Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанның оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесі

Қазақстан мемл. тех. ун-тi, Жезқазған ун-тi, Жетiсу мемл. ун-тi, Бат. Қазақстан мемл. мед. академиясы, Бат. Қазақстан мемл. ун-тi, Қазақ көлiк және коммуникация академиясы, Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы, Қазақ мемл. заң академиясы, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-ты, Қазақ халықар. қатынастар және әлем тiлдерi ун-тi, Қарағанды мемл. мед. академиясы, Қарағанды мемл. тех. ун-тi, Қарағанды мемл. ун-тi, Қарағанды металлургия ин-ты, Көкшетау мемл. ун-тi, Қостанай мемл. ун-тi, Қызылорда мемл. ун-тi, Халықар. қазақ-түрiк ун-тi, Павлодар мемл. ун-тi, Рудный индустр иялық ин-ты, Солт. Қазақстан мемл. ун-тi, Семей мемл. медицина академиясы, Семей мемл. ун-тi, Тараз мемл. ун-тi, Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясы, Оңт. Қазақстан мемл. ун-тi. ҚР Қорғаныс мин-нiң әскери оқу орындары Қазақстанның Қарулы Күштерi үшiн командалық, инж.-тех. және арнаулы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатын көздейдi.

Қазақстан Республикасы әскери оқу орындарына: ҚР Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиац. уч-щесi, Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери ф-т, ҚР Қорғаныс мин-нiң кадет корпусы, “Жас ұлан” респ. мектебi, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардағы офицерлер құрамын даярлау және қайта даярлау курстары жатады. Алғашқы мемл. емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсiздiгi жарияланғаннан кейiн ғана пайда болды.

Өзiнiң он жылдық дамуы барысында жоғары кәсiби бiлiм берудiң мемл. емес секторы жалпы бiлiм беру жүйесiнде елеулi рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсiби бiлiмдi мамандар даярлауға мемл. лицензия алған 121 мемл. емес жоғары оқу орны болды.


Қазақстан Республикасы, денсаулық сақтау ісі

Денсаулық сақтау iсi. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар ҚР Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемл. бағдарламаға сәйкес жүргiзiледi. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемл. саясат мына принциптерге негiзделген: мемл. денсаулық сақтау мекемелерi көрсететiн дәрiгерлiк-санитарлық, дәрiгерлiк-әлеум., дәрi-дәрмектiк көмектiң мемл. кепiлдiгiн қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершiлiгi; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеум. қорғалуы, кепiлденген дәрiгерлiк жәрдем шеңберiне сәйкес дәрiгерлiк жәрдем алудың әлеум. әдiлеттiгi және теңдiгi.

Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрiгер саны 50,6 мың немесе әрбiр 10 мың тұрғынға 33,9 дәрiгерден келедi. Орта буын медицина қызметкерлерiнiң саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары бiлiмдi медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен iрi қалаларда орта буынды медицина қызметкерлерi даярланады.

Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактик. қызмет денсаулық сақтау iсiнiң аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн мекемелер саны 1999 ж. 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматол. көмек көрсететiн мекемелер саны көбейе түстi. 1990 ж. республикада 88 жеке стоматол. емхана жұмыс iстесе, қазiр олар 3 есе көбейiп, қазiргi уақыттағы саны 243-ке жеттi. Сондай-ақ, халыққа стоматол. қызметтi 1042 стоматол. кабинеттер де көрсетедi.

20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшiк медицина кең етек жая бастады. Iрi кәсiпорындар мен мекемелерде, ауылдық елдi мекендерде санитарлық, дәрiгерлiк, фельдш.-акушерлiк пунктер жұмыс iстейдi. Республикада (негiзiнен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қ-нда) әр түрлi ауру-сырқаттарды емдейтiн iрi мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қ-ларында, елiмiздiң экол. қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететiн iрi, қазiргi заманғы жаңа құралдармен жабдықталған мед. орталықтар iске қосылды. 1990 ж. Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелерi жұмыс iстедi. Оларда 64 мың орын болды. Қаз.энциклоп. 5 том

Қаз.энциклоп. 5 том

123
скачать работу

Қазақстанның оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ