Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

гілікті статистика мекемелерінің  жұмысты орталықтандыру қызметтері жақсаруда. 1925 жылы Каз СРО ОСБ түбегейлі қайта құрыла бастады, бұл 1926 жылғы халық санағының басталуына дейін аяқталған болатын. Халық санағы статистика мекемелерінің қайта құрылған жүйесінің негізінде жүргізілген. Санақтарды жүргізумен негізінен Қаз ОСБ демография бөлімі айналысқан. Кадрлар негізінен бұрынғы статистика бөлімдерінің, қоныс аударған, уездік және губерниялық статистикалық бюроларының қызметкерлерінен құралған. 1927 жылғы екінші Қазақстандық статистикалық конференцияда Қаз ОСБ санақ бөлім меңгерушісі Н. Крутилинның баяндамасы бойынша резолюциясында, халықты санақпен қамту толық болғандығы айтылған.1926 жылдың 17 желтоқсанындағы халық санағы бүкіл халықтық іс болды. Партияның орталық комитеті, жергілікті партия органдары статистиканың талаптарын бірінші кезекте орындады. Осы маңызды іс-шараға бүкіл халықты жұмылдырды.

           1926 жылғы халық санағына дайындық кезеңіндегі басты жұмысы бұл санақ сызбалары мен қолданыс құралдарының дайындығы. Ең бірінші тапсырмалардың бірі бұл географиялық, схемалық, өзге де карталарды құрастыру және оларға елді-мекендерді енгізу болды. Ауылдардың әкімшілік шекараларын анықтау қиындық туғызды. Бұл мәселені шешу үшін Ленинград қаласындағы ірі мұрағаттың мәліметтері, жоғарғы геодезия басқармасының әскери-топографиялық бөлімінің және де Мәскеу қаласындағы хабарласу жолдары комиссариятының мұрағатының мәліметтері қолданылған. Картографиялау 1926 жылдың жазында ауылшаруашылық санағы кезінде және халық санағының жүргізілуі кезінде жүзеге асырылды. Қазақстанмен Бүкілодақтық халық санағының дайындық және оны жүргізу жоспары жалпы түрде 1925 жылдың қаңтар айында дайын болған. Ю.М. Иванованың «1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағынына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы»  баяндамасында жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған: 1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, - оларды санақ комиссиясының тек қана штабтық статистикалық жұмысшылары атқарады; 2) бағдарламаны ойластыру, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оларды орындау. Санақ 1926-1927 ж.ж. қатаң қыстың жағдайында жүргізілді. Жұмысқа статистиктер, мектеп және интернат мұғалімдері, халықтық жер комитетінің жұмысшылары, халықтық қаржы комитеті, халықтық ішкі істер комитетінің және жергілікті атқарушы комитеттерінің қызметкерлері тартылды. Қолдағы бар ауылдар мен қыстаулардың тізімі бойынша, кестелер, елді мекендердің  схемалық карталары бойынша халық санағы басталған. «...орыс және өзге қазақ емес шаруашылықтарда халықтың бір жерге жиналуын болдырмау, ауыл-қыстауларды аралауды міндетті түрде жүргізу – қазақ халқына арналған». Халық санағын қалаларда және қалалық үлгідегі елді мекендерде 1926 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған, ауылдық жерлерде орыс және өзге тұрақты халықты – 1927 жылдың 3 ақпанына, көшпелі қазақтар үшін – 1927 жылдың 18 ақпанына, тіркелген жерлердегі қазақ халқын қоспағанда, ол жерлерде халық санағы 1927 жылдың 15 қаңтарында аяқталуы керек болған. Жалпы санақ қойылған мерзімде аяқталған. Қоғамдық санақ бағдарламаларының қоры қазақ шаруашылықтары жайындағы арнайы шығарылған жинақпен толықтырылды. Бұл қосымша жинақ бақылау парақшасы ретінде қолданылды және қазақ жұртшылығының толық есепке алынуына мүмкіншілік берді. 1926 жылғы халық санағы кеңейтілген бағдарлама бойынша жүргізілген. Жеке парақша, жанұя картасы және т.б. сұрақтар енген, қосымша жинақ қазақ шаруашылықтарына арналған көп түрлі сұрақтар бағдарламасынан құрылған, мұнда этнографиялық, әлеуметтік–экономикалық аспектілерді қамтыған. Санақ бағдарламасын құруда белгілі демогрофтар, экономистер, этногрофтар, статистиктер жұмыс жасаған.

 

 

 

             Келесі санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл «атыс санағы» болған. Үлкен шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз болды, өйткені санақты ұйымдастырушылардың көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл санақтың мәліметтері өңделмеген және басылым беттеріне де шықпай мұрағаттарда қалған. Сондықтан тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің қысымы жоғарылағандықтан жаңа санақты жүргізуге дайындықтар басталған, санақ алдыңғы екі бес жылдықтың табысты өткендігін дәлелдеуі керек еді, большевиктердің қуатты қаруы ретінде қызмет көрсетуі керек болған.

            1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932 жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы сынақ халық санағы Тула қаласында және бірқатар ауылдық аудандарда өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл бойы дайындықтар жүргізілген. О.А. Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В. Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген еңбектерін атап өткен дұрыс. Санақ бюросын О.А. Квиткин басқарған, ол 1926 жылы табысты өткен санақтың ұйымдастырушылардың бірі, математик және медик (Сорбонн (Париж) университетін және МГУ медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша сұрақтарды Берлин қаласында зерттеген, неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. ОК БКП (б) және ССРО ХКК халқына арналған арнайы үндеу таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық мағынасы жайында айтылған және санаққа қатысу - әрбір адамның міндеті екендігі айтылған. Сонымен қатар, елде тотаритарлық құрылымның билігі байқалған. Идеологиялық тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының күрт өсуі байқалған, әлеуметтік қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В. Сталин мен Молотовқа халық санағының ең алғашқы қорытындыларын хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті және әскер қатарындағылар бөлек тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы қанағаттанарлықтай еді. Халық санағының ұйымдастырушылық жоспары бойынша қайталап бақылау жұмыстары аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан тыс қалмағандығын тағы да тексеру жүргізу үшін шаруашылық кеңестерінде санақ парақтарына жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен салыстырған. Санақпен қамтылмаған халықтың саны 1 пайыздың бөлігін ғана құраған. Санақ ағымдағы тіркеудің халықтың санын асырып көрсететіндігін  анықтаған, АХАЖ тіркеу жүйесі, туу мен өлімді тіркеу жүйесінде кемшіліктер барын көрсетті. Мәліметтердің толық болуын қамтамасыз ету үшін бұл санақ тұрақты және нақты халықты есепке алудың дұрыстығын көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер ғана санаққа алынбай қалған.  Нұсқаулық нақты болмаған, анық нұсқауларсыз, сөздіктерді құру кезінде де біраз кемшіліктер болған. Бұл санаққа деген соңгы талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне қатысты болған.

            1937 жылғы халық санағының қорытынды мәліметтері өңделіп қатаң түрде құпияландырылған. Өңдеушілер жоғалтылған мәліметтер үшін сотқа берілген болатын.

            1937 жылғы халық санағы халықтың ұлттық құрамы бойынша мардымсыз мәліметтер берген болатын.

 

            ССРО аумағындағы қазақ халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР – 60 035, Тәжік ССР – 12 396, Қырғыз ССР – 25 541.

            ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі  Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы жалпы халық санының күрт азаюының себебін ашаршылықты атамай көрсетуі қажет еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары өте нашар жүргізілген еді, соған қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын көрсеткен.

 

 

Халық санының азаюы ҚазХШЕБ ССРО көшіп кеткен халықтың үлкен санымен түсіндірген (қайтып келгендерді есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен шығарылуымен  халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып  оралғандырды есепке алғандағы сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен.

1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО да тағы бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті қорытындыларды берген жоқ, оның қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын ұлғайтқан.

1939 жылғы санақтың мақсаты партия және үкіметтің бұйрығымен берілгенді есептеу болған. Статистика осы қойылған шартпен орындап шығатындығына ешкімде күмән болған жоқ. Қала жұртшылығының күрт өсуіне дәлелдеу үшін бірқатар елді мекендердің мәртебесі өзгертілген: жүздеген поселкілер қала атағын алған. Қорытындыда керекті цифрларды алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгендігін көрсетті.

Қамаудағы адамдарды санаққа алу бөлек мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір адамнан келетін обл

123
скачать работу

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ