Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасының халқы Ұлттың ортақ ұраны: отан, тәуелсіздік, тұрақты даму Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты Отаршылдық саясаттың түркі өркениетіне тигізген кері әсері

Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. “Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.

Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:

“Туған жерге туың тік”.

“Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне”.

“Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас” (1) т.б. болып кете береді.

Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.

Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.

Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.

Осыған орай қазақтың би-шешендерінің сөздеріне жүгінейік.

Төле Би:

“Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол”.

Майқы Би:

“Бірлік түбі береке,

Береке түбі мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел болуды ойлаңдар”.

Қазыбек Би:

“Алтын ұяң-атаң қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат”.

Әйтеке Би:

“Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,

Біз үш жүз керіспейік, келісейік”.(2) Би-шешендердің сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады.

Немесе қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Қамбар, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Қарқабат, Сураншы, Саурық, Сырым, Исатай сияқты батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен. (3) Батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады

Осыған қоса бабаларымыз, ел қорғаған азаматтарымыз: Бәйдібек баба, Қойгельді, Сыпатай, Сәмен, Рысбек, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Туғанбай, Тұрлығул т.б. істеген ерліктері бүгінгі қазақстандық патриотизмге негіз бола алады.

1941-1945 жылдардағы соғыста 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысып, соның жартысынан көбі елге ормалды. Сол соғыста мерт болды.

1941 жылы соғыстың алдыңғы шебі Брест қамалын қорғауда ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Г.Жұматов, Ш.Чултуров, Қ.Иманқұлов, Е.А.Качан, Ш.Сулейменов, М.Ниязов, Т.Сатыбалдин, Н.Сыдықов т.б.

Мәскеу түбіндегі Волокалам тас жол бойында ерлікпен күрескен В. Панфилов, Бауыржан Момышұлы басқарған 316-ыншы атқыштар дивизиясы, оның ішінде 28 батырлардың ерлік тарихы  ерекше ел аузында аңызға айналды. (4)

1941-1945 жылғы соғыста 500 дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атанды. Батырлар санынан Қазақстан Одақтағы халықтар арасында ұшінші орында.

Солардың ішінде Кеңестер Одағының екі рет батыр атағын алғандар: Т.Бильгельдинов, И.Павлов, С.Луганский, Л.Беда. Батырларымыз М.Ғабдуллин, М.Бөкенбаев, С.Баймағамбетов, С.Шәкіров. Батырлықпен көзге түсіп, бірақ кезінде батыр ала алмаған жамбылдықтар Ы.Сүлейменов, А.Сухамбаев. Қазақстандық партизандар:  Г.Омаров, С.Төлешов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, М.Мұқанов. Қыздарымыз Ә.Молдағұлова, М.Мәметоваларда ерліктің арқасында Кеңестер Одағының батыр атағын алғандар (4). Осылардың ерліктері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі екені айқын.

Қазақстандықтардың Отан соғысындағы ерліктері туралы белгілі ғалым-тарихшы-академик М.Қозыбаев кезінде еңбек жазып, сұрапыл соғыс жауынгерлерінің ерліктерін дүниежүзіне паш еткен. (5)

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көп ұлтты Қазақстан Республикасы өзінің ән-ұранын, туын, ұлттық белгісін, ұлттық валютасын шығарып алға қадам басу керек болды. Еліміздің тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Бұл кезеңде “кеңестік патриотизм мен интернационализмді немен ауыстыру керек?”, деген сұрақ тұрды.

Осыған орай кейбір азаматтардың арасында: “Бізге тек ұлттық тәрбие, қазақтың ұлтжандылығы керек” деген сыңай танытты. Біз мұны бүгінгі таңда дұрыс бағыт деп санамаймыз. Себебі көп ұлтты мемлекетте басқа ұлт өкілдерін де сыйлауымыз керек. Оларда да ұлттық намыс бар. Сондықтан Қазақстан халқы татулықта, ауызбірлікте бірге еңбектеніп, оқып білім алу қажет. Ол үшін осындай мемлекеттің мемлекеттік, ұлттық идеологиясы болу керек. Соны қалыптастыру қажет. Оған қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ортақ істерінің маңызын насихаттау. Соған мұрындық болатын көп ұлтты мемлекеттің ортақ істерінің бірі 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының 60-жылдығын тойлау сияқты іс-шаралар.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.

Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз” (.273)

Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: “Біз қайдан шықтық?, Біз кімміз?”, Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?”,“Сол дәуірде не жоғалттық?”, “Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен , жанын пида қылған ата-бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз?” т.б. сұрақтарға жауапты осы институт қабырғасында дәріс беру барысында іздегеніміз жөн. Себебі   мектеп оқушыларына осы сұрақтар төңірегінде  жауаптар беру керек. Бүгінгікішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.

Осы сұрақтарға жауап беру үшін  қатарлары сиреп бара жатқан тарихтың тірі куәгерлерімен кездесіп, солардан дәріс алу баршамыздың міндетіміз. Мәселен, ортамызда  жүрген, кешегі Отан соғысын бастан аяқ атқарған, Даңқ  орденінің иегері, ұстаз-профессор Шәбден Әділұлы. Немесе қаламыздың белгілі азаматы, екі дүркін Даңқ ордендерімен марапатталған Сраил Керімбаев, Отан соғысының ардагері, тарих ғылымының докторы, профессор Көкіш Рыспаев т.б. соғыс ардагерлерімен кездесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап іздеу жалапы болашақ ұстаздардың міндеті.

Тарихты кітаптан оқу  өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды. Бұл да қазақстандық патриотизмнің негізі. 

Жеңістің 60 жылдығына орай Президеттің бастауымен Республика Өкіметі соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетуде. Уақыт озады. Бүгінгі соғыс ардагерлері де өмірден өтеді. Біз осылардың куәсіміз. Соғыс ардагерлерінің көзін көргендер ертең жастарға не айтады?

Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде.

Кешегі сұрапыл соғыста опат болғандарды есте сақтау үшін Жамбыл облысынан соғыстан қайтпағандарға арнап “Боздақтар” (7) кітабын  шығарды. Мұның да патриоттық, ұлтаралық татулыққа  мәні бар. Себебі онда осы облыстан соғысқа аттанып елеге оралмаған 112 мыңдай 18 ұлт өкілдерінің өмірбаяны берілген.

Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ “Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы” (8.639 )

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”(9), “Тарих толқынында” (6) деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу.  Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- Президент. (9)

Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен

12
скачать работу


 Другие рефераты
Аудит кредитных операций
Изобразительные средства на примерах поэзии Маяковского
Ковалентті байланыстың табиғаты
Административные и экономические реформы Петра I


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы

котельная под ключ

ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ