Қазақстандағы дүнгендердің тарихы
Другие рефераты
"ОТАН ТАРИХЫ"
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДҮНГЕНДЕР: САНЫ МЕН ҚҰРАМЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ (1897-2007 ЖЖ.)
А.И. Құдайбергенова
Тәуелсіздіктің екінші онжылдығының белортасынан асқан кездегі демократиялық қайта құрулар кезеңінде біздің қоғам одан ары даму жолы мен демократия үлгісін таңдау алдында тұр. Егер бұл мәселе дұрыс шешілмесе, онда тоталитаризм мен демократия арасын таңдау мәселесі қайтадан өзекті мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай мәселені шешу этнос, ұлт, ұлттық мемлекет деген сияқты категорияларды түбегейлі түрде анықтауға әкеліп тірейді. Қазақстан – өзінің полиэтникалық құрамы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Сондықтан, негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік топтардың ғана емес, сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік қоғамдастықтардың қарым-қатынасын реттеу болып табылады.
Келісім – кез-келген қоғамның, әсіресе полиэтникалық қоғамның әрекет етуінің шарты. Қоғамда жекелеген этностың мүддесін жоғары бағалайтын ұлттық-этникалық идеялық-саяси бағыт та бар. Осындай жағдайда ұлтаралық келісімге келу тұрақтылыққа әкеледі. Яғни, тұрақтылық мәселесі ұлтаралық қарым-қатынас пен этностардың үйлесімді дамуына да байланысты. Қазақстанның ұлттық бірлігі мен татулығына шақырған бағыт Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген. Біз негізгі ұйытқысы жалпы ұлттық идея болып табылатын мемлекеттік идеологияны жақтаймыз. Мемлекеттік идеология ретінде қоғам да, билік те келісетін идеялар мен принциптердің жүйесін түсінеміз. Бұл идеология қоғамдағы келісім мен оның тұрақтылығын күшейтудің, азаматтық үйлесім пен этникааралық ынтымақтастықтың шарты ретінде қоғамдық келісімнің бір бөлігін құрайды. Мұндай мәселені шешуде этнос, ұлттардың қалыптасуы мен сандық және сапалық өзгерістері тарихын анықтап алған жөн.
Қазақстан Республикасын қазір 130-дан аса этностардың мекендеп жатқаны белгілі. Қазақстанның демографиялық ерекшелігі оның көп ұлтты құрамына байланысты. Республика халқының полиэтникалық құрамының қалыптасуына әсер еткен көші-қон процесінің бастапқы кезеңі орыс-украин шаруаларының қоныс аударуы мен казактардың қазақ жерлеріне қоныстануына байланысты.
ХҮІ ғасырдағы қазақ жеріне казактар мен «қашқын» шаруалардың қоныс аударуларынан басталған сырттан келген көші-қоншылардың легі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырда тіпті күшейді. Қазақстанға қоныс аударып келген халықтардың ішінде дүнгендер де бар. Дүнгендер Қазақстан және Қырғызстан жерін ХІХ ғ. 80-жылдарынан бері мекендейді. Жетісуға осында тұратын дүнгендердің қоныс аударуы ХІХ ғ. 80-90 жылдарында жүрді. Дүнгендердің этногенезі өте күрделі. Ғалымдар әлі күнге дейін олардың шығу тегі туралы бір пікірге келген жоқ. Қазан революциясына дейінгі орыс ғалымдарының көпшілігі, шығыстанушылар, сол сияқты қытай ғалымдары қазіргі дүнгендерді Қытайға келген араб-парсы және түрік келімсектері мен қытайлықтардың және басқа да моңғол тектес халықтардың араласуынан қалыптасқан деп есептейді [1].
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: «дүнгендер – (қытайша атауы – лаохуэй, хуэнминь, хуэйцзу – қытай тілінен аударғанда – “мұсылмандар” деген ұғымды білдіреді) – негізінен, Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялы ауданын қоныстанған халық. Түркі халықтары оларды дүнген, дұнған деп атайды. Дүнгендер Қазақстанда (36,9 мың адам, 1999) мен Қырғызстанда (Шу өзенінің аңғары), Өзбекстанда (70 мың адам) да тұрады. Қытайдағы саны 8 млн (1999). Дүнгендердің діні — мұсылман. Тілдері қытай тіліне жақын», – деп берілген [2].
Дүнген атауының шығуы ол халықтың өзінің пайда болуымен байланыстырылады. Мұндай пікірді дүнген діни адамдары Шэньси мен Ганьсу провинцияларынан Шыңжанға келген кезі мен ХІХ ғ. ортасындағы Солтүстік-Батыс Қытайдағы көтеріліс кезінде таратқан. Кейінірек осы атауды Қазақстан мен Қырғызтан Ресейдің құрамына қосылғаннан кейін Ресей Шыңжаң провинциясымен (Шығыс Түркістан) шекаралас болғандықтан орыстар да қолдана бастады [3].
Ганьсу және Шэньсу дүнгендерінің біраз болігінің Жетісуға қоныс аударуы 1864-1878 жылдары Батыс Қытайда болған дүнген көтерілісіне байланысты болды [4].
1864 жылы Іле өлкесінің ұйғырлары мен дүнгендері қолдарына қару алып, феодалдық және ұлттық езгіге қарсы көтерілді. 1864 жылы Цин әскерлері Шэньси дүнгендерін талқандады. Көтерілісшілердің біраз бөлігі Ганьсуге ауды, бұл кезде ол жердегі халық та Қытай феодалдарына қарсы күреске шыққан еді. 1871 жылы Цин үкіметінің әскерлері Ганьсуге кірді. Жақсы қаруланған, жақсы үйретілген әскерлердің тегеурініне шыдай алмай, дүнгендер жеңіліс тауып, Шыңжанға және Монғолияға қарай шегінді.
Ұйғырлар мен дүнгендердін көтерілісі Шынжаңда үш хандықтың құрылуымен аяқталды, олар: Іле округіндегі Іле сұлтандығы, орталығы Үрімшіде болған Дүнген хандығы және Қашқариядағы Ұйғыр әмірлігі.
1871 ж. Шығыс Түркістанда ағылшындар көмегіне сүйенген Қашқар билеушісі Жақып бек билігі орнайды. Өзінің шығыс шекараларына жақын жерде мұсылман мемлекеттері құрылып, олар Ұлыбританияға тәуелділікке немесе Ресейге өшпенді Түркияның ықпалына түсуі мүмкін деп қауіптенген патшалық Ресей бұл өлкеге басып кірді.
Іле өлкесін Ресей басып алған кезде дүнгендер негізінде Үрімші және Манас округтеріне жиналған еді. 1876 жылы Цин әскерлері Үрімші округіне және Кашғарияға басып кірді. Цин әскерлері Үш-Түрфанға жақындаған кезде (1877 жылдың қазанында) Мапонзи бастаған Ганьсу дүнгендерінің біраз бөлігі де (1166 адам) Бедел асуы арқылы өтетін ең қысқа жолмен Ресейге қарай көшіп, Ыстықкөлден келіп шықты. Бұдан кейінірек, 1877 жылғы желтоқсанның басында, Қашқариядан шыққан мыңдаған дүнген және ұйғыр отбасылары Ресейге қосылған территорияға екі жолмен көшті: Шыңжан және Ганьсу дүнгендерінен құралған бір кіші тобы Терек-Даван асуымен Ферғана алқабына өтіп, Ош қаласынан шықса; Быйяньху бастаған тек Шэньси дүнгендерінен құралған екінші топ Шақмақ сайы арқылы Нарын бекінісінің тұсынан шықты. Бірінші көш бір қыдыру аман-есен өтті, ал екінші көштің неше жүздеген адамдары асудан өткен кезде суықтан, аштан өлді. 1877 жылдың 27-28 желтоқсанында екінші көш Нарын бекінісіне жетіп, одан Тоқмаққа көшті; Жетісуға небәрі 3 314 адам жетті.
Жалпы 1877 жылдың аяғында және 1878 жылдың басында Түркістан өлкесіне келген дүнгендердің саны 6209 адам болды. Дүнген көтерілісшілерінің Россия жеріне өтуінің бірінші кезеңінде дүнгендер мен Цин жазалаушы топтарының арасында қантөгіс қақтығыстар болды. [5].
Іле өлкесін патша әскерлерінің басып алуы 1871 жылдан 1882 жылға дейін созылды. Бұл уақыт ішінде сұлтандықта бұрын болып келген басқару жүйесі жойылды, феодалдық өзара қырқыстар тыйылды, шаруашылықтың өркендеуіне, орыс мәдениетінің енуіне жағдай туды. Бірте-бірте Іле өлкесінің Россиямен байланысы нығайды. Он жылдан соң Ресей өз әскерлерін Шығыс Түркістаннан шығара бастайды.
Қоныс аударудың екінші кезеңі 1881-1882 жылдарға тұстас келеді. Санкт-Петербург трактаты бойынша (1881) Іле өлкесі (Құлжа) Қытайға қайтарылып, Қытайдың не Ресейдің қоластына кіру халықтың өз еркіне берілді. Егер дүнгендер мен ұйғырлар Богдыхан қоластында қалғысы келмесе, Ресей арзан жұмыс күшіне ие болғысы келді. Сөйтіп, Ресей территориясына қоныс аударуға тілек білдірген Іле ұйғырлары мен дүнгендерінің едәуір бөлігінің Ресей қоластына кіруі 1881 жылғы келісім бойынша қанағаттандырылды. 1881 жылдың күзінен бастап ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға көше бастады. 1882-1883 жылдары Іле өлкесі Қытайға ресми түрде өткізілгеннен соң қоныс аударушылық күшейді. 1884 жылдың басында Жетісуға 9752 ұйғыр отбасы (45 373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) көшіп келді, яғни барлығы 10 899 отбасы (50 мыннан аса адам) келді. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы орыс әкімшілігінің бақылауы және орыс әскерінің сақшылық етуі арқылы жүргізілді.
Жалпы алғанда, Солтүстік-Батыс Қытайда ХІХ ғ. 80 жылдары 15 мыңдай дүнген тұрды. Іле аймағынан 6 мыңдай дүнген Қазақстан және Орта Азия жеріне көшірілді. Дүнгендардың негізгі бөлігі Жетісудың Шу жеріне орналастырылды. Жаңа мекенде дүнгендер жерлестік ретін сақтап, жинақы қоныстанды. Қазақстандағы Қарақоңыз, Шартөбе жерлеріне, Қырғызстанның Тоқмақ қаласы мен қала маңына – шэньсиліктер, Қырғызстанның Ырдық ауылына – ганьсулықтар, Александровка елді мекеніне шыңжандықтар орналасты.
Орыс әкімшілігі қоныс аударушыларға жер берді, ал қалада тұрып қалғандар мещандар қоғамына тіркеліп, жер бөлу басқармаларынан усадьбалық жерлер алды. 1883 жылы Қарақоңызда 665 үй салынып, онда небәрі 3103 адамы бар 674 дүнген отбасы тұрды. Қарақолдың (қазіргі Пржевальск қаласының) жанына 1883 жылы 1100-ден астам адамы бар 205 дүнген отбасысы қоныстанды.
Қытайдан Жетісуға көшіп келген дүнгендер 1877-1883 жылдары Александровское (Соқулық) селосында, Пішпекте, Верныйда, Жаркентте, сол сияқты Верный және Жаркент уездерінде қоныстанды. 1884 жылы Жетісуда 4682 адамы бар 1147 дүнген отбасысы тұрды [6]. Дүнгендер Жетісу облысының уездері мен болыстарында былайша орнықты: Қырғызстандағы Пішпек уезінің Александровск болысында – 318 отбасы (816 ер және 755 әйел); Пішпек қаласында – 208 отбасы (340 ер, 304 әйел); Верный уезінің Қарасу мен Қорам болыстарында – 142 отбасы (320 ер, 311 әйел), Верный қаласында – 146 отбасы (275 ер, 219 әйел) және Жаркент қаласында – 383 отбасы (649 ер, 653 әйел) [7].
Дүнгендердің келуінің арқасында Ресей империясының Жетісу, Ферғана және Сырдария облыстарында бірнеше дүнген қоныстары пайда болды. Алайда, олардың 80 -ы Жетісу облысының, негізінен, Верный және Пішпек уездеріне орналасты. Сондай-ақ, дүнгендер Сырдария облысының, Әулиеатаға жақын жердегі Жалпақтөбе деп аталатын жерінде де бар. Сонымен, көші-қонның арқасында Қазақстан жерінде дүнгендердің қоныстары пайда болып, олардың қалалық және ауылдық бөліктері қалыптасты. Мысалы, 1884 ж. Жетісу облысының қалаларында 3307 дүнген өмір сүрді. Олардың саны кедейленген дүнген батырақтарының есебінен де өсіп отырды.
Жетісу казак әскері құрылған кезде
| | скачать работу |
Другие рефераты
|