Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы

тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар).

         Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі  бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

         Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.

         Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

         Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі,

10

тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

        Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

        70-80ж дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік «бум» ғалымдар мен практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан – шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс.

         Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1990-2000ж) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай ролі бар.

       Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

-         еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;

-         оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);

-         бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;

-         шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;

-         ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

    Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар

туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы  қаулысының үлкен ролі бар.

      Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

      2001ж басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің  348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыпен қамтылғандардың жалпы санын  500мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер  40%-на жеткізу міндеті қойылды.

 

2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.

 

        Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы

11

экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың  стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985ж толық шаруашылық есепте болжы, яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын  табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.

        Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ.

        Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады.  ТМД және шығыс Европаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары жылжу үшін  үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды.

        Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді.

 

2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау.

 

        Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.

        Экономикадағы қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің территориясында қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны жылдан-жылға өсуде. 2004 жылдың 1 қаңтарда тіркелген кәсіпорындардың саны 5444 болды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. 2004жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген кәсіпорындардың ішінде:

ірі кәсіпорындар саны –191;

орта кәсіпорындар – 206;

кіші кәсіпорындар – 5147.

        Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.

Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген санын 3-кестеден көруге болады.

 

 

 

 

12

Кесте – 3: Қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны

 

        Кестеде көрсетілген деректер бойынша, Қазақстан Республикасында тіркелген кәсіпорындардың 2214-і үй бұйымдарын және автокөлікті жөндеу, сауда саласында, 910-і өндіру өнеркәсібінде, 657-ы қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау кәсіпорындарында қызмет етеді. Кестедегі деректерге сүйенсе, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың саны

14

жылдан-жылға өсуде.

        Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары саналады. Облыстар бойынша кәсіпорындардың тіркелген санын 4-кестеден байқаймыз.

 

 

 

 

Кесте – 4: Облыстар бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны

 

 

          Қазақстан Республикасында 2004 жылы 5444 кәсіпорын тіркелген болса, оның 53%-і Алматы қаласында қалыптасқан, яғни 2867бойынша қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны 2004 жылы – 2867 кәсіпорынды құраған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. Соның ішінде қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының шоғырланған орталығы Алматы, Астана қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл аймақтарда қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өсуі оңды тенленцияны көрсетеді. Ол оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 2003 жылы қызмет еткен біріккен кәсіпорындар төмендесе, 2004 жылы қайта көтерілу байқалады. Ол сол облыстардың инвестициялық ақуалының жақсарғанын көрсетеді.

         Қазақстан территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың көбісі өндіру, сауда салаларына бағытталған. Біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың саны 2004 жылы 346072 жеткен (5-кесте). Кәсіпорындардың жұмысшыларының тізімдік құрамына, бір және одан көп күнге уақытша жұмысқа, маусымдық немесе тұрақты жұмысқа қабылданған барлық жұмысшылар жатады. Сонымен қатар бірге, нақты жұмыс істейтіндермен қатар, ресми жұмысқа тіркелгендер де есепке алынады.

 

 

 

 

Сурет – 1: Кәсіпорындардың формалары

 

Кесте – 5: Облыстар бойынша 2002-2004 жылдары  кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны мен еңбек ақы қоры.

 

         Қазақстанда

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ