Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы

лер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.

       Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж) ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.

       Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.

       Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық

7

экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды,  сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай,  нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.

       Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

       Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:

-         масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;

-         кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

     Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық  кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

     Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

      Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

     Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

         Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

      Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

      Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық

8

саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

       Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

       Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

       Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

       АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық  фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.

        Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды  кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс

орындарының  60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады.  Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

       Шағын және орта бищнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен  келісім арақатынастары арқасында жұмыс

9

істейді.  Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы  монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

        80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың  32%, Италияда - 29%,    Францияда  - 21% құрады.

        Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

         Демек, шағын және орта бизнестің ролі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

         Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.

         Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай биқнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

         Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

         Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60%    және жаңа жұмыс

орындарының   70-80% келеді.

         Бесіншіден,  атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ