ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Другие рефераты
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ядролық қарусызданумен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алар тұста, 1991 жылы тамызда Президент Н.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстанның дұрыс стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетеді.Қазақстан адамзаттың бүгінгі және болашақ ұрпағы арасында үлкен жауапкершілік өнегесін көрсете білді. Нақты қауіпсіздіктің тірегі ядролық арсенал емес, сыртқы бейбітшілік сүйгіш саясат, ішкі тұрақтылық, елдің тұрақты экономикалық және саяси дамуы болып табылатындығын өз мысалымен сенімді дәлелдеді.
Уинстон Черчилльдің “генералдар барлық уақытта өткен соғысқа дайындалады” деп айтқаны бар дей келе, “Қазақстан жаңа әлемге — ядролық қарудан азат әлемге әзірленген еді, сол себепті адамзаттың жаппай құрып кету қаупі алдында жауапкершіліктің жоғары өнегесінің айқын мысалына айналды. Сынақ полигонының жабылуы Қазақстанның қарусыздану саясатындағы маңызына айналған үдерістегі тұңғыш қадамы болды. 1992 жылы біз ядролық қарусыз мемлекет санатында Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа (ЯҚТШ) қосылуға ықылас танытып, Лиссабон хаттамасына қол қойдық.. Осылайша Қазақстан өзінің міндеттемесін толықтай орындады”,
1993 жылдың желтоқсанында ел Парламенті ЯҚТШ-ны бекітіп, бір жылдан соң Қазақстан ядролық державалардан қарусыздану жөніндегі міндеттемелердің толық және бұлжымай орындалуын мойындаған қауіпсіздік кепілдемесіне ие болған. 1996 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шартқа қосылса, 2006 жылы қыркүйекте өңірдің басқа да елдерімен бірге Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы Шартқа қол қойды[1]. Бұл игі қадам – жаңа ядролық қарусыз аймақ құру Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қосылған маңызды үлес болып табылды.
Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, ядролық қатерді жоюдың табанды жақтаушысы болып қала берді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелерінде Н.Ә.Назарбаевтың және Қазақстанның көшбасшылығын халықаралық қауымдастық мойындады да, ерекше құрметтейді де.
Қазақстан Республикасы «ядролық қарудан азат әлемге қадам басу керектігі» туралы адамзатқа талай рет үндеу тастады [2]. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың (ЯҚТШ) тиімділігін қамтамасыз ету және оның ережелерін ядролық қаруды таратпау режимін нығайту мақсатында қазіргі заман ақиқатына лайықтандыру жөніндегі шараларды БҰҰ шеңберінде қабылдау керектігіне» ядролық державалардың назарын БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында аударған болатын.
Сонымен қатар Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шарттың (ЯСЖТС) мүмкіндігінше тез арада күшіне енуін және ыдырайтын материал өндірісіне тыйым салу туралы Шартты (ЫМӨТШ) әзірленуін қалайды. ЯСЖТС-ті дайындау комиссиясы аясында Жаһандық бақылау желісін жаңадан құру және жергілікті инспекциялар құқығын нығайту мәселелері бойынша отандық дипломатия аталмыш құрылыммен белсенді түрде бірлесе жұмыс істеуде.
Өзінің ЯҚТШ пен таратпау режимін жалпы күшейтуді көздейтін ұсыныстарын қазақстандық дипломатия өткізілуі 2010 жылға жоспарланған ЯҚТШ-ты орындау бойынша Шолу конференциясына орай әзірлеу барысында. Біз ұсынып отырған жаңа шарт – қалыптасып қалған жағымсыз жағдайдан шығу мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Жаңа шарттың мазмұны соған мүдделі барлық елдер тарапынан түсер ұсыныстарға тәуелді екенін түсінеміз. Біз ондай талқылауға әзірлік атқарудамыз.
- Осы орайда АҚШ тарапынан ұсынылған Қазақстанның әлемдік отынның халықаралық банкінің ел территориясында орналасуына оң қабақ танытқандығы жұршылыққа аян. Бұл қадамға экологтардың дабыл қағып отырғандығы тағы бар.
- Беделді мамандардың пікірлері бойынша, қазіргі таңда Қазақстан әлемдегі атом энергетикасының қайта жаңғыруы болып жатыр. Чернобыльде болған қайғылы оқиғадан кейін өткен ширек ғасыр ішінде, құдайға шүкір, әлемде бірде-бір апат болған емес. Өйткені адамзат өз сабағын алды. Қазіргі кезде атомдық қуат технологиялары өткен ХХ ғасыр еншісіндегі жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда қауіпсіз деуге болады.
Әлемде қалыптасқан ахуалға байланысты, Қазақстан, уран кенін жетекші өндіруші бола отырып, ядролық отынды өндіруге әлеуетті иеленіп, ЯҚТШ-тың қатаң талаптары шеңберінде және Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА, орысшасы — МАГАТЭ) тығыз ынтымақтастықта атом қуатының бейбіт мақсатта пайдаланылуына өз үлесін ұлғайтуына мүдделі. Халықаралық ядролық отын банкінің мақсаты бізге мәлім әрі түсінікті жәйт. Ал оның мақсаты – ядролық отын циклін жүзеге асыруға мүмкіндіктері жеткіліксіз елдерге бейбіт атом қуатын дамыту мақсатында ядролық материалдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Осыған орай 2009 жылы 6 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық ядролық отын банкісі құрылған жағдайда, ЯҚТШ-ға қол қойған және ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан оны өзінің аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыра алатындығын мәлімдеді.
Аталған мәселеге жұртшылықтың алаңдаушылығына келетін болсақ, жобаның экологиялық қауіпсіздігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құзыретіне жататындығын айта кеткен жөн. Бірақта біздің қолымыздағы мәліметтерге және АЭХА сарапшыларының консультацияларына қарағанда Ядролық отын банкінің өзі қандайда бір экологиялық қатер төндірмейді. Қазақстан радиоактивті материалдарды өндірудің, өңдеу мен сақтаудың қазіргі заманға лайықты және толығымен қауіпсіз технологияларын иеленеді. Оны халықаралық сарапшылар да мойындайды. Соған қарамастан, егер аталмыш «банк» іс жүзінде ұйымдастырылатын болса, оның қызметіне бақылау АЭХА тарапынан жүзеге асырылатын болады.
Сонымен АЭХА-ның бас директоры Ю.Амано мәлім еткеніндей “Қазақстан АЭХА-ның ерекше маңызды әріптесі болып табылады”. “Ядролық қарудан бас тарту және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядролық емес мемлекет ретінде қосылу таратпау режімін нығайтуға оң ықпал еткен маңызды тарихи оқиға болып табылады. Біз Қазақстанның АЭХА-мен ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанамыз және ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірміз”.
АЭХА-нің бас директоры Қазақстанның өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы шешім қабылдағанына, мұның өзі Қазақстанның таратпау ісін жақтайтындығының кезекті қуаттауы болып табылатынына ризашылық білдірді.
Бұл бастамалар Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режімін нығайтуға қосқан нақты үлесі болып табылады. Қазақстанның бейбіт атомда халықаралық қоғамдастықтың және бәрінен бұрын АЭХА-нің тарапынан қатаң бақылау жағдайында дамытуды жақтайды. Осыған орай Қазақстан Агенттікпен барлық бағыттар бойынша, соның ішінде, техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында ықпалдастықты белсенді ету ниетінде. Мұның өзі атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы барынша өзекті міндеттерді шешуге сүбелі үлес қосады.
Бүгінде Қазақстан уран өнімін өндіру жөнінен көшбасшы болып келеді. Кепілдіктерді қолдану туралы келісімге сәйкес Қазақстанның барлық ядролық нысандары АЭХА-нің бақылауында және барлық ядролық қызмет Агенттіктің ережелеріне сәйкес және стандарттары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан АЭХА-нің қарауына АЭХА құзырымен өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы мәлімдеуді ресми енгізген болатын. Бұл қадам атом энергетикасын бейбіт дамыту жөнінде Агенттікпен ынтымақтастыққа қосылған тағы бір үлеске айналады.
Кеше ғана өз тәуелсіздігін алған Қазақстан ЕҚЫҰ-ның тарапынан белді мүше ретінде танылып қана қоймай, 2010 жылы оның төрағалығына сайлануы – үлкен құбылыс. Әрине БҰҰ мен ЕҚЫҰ арасындағы қарым-қатынасты тереңдете түсудің перспективалары көп, соның ішінде еуратлантикалық және еуразиялық кеңістіктердегі ынтымақтастықты дамыта түсу өзекті.
2009 жылдың 11-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөніндегі комиссия құрылды.
2009 жылдың 20-қаңтарда Ақордада Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі, Комиссия төрағасы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен аталған құрылымның алғашқы отырысы өтті.
Қ. Саудабаев отырыстағы сөзінде комиссия құру туралы шешім саналы түрде жасалған әрі Қазақстанның сыртқы саясатындағы қарусыздану бағытын нығайтуға арналған қадам болып табылатындығын, сондай-ақ Қазақстан өзінің ядролық қарусыздану тәжірибелеріне сүйене отырып, ядролық қарудан азат әлем құру идеясын қалтқысыз ұстанатын ел ретінде өзге мемлекеттерге үлгі қызметін көрсетуте әзір екендігін атап өтті. Комиссия төрағасы бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылданғанын келтірді.
Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі комиссия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді бастаған кезде құрылғанын, оның мүшелеріне аса жоғары жауапкершілік жүктелетіндігін айта келіп, Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ-ның саяси көшбасшысы ретінде Қазақстан сайып келгенде Ұйым кеңістігінде әріптестіктің жаңа дәуірін ұжымдық күш-жігер арқылы ашу үшін осынау оң үрдісті дамытпақшы.
Бұған ең алдымен грек төрағалығы бастамашысы болған еуропалық қауіпсіздіктің болашағын талқылауды жатқызуға болады. «Корфу үдерісі» тұрғысында Қазақстан Ресей Федерациясының Еуропа
| | скачать работу |
Другие рефераты
|