Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

лық қауіпсіздік туралы шартты әзірлеу жөніндегі ұсынысын қарастыруды қолдайды.

Прагматикалық ойлауды пайдалану, блоктық қарама-қарсы тұру идеологиясынан, енжарлықтан және бітпейтін өзара кінәмшілдік жүгінен бас тарту жағдайында, Қазақстан сондайлық қажетті алғашқы қадамдарды жасай алатынына сенімді.

«Венадан батыс жақта» және «шығысқа қарай» орналасқан елдер тең дәрежеде біздің елімізге сенетіні және Қазақстан мен оның көшбасшысының бүгінгі оппоненттердің ұстанымдарын жақындастыруға және ЕҚЫҰ-дағы өзара түсіністікті нығайтуға қабілеттілігіне сенетіндігі Қазақстанды жігерлендіреді.

Мұндай күтушілік посткеңестік кеңістікте «созылмалы» жанжалдарды реттеу жолдарын табуға қатысты да өзекті саналады. Біздің еліміздің қарсы тұрушы барлық мүдделі жақтармен сындарлы ынтымақтастығы, біздің ортақ, тарихи өткеніміз бен менталитеттік жақындығымыз реттеу жолдарын із-дестіру жөніндегі жемісті жұмыс үшін барлық қажетті алғышарттарды жасап берді. Мұнда жанжалдасушы елдердің халықтарында Н.Ә.Назарбаев, жоғары беделі мен сенімі Қазақстанның басты ресурсы болып табылады, олар ТМД аясында күрделі жанжалдарды шешуге талай рет кемектескен. Орталық Азия мемлекеті ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ қоғамдастығының жіті назарын Ауғанстанды сауықтыру проблемасына аудармай тұра алмаймыз, онсыз біздің өңірдің тұрақтылығы туралы ғана емес, сонымен бірге Ұйым жауапкершілігіндегі аймақтың кауіпсіздігі туралы да айту қиынға түседі.

Ауған халқына қоғамды қарулы қарсы тұрушылықтан жасампаздық арнасына көшіруге жәрдемдесу халықаралық коалиция елдерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл Ұйымның аса манызды міндеті болуы тиіс деп санаймыз. Және оны шешуге Қазақстан лайықты үлес қосуда. Мәселен, Қазақстан елеулі гуманитарлық көмек көрсетіп келеді, осы жылдан бастап екі жақты үкіметаралық келісімді іске асыру басталады, ол бойынша біздің оқу орындарымызда 1000 ауғандық маман: агрономдар, мұғалімдер, дәрігерлер, кұрылысшылар әзірленетін болады. Іс басындағы төраға ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-ның мүмкінідіктерін Ауғанстанды сауықтыру үшін толық пайдаланбақ.

Өз алауыздықтарын еңсеріп, бұдан 35 жыл бұрын Хельсинкидегідей ортақ жоғары мақсаттармен біріккен ЕҚЫҰ коғамдастығы бүгін-қалыптасып жатқан жаңа әлемдік тәртіптің негізгі сұлбаларын бірлесіп жасауға қабілетті.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі бастамасының Ұйым үшін де, сол секілді оның әрбір қатысушы мемлекеті үшін де айрықша құндылығы осында болып табылады.

Қазақстан көшбасшысының ұсынысы — бұл қатысушы елдер үшін ЕҚЫҰ-ның Ванкуверден Владивостокқа дейінгі жауапкершілік аймағындағы ұлан-байтақ кеңістікте пайда болған жаңа сынақтар мен қатерлерге тиісінше жауап табуының, Ұйымды бүгінгі нақтылыққа бейімдеудің тарихи мүмкіндігі.

Бұл саяси ұстанымдардың жақындасуы ғана емес, ең алдымен ЕҚЫҰ ұлттарының өскелең бағалы топтасушылығы, Венаға қатысты географиялық орналасуы бойынша да, сол секілді түрлі елдер дамуындағы теңсіздіктер бойынша да оның кеңістігіндегі сегменттік тосқауылдарды енсеруі.

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 65 жылдағы, Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылуының 35 жылдағы, Париж хартиясының 20 жылдағы жаңа Еуропа үшін ЕҚЫҰ-ның бүгінгі рөлін байыпты талдауға және қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың кең тұрғысында оның болашағы туралы ойласуға жақсы себеп болады.

Афинада 2009 жылғы желтоқсанда ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесіндегі ресми қолдау және Қазақстан төрағалығының Венадағы табысты тұсаукесері жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыру жөніндегі нақты жұ-мысты бастап берді.

ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жаңа сынақтарды ескере отырып, біздің Мемлекеттің басшысы әділ атап өткеніндей, жоғары деңгейдегі кездесудің күн тәртібі еуропалық қауіпсіздіктің болашақ жүйесі, Ауғанстанды сауықтыру және төзімділікті қамтамасыз ету секілді мәселелерге шоғырлана алар еді.

ЕҚЫҰ саммитін Қазақстан көшбасшысының төрағалығымен өткізу жалпы еуропалық және еуразиялық кеңістікте кооперативтік және біртұтас қауіпсіздіктің қағидаттарын одан әрі нығайтуға қуатты серпіліс  беретініне сенімдіміз.

Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес Қазақстан өз төрағалығының аясында қазақстандық күн тәртібін нактылы ілгерілету ниетінде. Бұл шаралар таратпау және ядролық қарусыздану режімінің тиімді жұмыс істеуі жөніндегі Қазақстанның күшжігеріне саяси қолдау білдіруді, еліміздің өскелең мүмкіндіктерін энергетикалық және азық-түлік кауіпсіздігін қам-тамасыз етуге ерекше мән бергізуді, сондай-ақ Арал теңізі мен Семей ядролық полигонындағы үлкен экологиялық апаттардың зиянды салдарын еңсеруге баса назар аударуды қамтиды.

Қойылған міндеттерді негізге ала отырып, Қазақстан бәрінен бұрын ЕҚЫҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін осы заманғы сынақтар мен катерлерге әлдеқайда жедел әрі тиісінше ден қою ұмтылысына қажетті серпін береді [3].

Қорыта айтқанда Қазақстан лаңкесшілдікпен, экстремизммен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, адам саудасымен күрес бойынша ЕҚЫҰ аясында ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылуда. Бұл бағыттағы негізгі шара ретінде Қазақстан Астанада лаңкестікке жол бермеу жөнінде конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Афинада қабылданған таратпау жөніндегі министірлік декларацияға сәйкес әлемдік таратпау үдерісінің танымал көшбасшысы болып табылатын Қазақстан ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық күшжігерге қолдау жасаудағы ЕҚЫҰ үлесін арттыру ниетінде.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сейсенұлы, Дәулет.Қазақстан — бейбітшілік эпицентрі: [Ядродлық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылды]// Егемен Қазақстан.-2006.- 9 қыркүйек.-5б.
  2. Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы.     Бейбітшілік кіндігі.- Алматы: Атамұра, 2003.- 256 б.:сурет.
  1. Құланбай, Ә. Қазақстан ұстанымы – ядролық қарудан азат әлем құру// Егемен Қазақстан.-2010. — 22 қаңтар. — 2 б.
12
скачать работу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ