Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы репрессия құрбандары

е  Бөкейхановты ату жазасына кескені туралы үкімін оқиды. Үкім табан астында орындалады.

 

ИМАМ  ӘЛІМБЕКОВ

«Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері болмаса, басқа мүшелерінің көбінің аты-жөні, тағдыры белгісіз ғой. Сондай тарихтан аты өшіп, ұмыт болып бара жатқан алаш азаматының бірі Имам Әлімбеков. Ол Қарқаралының тумасы, сондағы орысша-қазақша оқытатын мектепті аяқтағаннан кейін Семейдегі мұғалімдер даярлайтын семинарияда қазақтың көптеген алдыңғы қатарлы жастарымен бірге, соның ішінде Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаевпен бірге оқыған. Семинарияны бітірген соң Семейде қалып, гимназияларда қызмет атқарады, зиялы қауымның басын құраған «Алаш» партиясын ұйымдастырушылар, халқымыздың біртуар ұлдары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермековтермен серіктес болып, халық қамы үшін бірге күрес жүргізген азамат....

И. Әлімбеков 1937 жылы 17 наурызда мектепте «халық жауы» ретінде ұсталады.

УНКВД үштігінің 1937 жылы 17 қырқүйектегі қаулысымен «контрреволюциялық ұйымға қатысқаны» үшін ең жоғарғы жаза –ату жазасына кесіледі.

 

ҒАЗЫМБЕК  БІРІМЖАНОВ

Қазақ ССР Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясы 1988 жылы 4 қараша күнгі мәжілісінде 1930 жылы сәуірде сталиндік репрессия құрбаны болған 14 зиялы азаматтарымызды ақтады. Солардың бірі – Ғазымбек Бірімжанов.

Осы кісі кім еді?

Москвадағы Бутырка түрмесінде жатқан М. Дулатовты 1929 жылы 3 тамызда сұраққа алған жендет одан: «Бірімжанов туралы не айтасыз?» деп сұрапты. Сонда ол: «Бірімжанов Орынбордағы реальді училищені бітірген. Бізбен бірге Алаш Ордада істеген, Ташкенттегі университеттің дәрігерлік факультетінде оқыған. Кейін «Ақ жол» газеті ұйымдастырылғанда редакцияға ауысып, сонда істеді. «Шеген» деген үлкен атасының атымен жазып тұрды. Онан соң Германияға оқуға кеткен. Бұл 1922 жылдың күзінде болатын», – деп жауап берген.

Ғазымбек Германияда 6 жылдай оқып, агроном мамандығын алып қайтқан. «Енді еліме еңбек етем» деп келгенде, 1928 жылдың күзінде Москвада «халық жауы» деп танылып, тұтқынға алынған, 1930 жылы атуға бұйырылып, артынан ол үкім бұзылған. Он жыл айдауға жіберіліп, сол кеткеннен оралмаған.

Бұл деректерден Ғазымбектің қоғам қайраткері, қаламгер, дәрігер, агроном, ағартушы адам болғаны аңғарылады. Ол негізінен осы ғасыр басындағы қазақ сахарасында күн тәртібіне қабырғасынан қатты қойылған қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жалғастыра жырлаушы журналист, елді оқу-ағарту, әйелдерді езгіден азат ету жөнінде А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың шәкірті, ізбасары болған, солармен үндес, пікірлес болған өрелі өрен.

 

«НКВД»   БАЛАЛАРЫ

Сталинизм тепкісінен тентіреген сәбилердің тағдыры

Тұрар Рысқұловтың жасы 16-дан жаңа асқан жалғыз ұлы Ескендір Рысқұлов Мурманск лагеріне жөнелтіліп, қабырғасы қатпаған жігіттің сол жерде опат болуы, екі қызы Сәуле мен Розаның еліміздегі әртүрлі балалар үйіне өткізген жанкешті қиын өмірінен біз не білеміз?

Сәкен Сейфуллиннің жалғыз ұлы Аян поездағы ыстық-суыққа төзбей, тұлпардың соңғы тұяғы жол үстінде үзіліп кетті.

«Алжир» тұтқыны Мәриям Есенгельдинаның екі жастағы жалғыз ұлын НКВД қызметкерлері қолынан тартып алып, Саратовтағы балалар үйіне жіберіп, нәресте сонда шетінепті... . Қатыгездіктің нағыз шығанға шығуы осы болса керек.

Ілияс Жансүгіровтың ұлы Болаттың өмірінің сақталуы кісі таңданарлық. Қолынан тірідей алатын болған соң Фатима апай НКВД қызметкерлеріне «одан да, өз баламды өз қолыммен өлтірейін!» деп балға алып, сес көрсеткен! Анасының нағыз ерлігінің арқасында Болат Жансүгіров НКВД балаларының қатарына алынбады, бірақ  жиырмасыншы съезге дейін «халық жауының баласы» болып келді... .

Зобалаңға ұшырағандардың әйелдері «халық жауының әйелдері» деген жаламен ұсталып, Ақмоладағы әйелдер лагеріне («АЛЖИР») ұзақ мерзімге айдалғанда, балаларының көрген құқайы да  жетерлік екен. «Сталиндік тәрбие беретін балалар үйіне» жіберіліп, жетімдіктің тауқыметін аяусыз тартты.

Сүлеймен Есқараевтың балалары да, қуғын-сүргінне көз аша алмаған қызы Әлия қазіргі Қызылорда қаласында тұрған. Ал ұлы Марат Есқараев Қазақ ССР Байланыс министрлігінде жауапты қызметкер болған.

Тағдыры ерекше тәлкекке түскендердің үлкен бір тобы – балалар, «НКВД балалары». Сталиндік қанқұйлы заманның зұлматын оларға қарап отырып салмақтауға болады. Олар өте көп. Оларға ортақ бір қасиет бар. Ол – ерекше мейірімділік. Мүмкін, сәби кездерінен мейірімге шөлдеп өскендіктен болар?!

 

АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРЫСТАРЫ

Атылған жер алыста емес, Алматының іргесінде

Сталиндік сыңаржақ саясаттың қанды шеңгеліне ілініп, 37-нің зұлматты жылдары құрбан болған қазақтың маңдай алды азаматтарының жамбасы жерге тиген жер бүгінгі күні белгілі болып жатыр. Ол – Талғар ауданына қарасты Әли елді мекенінің Диханбай қыстауында. Осы жерде 2,5 мың озбыр саясат құрбандары мәңгілік дамыл тапқан. Қай  жерден топырақ бұйырғанын біле алмай, ах ұрып, аңсаумен жүрген асыл жарларың, ұл-қыздарың, арысым деп ардақ тұтқан халқың көк байрағын төмен салып тағзым етіп келіп тұр бүгін бастарыңа. Бұған да тәуба! Топырақты туған жер төсінен бұйыртқанын тәуба!

Қазақтың арыстары жерленген жерді анықтауда «Әділет» қоғамының  үлес салмағы айрықша. Сондықтан да, межелі жерге бет алғанда, осы қоғамды ұйымдастырушылардың бірі, жаны жайсаң ағамыз Мардан Байділдатегі:

– «Әділет» қоғамының 1989 жылы сәуірінен бері жұмыс жасап келе жатқандығы белгілі. Содан бергі тынымсыз еңбектің жемісі ғой бұл. Топырағы торға, жатқан жерлері жайлы болғыр С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов сынды аяулы азаматтардың, жалпы 2,5 мың боздақтың жерленген жерін анықтап отырмыз. Жерледі деген жай сөз ғой, атылғаннан кейін бәрін «қара құзғынға» тиеп, Диханбай қыстағындағы шұңқырға тастап, бетін шала-шарпы жаба салған. Амандық болса, оларды арулап басына құран шығарып, бүгін қайта  жерлейміз. Сол жерден табылған  төрт адамның мәйітін бүгінгі күнді күтіп сақтағанымызға да біраз болды. Құдайға шүкір, бұл күнге де жеттік!

Диханбай қыстауында жатқан 2,5 мың арыстарымыздың кімдер екендігін, олардың есімдерінің қалай анықталғанын «Әділет» қоғамының төрағасы, академик Манаш Қозыбаевтың сөзінен білдік. Ол кісінің айтуынша, бұл жерде жерленген 2,5 мың адамның 499-ның есімдері анықталыпты. Ол тізімді Ресей қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері табыс етіпті. Жоғарыда біз сөз еткен қазақтың маңдай алды азаматтарының есімдері де сол тізімде аталған. Ресейліктер табыс еткен құжат бойынша 499 боздақ, не бары 14 күнде атылып, осы жерге құпия түрде көмілген.

Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид салдарынан, тағы басқа өміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қойғанын  әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол демографиялық кәріптік жеңіп, сол дертті бір жола жазбайынша қазақты ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қызыл қырғын. 37-де опат болғандар
  2. Абақты
  3. «Егемен Қазақстан» газеті (1993 жыл 14 тамыздағы шығарылымы)
123
скачать работу

Қазақстандағы репрессия құрбандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ