Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы грек диаспорасы

дықтан халықтың осы тобы «ирредента» терминімен анықталады. Бұл терминді осы мәселені зерттеуші ғалымдардың бірі, профессор Г.М.Меңдіқұлова енгізген.

Қазіргі шетелдік саяси ғылымда «ирредента немесе қайта қосылмаған ұлттар» деген термин отандастары басым тұратын мемлекетпен шектес аумақтарда қоныстанған этникалық аз топтарды білдіреді. Қайта қосылмаған ұлттар (этникалық топтардың өздерінің тарихи отаны болып табылмайтын басқа елдерге көшіп-қонуынан құрылатын диаспорадан өзгешелігі) соғыстардың, аннексиялардың, даулы шекаралардың немесе отарлау саясаты салдарынан өз елінен тыс қалып қойған. Халықтың бұл санаты ХІХ ғасырдың тарихшыларына да белгілі болған және «өзін «ұлтқа» жатқызатын әрбір халықтың мемлекеттік тәуелсіздік нысанындағы ұлттық өзін-өзі анықтау құқығын жариялайтын доктринасының өнімі» ретінде қарастырылады.

«Ирредента» термині шетелдік қоғамдық ғылымдарда кең тараған. Осы проблемалар бойынша «ирредентизм» деп аталатын зерттеулер конфликтологияда, халықаралық қатынастар тарихында, этникалық саясатта басым бағыттардың бірін иемденеді. Алайда, республикалары Ресей империясының аумақтарды отарлап басып алуының салдарынан, сондай-ақ 1924 жылғы және 1950-1960 жылдардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы большевиктік ұлттық-аумақтық шектеулердің негізінде құрылған бұрынғы Кеңес Одағындағы қоғамдық ғылымдарда бұл сала жоқ болатын.

Қазақ диаспорасының ерекшеліктері туралы мынаны айтуға болады. Көшпелілер өркениеті генінің арқасында қазақтар әлемнің кез келген еліне сәтті бейімделеді. Сөйте тұра олар барлық уақытта да этникалық аз топ болды және болып қала береді, яғни тұратын елінде нақты саяси салмағы жоқ.

Егер де қазақтарда қандай да бір негізгі құндылық болатын болса, ол ұрпақтық топтар идеологиясы деп тұжырымдайды кейбір шетелдік зерттеушілер. Ең таңқаларлығы, архаикалық идеология диаспорлардың шетелдерде қарқынды урбанизациялануына және тұратын ортасындағы болмай қоймайтын ассимиляциялық контрфакторларына қарамастан өркендеп келеді. Мүмкін бұл зерттеушілердің қазақтар ерекше ұрпақтық топқа жату тұжырымдамасын ұстанып тұрған кезде оқшау субмәдениет ретінде сақталуы мүмкін деген қорытынды жасауы дұрыс та шығар.

12
скачать работу

Қазақстандағы грек диаспорасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ