Қазақстандағы грек диаспорасы
Другие рефераты
Гректердің Қазақстанға келу тарихы Сталин репрессиясы кезінде күштеп жер аударылуға тап болған басқа да көптеген халықтардың тарихы тәрізді қасіретті. Құбылмалы тағдырдан сенімді қорған табу үшін грек босқындары әр жылдарда Түркиядан Ресейге көшіп отырған. Олардың соңғы легі ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Түркиядан қашып келген. Үй жайын, дүние мүлкін, малы мен жерін, ата-бабалары мен туыс-туғандарының моласын тастап олар негізінен Ресейдің оңтүстік аймақтарына қоныстанды (Солтүстік Кавказ, Қырым, Грузия, Армения, Краснодар өлкесі т. б). Аяқтарынан тік тұрып, қайтадан қалпына келу үшін оларға небары 20 жылдан сәл астам ғана уақыт қажет болды. Әуелде әлдеқалай болар екен деп, күдіктене келген елді бұлар шынайы жақсы көріп кетті. Бірақ, қатты өкінішке орай, қайта дәуірлеген халықтың кеудесіндегі үміт оты кенеттен өрт сөндіргендей сеп болды. 1941 жылы қас қағым сәтте олардың оңала бастаған тірлігі тып-типыл болып, жылы қоныстарынан ондаған жылдар бойына жер аударылған қатаң сүргін басталды. Сөйтіп Ресейде бұлардың көрген күні Түркиядағыдан да бетер қараң болды. Жиналуға екі-үш сағат қана уақыт беріп, қайда баратынын, не себептен жер ауларылатынын айтпастан адамдарды жүк таситын вагондарға тиеп, белгісіз бағытқа жөнелтіп қоя берді. Олардың көбі Қазақстан, Орта Азия және Сібірге жер аударылды.
Осылайша гректер кейіннен олардың Отанына айналған Қазақстанның кең байтақ қиян даласына тап болды. Көптеген отбасыларға жер аудару сұмдық трагедия болды, олардың көбі әйелдер мен балалар, жасы жеткен қариялар болғандықтан жол бойында ауырып, ажал құшты. Егерде осы оқиғаға гректердің еркек кіндікті тұрғындарының бәрін жаппай абақтыға жапқан 1937 жылдың лаңын қоссаңыз, бұл халықтың ерлігі мен қайсарлығына қайран қаласыз.
Қақаған қыстың ішінде жер аударылған жаңа қоныстарына келген бетте гректер мұндағы ауа райының өздері өмірі естіп білмеген, үйренбеген қатаң жағдайына – қыстың аязы мен жаздың аңызағына көндіге жүріп, жаңа жұртты жерсіне бастады.
Гректер мұнда қазақ тілін үйрену жөнінен көп қысылған жоқ, себебі аталары Түркиядан жер ауып келген гректердің басым көпшілігі түрік тілін жақсы білетін-ді. Осының өзі соғыстың сұрапыл жылдарында олардың өмір-тірлігінің бір қалыпқа түсуіне жол ашып, жағдай жасағандай болды. Мұндай жамандық, сұрапыл сұмдық енді қайталанбайтындай көрінді. Алайда олардың маңдайына жазылған тағдырдың тәлкегі мұнымен ған біткен жоқ. Енді қуғын-сүргіннің екінші кезеңі басталды. Жер ауып келген гректер қатаң тіркеме, қара тізімге алынып, апта сайын комендатураға шақырылып тұрды, онда оларға өздері қоныстанған зонадан 25 шақырым қашыққа шығуға тиым салынғаны жөнінде ұдайы ескертіліп отырды. Бұл тәртіпті бұзған адам Сібірге, жиырма жылдық қара жұмысқа айдалатын болды. Жастарды жоғары оқу орындарына қабылдамады, мамандар өз кәсібі бойынша қажетті қызметке орналаса алмады.
Міне, олардың осындай төтенше жағдайда тірлік етіп, аман қалуына тура келді. Бірақ мұның бәрі гректердің рухын түсіре алмады. Басқа түскен қаншама қиындықтарға қарамастан гректер тек тірі қалып қана қоймай, елдің экономикалық қуатын арттыру жөніндегі республика қабылдаған жоспарларды орындауға белсене атсалысты.
Сол сұрапыл жылдарда жергілікті тұрғындар гректерге қол ұшын беріп, көп көмек жасады. Тап қазір Қазақстанда тұратын гректердің арасынан сол кездерде қазақтардың қонақжайлығы мен қамқорлығын көрмеген бір де бір грек табылмайтын шығар. Адамгершіл эллиндер бұл жақсылықты ешқашан ұмытпайды.
Гректердің қолымен Қазақстанда темекінің, жүзім мен бұршақтың, тағы басқа да ауылшаруашылығы дақылдарының таңдаулы сорттары өсірілді. Гректердің қолымен республиканың ең жас, өркенді қалаларының бірі Кентау шаһары тұрғызылды. Бұл әрине, гректердің қолымен жасаған игіліктердің бір ұшқыны ғана. Өйткені республиканың халық шаруашылығында гректер атсалыспаған бір де бір сала жоқ шығар. Ал гректердің гүлденіп, толық өркен жайған шағы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, өз алдына жеке мемлекет болған кезі. Ондағы болған оң процестердің барлығы толығынан гректерге де қатысты.
Ақыр соңында гректер Қазақстанның барлық халықтары тәрізді өздерінің тілін үйреніп, дәстүрін біліп, мәдениетін дамытуға тұңғыш рет мүмкіндік алды.
Кіші-гірім барлық қауымдастықтардың басын біріктіріп, жұмысын жандандыру үшін 2003 жылы «Гректердің Алматы облыстық Элефтерия Қоғамы» тіркелді. Бұл қоғамның төрағасы Георгий Константинович Иорданиди.
Гректердің тығыз орналасқан жерінде олардың ұлттық мәдени орталықтары құрылды. Жыл сайын Грецияның тәуелсіздік күні, Рождество, көне стиль бойынша белгіленген жаңа жыл мерекеленіп, оған қоса Панагия, Охи күні сияқты діни мейрамдар да аталып өтеді.
Ұлттық мәдени орталықтардың қолдауымен грек тілін, тарихын және көне Грекия мен қазіргі таңдағы Грецияның мәдениетін оқыту ұйымдастырылды. Оның оқулықтарын Қазақстандағы Греция елшілігі ұсынды.
«Афродита» атты грек ансамблінің ұйымдастырылуы мен қалыптасуына үш бірдей елдің гректері атсалысты, олар мысалы Кипрдан Стелиос Эргатидис, Грециядан Георгия Драгудаки және Қазақстаннан Елена Якупиди. Содан біраз уақыт өткеннен кейін Томаровский атындағы елді мекенде понти биінің «Македония» атты ансамблі ұйымдастырылды. Нина Павловна Феодоридидің күш салуымен грек жастары арасындағы әншілердің басын қосқан «Эльпида» вокалдық тобы дүниеге келді.
2002 жылы «Достық» бағдарламасы бойынша «Қазақстан» ұлттық арнасынан Томаровский атындағы совхозда тұратын ұлт өкілдері туралы төрт телехабар берілді.
Грецияда жыл сайын әртүрлі бағдарламалар бойынша балалар мен зейнеткерлердің демалысы ұйымдастырылады. Бұл бағдарламалар бойынша Қазақстаннан жыл сайын 50 ден 100 балаға дейін демалады. Грецияда елшілігі мұндағы зейнеткерлерге жыл сайын қаржылай қамқорлық жасап тұрады.
Гректер еңбекқор, көңілді, әрі байсалды және момын да маңғаз халық. Бастарына қандай да күн туса да өздерінің ұлттық аспаптары кеменджидің дауысын естігенде олар кәрі, жасына қарамай таң атқанша билеуге бар.
Тағдырдың жазуымен Қазақстан гректердің отанына айналды. Азаттық деген сөздің толық мәніндегі еркіндік берді. Өмірдің барлық саласында ұлтаралық қарым-қатынастың жарасымы мен ұлттық мәдениетті жаңғырту қуанышын сыйлады. Алматы облысындағы гректердің қоғамы Қазақстанды мекендейтін барлық халықтар достығының нығая беруі үшін бұдан былай да барынша ат салыса беруге қашанда дайын.
«Диаспора» сөзі – грек тілінен шыққан, «шашырау» деген мағынаны білдіреді, б.д.д. 586 жылғы Вавилон тұтқыны уақытынан бастап Палестинадан тыс қоныстанған, Вавилон патшасы Навуходоносор II Иерусалимді басып алғаннан кейінгі Вавилонияға күштеп көшірілген еврейлердің жиынтығын анықтайды. Біртіндеп бұл термин жаңа ортада этникалық аз топ боп өмір сүріп жатқан басқа діни және этникалық топтарға қолданыла бастады. Қазіргі саяси ғылымда «диаспора» ұғымы этникалық саясаттың алты санатының біріне жатады және «көшіп барған, қарсы алған елінде тұратын және әрекет ететін, бірақ шыққан елімен күшті сентименталдық және материалдық байланысы бар этникалық азшылық топты» сипаттайды. Қазақ диаспорасы алысқа, сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ресейге, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, сосын бүкіл дүние жүзіне көшіп-қонған, алдымен уақытша көшкенімен, соңынан тұрақты қалып қойған.
Диаспора мен лауазымды мемлекеттің өзара қарым-қатынасы – диаспоралық ұйымдардың даму проблемаларының халықаралық өлшеміндегі шешуші аспект екендігіне барлық зерттеушілер бірауыздан келіседі. В.Коннор ұсынған дефиницияға сәйкес «диаспора – халықтың Отанынан тыс жерде тұратын бөлігі». М.Эсман диаспораны көші-қон кезінде пайда болған, өзінің шыққан елімен байланысын сақтайтын этникалық азшылық ретінде анықтайды. Белгілі фин зерттеушісі С. Лаллуккидің бағасы бойынша «диаспора құбылысын халықаралық қатынастармен өлшеуге болады».
Қазақ диаспорасы өз тарихында саяси және діни себептердің салдарынан күштеген немесе мәжбүрлеген сипаттағы көші-қонды бастан кешірді. Ол 1960 жылдарға дейін, Батыс Еуропа, Америка және Парсы түбегі елдеріне еңбек көші-қоны дами бастаған кез еді. Бұл жағдай мәжбүрлік көші-қонды ерікті көші-қонға түбегейлі өзгерте қоймады, керісінше жоғарыдағы себептерден өзгеше экономикалық себептердің салдары болып табылды. Сонымен қатар, 1960 жылдардың басына дейін қазақтардың әлем елдеріне көші-қоны бұқаралық сипатпен ерекшеленді, ал қазіргі кезеңде реципиент тұратын елдеріне өз отбасыларын шақыру арқылы қоныс ауыстыру тән.
Қазақ диаспораларын зерттей отырып, мыналарды атап өтуге болады: оның өкілдері барша қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады, біртұтас ата қонысы – Қазақстан, мұсылман дінін ұстанады, түркі тілдес халықтарға жатады, бірақ бұрынғы ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі кезде Отанынан тыс, Азия, Батыс Еуропа және Америка елдерінде көбірек тұрады.
Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 4 млн.-нан 5 млн.-ға дейін жетеді.
Қазақ ирредентасы мен диаспорасы біздің мемлекетіміздің олар тұратын елдермен жүргізетін сыртқы саясатының маңызды компоненттерінің бірі, сол елдермен жасалатын мемлекетаралық қарым-қатынастарға тарихи Отаны – Қазақстан және басқа ұлт арасындағы этникалық аз топ ретіндегі қазақтардың жағдайы ықпал етеді.
Осыған байланысты нақтылай кететін нәрсе, Қазақстанмен шектес жатқан аумақтардағы – Ресейдегі (Астрахань, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы-Алтай Автономиялық облыстары), Өзбекстандағы (Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл аудандары) және Қытайдағы (ШҰАА Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл-Құмыл аудандары) қазақтарды ешқандай да «диаспора» терминімен анықтауға болмайды, өйткені олар өздерінің тарихи аумақтарында тұрып жатыр, сон
| | скачать работу |
Другие рефераты
|