Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

үзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.

С.Хантингтонның саяси құқықтық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның құқықтық тетіктері  мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны  «жоғарыдан» әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси-құқықтық институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық — экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.

Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау  іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің даму эволюциясында әр түрлі саясат, айла-тәсілдер қолданылды.Бірақ өз заманындағы саяси режимнің қатал талаптарына қарамастан қазақ заңгерлері Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума мінбесінен де тәуелсіз, егемен мемлекеттің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді көтерді.

Ахмет Байтұрсыновтың  «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «…Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз…Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «…азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды[4,2].

А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде  Н.Нұрмақов ҚАКСР  Конституциясының  жобасы  жайлы баяндама жасады.

Қазақстанда соңғы жылдары экономист ғалымдармен қатар ірі мемлекет қайраткерлері,заңгерлер де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік  модернизацияға негізделгені байқалады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси-құқықтық жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың – Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси-құқықтық ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және «Жаңа әлемдегі   жаңа Қазақстан» негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.

Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы тиіс.

Қазақстанда қазіргі заманғы саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады.

Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын  жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде қоғамдағы мәселелер мен қарама-қайшылықтарды ажырататын қоғамдық пікірдің барометрі ретінде шығады. Азаматтық институттар азаматтардың мұқтаждықтары, мүдделері  мен үміттерінің бейнесі мен артикуляцияларының формасы ғана емес, сондай-ақ оңай шешімді жасау тетігі. Өз қызметінің секторальдық сипатының арқасында, саяси партиялардан, нарықтық құрылымдардан немесе мемлекеттік биліктен гөрі үкіметтік емес ұйымдар қарапайым азаматтардың шынайы мүдделерінің жедел және дәл рефлексиясы болып табылады.Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуымен, әлеуметтік демократиялық,құқықтық мемлекеттің даму кезеңімен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында, таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз ететін болады. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Осыған байланысты мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттары анықталған. Тиімділік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен әкімшілік реформаларды тереңдету көзделеді[5,2].

Елді индустриалды әлемге бейімдеу мемлекет басшысының «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауларына байланысты саяси шешімдер қабылдануда.

Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің  қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың  футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері,тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси-құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады.

Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру негізгі екі қағидаға – еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік демократия идеяларын негіздеуге талпынды.

Қазіргі кезде коғамды модернизациялаудың  атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.

Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы саяси-құқықтық процесті модернизациялауға  ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды.

Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап  мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.

Осы кезеңде идеялар алмасудың алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік алған жылдарында Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып тәуелсіздіктің нығайуына ықпал жасады.

Мемлекет Конституциясы күн тәртібіне жауап бере алатын жетілдірілген Қазақстан Орталық Азия аймағына саяси-құқықтық модернизация үлгісі бола алады. Экономикалық жағдайдың тұрақталуы және біржолата нарықтық экономикаға көшу биліктің президенттік басқару түрінен пр

123
скачать работу

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ