Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері

і. Бүгінде халық бірте-бірте газет, журнал, кітап оқудан қалып барады. Өйткені халық хабарға мұқтаж емес. Бәрінің орнын теледидар басып отыр. Ол әрі қысқа айтады, әрі көрсетеді.

Қазақта «өнер алды – қызыл тіл» деген мәтел бар. Бұл сөзге көп мән бергендікті көрсетеді. Бүгін бұл мәтел өмір талабына сай «сөз — өмір, сөйлеу — өнер» деп жаңартуға болар еді.

Ойшыл халық алды-артын байқап, шамалап, орынды өсиет жасап отырады. Біздің нарыққа көшкен кезеңімізде бұл әбден қажет. Біз егеменді ел болдық деп алғашқы жылдарда түрлі себептер тауып, той тойлап, шаттандық, шабылдық. Енді әулилелерге ас беру басталды. Ол да дұрыс, имандылық іс. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қағида да бар. Бірақ алла – тағала да халықтың риздығын шаша бер демейтін шығар.

Біздің Қазақстан жылына 28 миллион тонна мұнай шығарады екен. Болашақта оны біз 85 миллион тоннаға жеткізеді екенбіз. Енді осыншама мүмкіндігіміз бола тұра неліктен Ресейге мұнай үшін 150 миллиард сом қарызбыз? Оның себептері де бар шығар. Себепсіз еш нәрсе жоқ. Бірақ ол себептерге не себеп болды? Бұл дүниетанымдыққа жатпай ма? «Өзіңді бұлдай алмайсың»,- деп Құнанбай Абайды мінеген екен. Әрине, бұл басқа жағдайда, басқа мағынада айтылған. Бірақ біз өз құнды заттарымызды бұлдай білдік пе?

Шетімізден «қазақ үшін өлемін де, тірілемін де» деп жүреміз, ал іс жүзінде жағдай басқадай да болып шығып жатады. Мерзімді баспасөз беттерінде қазақтық сезімімізге, ісімізге, мінезімізге, көзқарасымызға қарай «шала қазақ», «мәңгүрт қазақ», «мәмбет қазақ», «сырты қазақ – іші орыс», «қазақ тілін білмейтін қазақ», «орыс тілін білмейтін қазақ», «екі тілде де арластырып, сапырып жүрген әлдігүрт қазақ» деген ұлтымыздың «түрлері» пайда болды.

Сондықтан жастарды ұлттық салт-сана рухында қанаттандырып, шынайы патриот етіп тәрбиелеу – отбасынан басталуға тиіс десек, бүгінгі ұрпақ – біздің өзіміздің де дәл осындай өнеге бигінен табыла білуіміз қажет. Ал, шынайы патриот болу деген не? Ол әншейін: «Мен – қазақпын» деп көкірек керу емес қой. өзінің өзгемен терезесі тең болуы үшін, ақылы – парасаты мен адамгершілігінің, өнері мен тұрмысының өзгеден кем болмауы үшін қайратты әрекет жасайтын адам ғана, мейлі, ол қай салада еңбек етсін, өз елінің адал презенті бола алмақ.

Рас, біз ойшыл, философ халықпыз. Әлемде философиялық ойы жоқ халық бар ма? Айырмашылығы – біреуінде ол жоғары дамыған, енді біреуінде төмен дәрежеде дамыған. Ал дүниеге көзқарас-философиялық проблема. Ол жан –жақты дамығандықты, жоғары мәдениеттілікті қажет етеді. Одан соң біздің ұлттық сана сезіміміз қалыптасып жетпеген. Оянуы оянды, бірақ шарықтап дами алмай келеді. Ұлттық намыс қандай? Бұларды саяси ой – пікір емес деп кім айта алады. Осыларды біруақ ойлап, санаға салайықшы, біз қандай екенбіз. Күні кеше бізге керегі «Оян қазақ» ұраны болса, енді бүгін – «Ойлан, қазақ» деудің реті келді демекпіз. Өйткені ұлттың қамын ойлау – ұлтшылдық емес. Біз мыңдаған жылдық тарихы бар, дүниеге ұлы адамдары көп берген шығысытың әйгілі халқымыз. Дүниежүзінде жеріміз кеңдігі жағынан тоғызыншы елміз, 2500 тілдің ішінде тіліміз 70-орында тұр. «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп мәрт мінез танытушы, асқан адамгершілікті халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпағанымыз жөн.

123
скачать работу

Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ