Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы репрессия құрбандары

і. Ол – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, ол революциядан кейін туған жаңа советтік әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрдағы ізденістерді орнықтырды.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында туған. Арғы аталары ауқатты болған дейді. Бірақ өз әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. 15 жасқа дейін өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып  сауат алады. «Қартқожа» романында суреттелетін бала молда өзі екенін жазушы мойындап жазған.

1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебіне түседі. Бірақ ауыл шаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмайды. Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баянауылдағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан кейін 1911 жылы Керекуге келіп, екі класта орыс-қазақ мектебіне орналасады. Кейін интернатта білім алып, 1914 жылы  Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919 жылы бітіреді. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол «Абай» журналын шығарылысады. 1919 жылы алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан советтерінің құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Сосын қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте болды. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылы Қарқаралыда  мектеп мұғалімі болып, 1924-1926 жылы Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарды. 1926-1929 жылы Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйымымен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады. ОГПУ органдары істі тергеп-тексеруге тиісінше қылмысты іс қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ бірден айыптау мақсатына кіріскен. Әлгі аталған 14 адамның бәрін де тұтқындау үшін жеткілікті негіз боларлық айыптары жоқ болса да, прокурордың санкциясынсыз-ақ қамауға алынған. Тергеу бір жылдан астам уақыт жүргізілген және заңсыз тұтқынға ұсталған осынша ұзақ мерзім ішінде сол 14 айыпталушының қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табылмаған. Контрреволюциялық ұйымның программасы, уставы әлдебір  алға қойған практикалық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекеттері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек  жинай алмаған. Соған қарамастан, айыптау қорытындысы жасалған да, ешкімнің бекітуінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына  берілген. Айыпталушылар іс материалдарымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау үшін мүмкіндік туғызылмаған. «Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша жаңа 14 адамға түгелдей сырттай үкім шығарылған» – дейді Аймауытовтың ісін қайта қарауға қатысқан қазақ ССР Жоғарғы сотының председателі Т. Қ. Аймұхаметов.

Міне солардың қатарында Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі 1931 жыл 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды.

 

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин.

Сәкеннің (шын есімі Сәдуақас) дүниеге келген жері Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысындағы Нілді мыс қорыту заводына таяу тұстағы қазақ ауылы. Қазір бұл жер Жезқазғанның Жаңаарқа ауданына қарайды.

1914 жылы қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырады. Сәкеннің қоғамдық, творчестволық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметін құлатқан ақпан революциясынан кейін-ақ Ақмола қаласына ауысып, революциялық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ комитетінің председателі болып сайланады. Оның қатысуымен Ақмола жастарының революцияшыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады.

1922 жылы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесалары кітап болып басылды.

Проза жанрында «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық романын, «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) повестері мен әңгімелерін жазды.

Бүкіл саналы ғұмырын Совет өкіметі мен коммунистік партияға арнаған қазақ даласының «қызыл сұңқары» да «қызыл қырғынның» құрбандығына айналуы сол бір қиямет күндердің заңдылығы секілді болды.

 

СМАҒҰЛ  СӘДУАҚАСОВ

Алты алаштың ардақты азаматы Смағұл Сәдуақасов 1900 жылы Ақмола губерниясының, Омбы уезі Қорған болысында дүниеге келген. Полтавка поселкесіндегі екі жылдық бастауыш мектепте оқып, орысша сауат ашқан. 1915 жылы Омбының ауыл шаруашылық мектебіне қабылданған. 1920 жылы Батыс Сібір кооперация одағында қызмет атқарып, бұратана халықтар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бүкіл қазақстандық кеңестердің бірінші съезіне делегат болып сайланады. «Жастарға жаңа жол» атты кітабын жазады. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, республика Халық ағарту комиссары қызметтерін атқарады. Ол – Қазақстандағы жоғары оқу орнын тұңғыш ұйымдастырушысы және ҚазПИ-дің алғашқы ректорларының бірі. Смағұл Сәдуақасов – әдебиеттанушы, қазақтың тұңғыш ұлттық театрын  ұйымдастырушысы.

  25 жасында мемлекеттік ірі істерге белсене араласқан өжет, тура сөйлейтін, ойы терең, сөзі салмақты, айтқанынан қайтпайтын Смағұлды республика басшылығының тізгінін ұстаған Голощекин ұнатпаған. С. Сәдуақасов Сталиннің Қазақстандағы қолшоқпары, «Кіші қазанды» бастап, қазақ жеріне зобалаң, зұлмат әкелген Голощекинді сынап, пікірлерінің, іс-әрекеттерінің терістігін көзіне, көпшілік алдында айтқан.

Оның шовинистік астамшылығына тежеу салуға тырысқан. Қазақтың тілін, қазақ кадрларын, білімді азаматтарын қорғап, соған қамқорлық жасағаны да әумесер басшының қанын қайнатқан. Сонысы үшін қызметтен алынып, қудалау көрген, Мәскеуге кеткен. 1928 жылы транспорт инженерлерін дайындайтын институтқа түсіп, оны бітірген соң                      С. Сәдуақасұлы Москва-Донбасс темір жолында бас инженер қызметін атқарады. Сонда жүріп қатты сырқаттанып, 1933 жылы желтоқсанда Кремль ауруханасында дүние салды. Оны «халық жауы» атанудан ажал «арашалап» қалса да, қасіретті қара таңба оның жетпістен асқан әкесі Сәдуақас ақсақалға таңылды. Ол кісі айдауда көз жұмады, ал қарындасы Орынбасар қуғын-сүргінді көп көреді.

 

ҒАБДҰЛХӘКІМ  БӨКЕЙХАНОВ

Ғабдол Бөкейханов 1896 жылы 15 көкекте сол кездегі Астрахан  губерниясына қарасты Бөкей Ордасында дүниеге келіпті. Әкесі малшы болған екен. Баласын оқытуға дәулеті жетерлік болса керек. Сауатын үйде қазақша аштырыпты. Одан ауылдағы бір кластық орыс-қазақ мектебіне беріпті. Алайда әкесі ерте дүние салады. 12 жасар бала Хан Ордасындағы интернатта жатып, төрт кластың қалалық училищеде оқиды. Оны 1912 жылы бітіреді де, өз бетінше дайындалып, 1914 жылы Оралдағы реальді училищеге түседі. 1917 жылы Мәскеудегі ауыл шаруашылық академиясына қабылданады. Мұнда ол бір-ақ жыл оқиды...

1928 жылы қаңтардан Қарақалпақ Автономиялық облысында облжоспар төрағасы және облатком төрағасының орынбасары болып істеді.

Қарақалпақстаннан Ғ. Нұрмұхамедұлы 1932 жылы Алматыға шақырылады. Астанада бір жылдай қазақ мақта комитетінің төрағасы болды,  1933 жылы Шымкентке мақта-трактор орталығын басқаруға жіберіледі.

1937 жылы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер бөлімінің бастығы Кальнинч дегенге «ағынан жарылған» өтініш түседі: «Мен, Бөкейханов Ғ. Н. Бүгінгі күннен бастап контрреволюциялық зиянкес ұйыммен барлық байланысымды үземін. Мен, Бөкейханов, өзім құрамында болған осы ұйымда өткізген уақыттарымның аралығынан жиренемін. Ұйым туралы қосымша көрсетулерді егжей-тегжейлі жазып беремін. Ойымды жинақтауға мүмкіндік беруді өтінемін.»

Оның ойын жинақтауға мүмкіндік беру жолы Алматыда ойластырылып қойылған: «... тергеу мен соттан жалтарып кету тәсілдеріне тыйым салу шарасы ретінде Оңтүстік Қазақстан ішкі істер басқармасының ішкі түрмесінде қамап ұстау таңдап алынсын»- деп лейтенант Катаков, капитан Брайловский дейтін НКВД-нің екі бірдей бөлім бастықтары қаулы шығарып Шымкентке жіберіпті, онда мұны кіші лейтенант Полюдов 31 шілдеде өз қаулысын шығару арқылы жүзеге асырады. Алдында, 29 шілдеде үйіне тінту жүргізіпті. Тұтқынға  да сол күні алса керек... Ертеңіне «мойындау», жеке өтініш білдіру.

Бөкейханов қылмыстарын мойындайды. Ісі 1934 жылы 1 желтоқсан заңына сәйкес КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының қаруына берілмек. Липень мен Гитлин 1937 жылы 28 желтоқсанда айыптау қорытындысына қол қояды. КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының төрағасы диввоенюрист Горячев, мүшелері – бригадвоенюристтер Г.А.  Алексеев, А.Н. Микляев, хатшысы – 3 рангілі военюрист Шапошников 1938 жылы 24 ақпанда дайындық мәжілісін өткізіп, Бөкейхановты көшпелі сессияның жабық сотында айыпталушылар мен қорғаушыларды қатыстырмай, куәлерді шақырмай соттау жайында хаттама жасайды. Ертеңіне сағат 17-де осы құрам сотталушының соңғы сөзін тыңдайды, кеңесуге кетеді, қайтып келеді. Сөйтіп, сағат 17-ден 20 минут өткенд

123
скачать работу

Қазақстандағы репрессия құрбандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ