ пен 2007 ж. аралығында 8987 адамға көбейді (жылдық орташа өсім – 1123 адам). Санақ аралық мәліметтерді талдау дүнген халқының сандық және үлестік деңгейінің өсуі көп бала мен туудың жоғары көрсеткішіне негізделген табиғи өсімінің арқасында мүмкін болғандығын көрсетті.
Дүнгендердің Қазақстан халқының құрамындағы үлестік көлемінің динамикасына келсек, онда ХХ ғасырдың өн бойында үлесі 0,1 мөлшерінде болғанын көреміз.1999 жылдан бастап бұл көрсеткіш 0,2-ға көтеріліп, 2007 ж. 1 қаңтарында үлесі 0,3 -ды көрсетті. Яғни тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалардың дүнген халқының өсіп-өнуіне тигізген әсері оң. Бұған әсер етуші факторлардың қатарына жағымды табиғи өсімді ғана емес, сонымен бірген көші-қондағы оң айырымды да жатқызамыз. 1989-1998 жж. аралығында Қазақстанға 607 дүнген көшіп келген. Олардың 403-і ТМД елдерінен келген болса (негізгі көпшілігі Қырғызстаннан – 380 адам), Қытайдан 11 дүнген қоныс аударған [11]. Бір ғана 2000 жылы Қазақстанға келген дүнгендер саны 172 адам болды. Олардың 154-і кері қайтып, көші-қон айырымы 18 адамды құрады [12]. Ал, 2000 жылдан бергі мәліметтерге көз жүгіртсек, онда 2000-2007 жылдар аралығында дүнгендер саны 8261 адамға көбейгенін байқаймыз. 1989-2000 жылдарғы 7714-дық, 1979-1989 жылдарғы 7465 адамдық өсімге қарағанда бұл жағымды өсім. Үлесі де 2000 жылдары көтерілуде.
Дүнгендердің жинақы қоныстанған жерлеріне келсек, 1926 ж. санақта Жетісу губерниясында 7597 дүнген тұрды (3972 – ер адам, 3635 - әйел), бұл Қазақстандағы дүнгендердің 89 -ы. 1959 ж. санақта Оңтүстік Қазақстан өлкесін 7511 дүнген мекендеді, бұл Қазақстандағы дүнгендердің 75 -ы. Қазақстандағы дүнгендердің басым көпшілігі Жамбыл облысын мекендейді: 1970 жылы облыста 12743 адам, бұл Қазақстандағы дүнгендердің 73 -ы, 1979 жылы – 17152 адам, тиісінше, 76,9 -ы, 1989 жылы – 23555 адам, тиісінше, 78,6 -ы, 1999 ж. – 30333 адам, тиісінше, 82,1 -ы дүнген есептелінді. Бұдан кейінгі жылдары да облыстағы дүнгендер саны өсуде болды: 1999-2006 жж. аралығында 6090 адамға көбейген (2000 ж. – 30936 адам, 2001 ж. – 31599 адам, 2002 ж. – 32331 адам, 2003 ж. – 33196 адам, 2004 ж. – 34097 адам, 2005 ж. – 35293 адам, 2006 ж. – 36423 адам). Жамбыл облысынан кейінгң дүнгендердің анағұрлым жиі орналасқан жерлеріне Алматы қаласы (мұндағы дүнгендердің үлесі 1970-1999 жж. аралығында 7,5-12,3-ы аралығында өзгеріп, өсіп отырды) мен облысын жатқызуға болады. Алматы облысындағы дүнгендерге келсек, онда олардың 1970-1999 жж. санақтар арасында үлесі 15,6 -дан 4,2 -ға төмендегенін, ал сандық мөлшерінің 1154 адамға кемігені көрінеді. Алайда, 2000 жылдан бастап облыста да, Қазақстан бойынша да саны өсе бастаған. Дүнгендер аз мөлшерде болса да Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қалаласына да қоныс тепкен.
Халықтың этнодемографиялық дамуындағы өзгерістерге білім деңгейіндегі өзгерістердің әсері зор. Халықтың белгілі бір уақыт ішіндегі дамуының ірі сипаттамасы оның мәдени - техникалық дәрежесі және оған сай келетін білім деңгейі мен білім беру жүйелерінің дәрежесі болып табылады. Білім деңгейі - ұлттық мәдениеттің, ұлттық сананың дамуының көрсеткіші. Ол экономика, саясат және мәдениет салаларындағы өзгерісті бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге, өзі де осы өзгерістерге белсенді түрде әсер етеді. Білім – жеке адамның әлеуметтік - экономикалық процестерге тиімді араласуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. ХІХ ғ. соңы мен ХХІ ғасырдың басы аралығындағы дүнгендердің білім деңгейі тарихи белестерге сай өсу бағытында болды.
ХХ ғасырдың 20-жылдары кеңес үкіметі әліпбиді (алфавитті) алмастыру мәселесін көтерген еді. 1926 ж. ақпанда Баку қаласында Бүкілодақтық 1-түркологиялық съезі өткізілді. Ол КСРО-ның түркі тілдес халықтарының жазуын латын әрпіне ауыстыруға арналды.
1927 жылы тұңғыш дүнген алфавиті араб әрпімен жасалды. 1928 жылдың басынан мектептерге жаңа әліпби енгізіле бастады. Орталық Атқару Комитетінің қаулысы бойынша 1928-29 жылдары барлық түрдегі мектептердің бітіруші топтары мен кейбір мектептердің төменгі топтарына жаңа әліпби енгізілді. Ұйғыр, татар және өзбек халықтарының арасында жаңа әліпбиді еңгізу мәселесі қазақтармен бірдей сатыда жүргізілді. 1928-29 жж. өзбек және татар мектептері толықтай жаңа әліпбиге және жаңа өзбек және татар орфографиясына көшті.
1929 жылы КСРО-ның түрік тілдес халықтарының жазуын латын графикасына өткізу мәселесі туындаған кезде дүнген алфавитін жетілдіру мәселесі де қарастырылды. 1932 жылы дүнген тілінің қытай тіліне ұқсастығы ескеріліп, бірақ иероглифтік қытай жазуы емес, «чоюй» мемлекеттік тілі ескеріліп, дүнгендер жазуы латын графикасына негізделген алфавитке к

123
скачать работу

Қазақстандағы дүнгендердің тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ