Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

ыстардың, бір сәтте халқы тығыз қоныстанған облыстар болып шығуына жол берілмеуі керек болған. Сондықтан қамауда отырған адамдарға арналған санақ парақтары (1939 жылы  шамамен 3 млн. дана болған)  бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған .

Дегенмен, талпыныстарға қарамастан 1939 жылғы халық санағының қорытындылары 1937 жылда алынған қорытындыларды жоққа шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.

Үкіметке санақтан алынған қорытындылар аса көңіл қонарлықтай болған жоқ, соған қарамастан тағы да бір халық санағын ақаулы санақ деуге де болмады. Соңында ұйымдастырушыларды арнайы марапаттаған, ал мәліметтерді өте қысқа түрде басылымдарға шығарған. Санақтың басты мәліметтерін онымен қоса басылымға дайындалған жеті томдық басылымды қауіптік мақсатта құпияландырған, себебі аймақтық мәліметтерді қосқанда жалған қорытындыларының анықталуы мүмкін еді.

Санақты саясаттандырыу мен идеологияландырудың арқасында методологиялық және методикалық деңгейі күрт төмендеді. Статистикалық мекемелер 1926 және 1939 жылдардағы санақ мәліметтерінің қайталап есептеуін Қазақстанның әкімшілік-территориялық облыстары жүргізген бойынша.

 

Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде болған. 1937-1939 жылдары репрессияға ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы қайталап есепке алудың мәліметтері басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде ғылым әлеміне жаңа демографтар буыны енді. Демография 20-жылдардан кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.

1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда тағы бір кезекті халық санағы жүргізілді. Санақ есепке алу кезіндегі (1959 жылдың 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні)  сол ғимараттағы адамдар, сол ғимаратта тұрақты немесе тұрақсыз түрде тұратындықтарына қарамастан, басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге, санаққа алынбауы мүмкін болатын жерлерге кеткен адамдар санаққа алынған. Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаңтарындағы әкімшілік-территориялық шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскемен, Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық қоныстар: Талғар, Сырдария және т.б. құрылған.

 

1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық халық санағы жүргізілді, бұл санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық және баспа жұмыстары бойынша да алдыңғы жүргізілген санақтардан басым болды және оның қорытындылары 1926 жылғы халық санағының деңгейне жетті. 1970 жылғы халық санағының мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат жүргізу нәтижесінде алынған, бұл мәліметтер сол уақытта жоғары салыстырмалыққа ие болды.

1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Бүкілодақтық халық санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық санақтары сияқты қаңтар айының орта шенінде жүргізілді. Халық тұратын жерінде, ең болмағанда уақытша тұрғын жерлерінде санаққа алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет атқару орындарында есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын арнайы іріктеліп дайындалған сұхбатшылар халық тұратындай немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні сағат 12-00 ден бастап есепке алынған. Тұрақты тұратын халықтың санына уақытша кеткендер де есепке алынған болатын. 1970 жылғы халық санағы бағдарламасы барлық халыққа арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы  сұхбатталған  тағы 7 сұрақтан тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың халықпен сұхбат жүргізу арқылы толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар аралығында 6 күн бойы санақтың дұрыстығын тексеру мақсатында іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар сұхбатшылармен біріге отырып жүргізді. Қайталап бақылау мен қалалық жерлердегі әрбір есептік учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған. Қайталап бақылау нәтижесінде халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке алынбағандығы анықталды, ал бүкіл халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш 0,25%-ды құраған. Халық санағының қорытындысын өңдеу мен дайындау кезінде әкімшілік – территориялық  қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ пен Өзбек ССР араларындағы шекараларының ішінара жаңартулары да ескерілген.

ССРО аумағында 5 298 818 қазақ халқы, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР – 476 310, Қазақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер қосымша азаматтылығын көрсетіуі керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының нұсқаулықтарының талаптары бойынша ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар «сұраққа алынушының атаған ұлтын » және ана тілі жайындағы сұраққа «сұраққа алынушының өзі ана тілім деп есептейтін тілді ғана» жазулары  керек. Және де ана тілімен қатар ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде сөйлей алған жағдайда).

Балаларының ұлтын анықтау қиындық тудыратын отбасыларда анасының ұлты жазылатын болған, бұл тәсіл 1939,1959 және 1970 жылғы санақтарда да қолданылған.

1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық халық санағы жүргізілді. Халық 17-24 қаңтар аралығында 8 күн бойы жұмыс немесе қызмет атқару орындары бойынша емес, тұрғылықты тұратын жерлері бойынша санаққа алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді 16-нан 17-ші қаңтарға қараған түнінің сағ 12-00-ден бастаған. Тұрақты тұрғындар санына уақытша болмаған адамдар да есепке алынған.

Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты тұрақты халықтың - 25% нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін де деректердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген.

123
скачать работу

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ