Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері



 Другие рефераты
Қазіргі кезеңнің саяси институттары Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар Қазақтағы ел басқарудың үлгісі Бұқаралық ақпарат құралдары – саяси күрестің субъектісі мен объектісі

Қазақ – ойшыл, философ халық. Қазақ халқы ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не келсе соны сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ, алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек. Ен далада сөйлесетін ешкім таппаған қазақ кейде бір төбенің басына шығып алып, жападан-жалғыз отырып, ертелі-кеш әрілі-берілі бара жатқандарды байқап, ойға шомып, өзімен өзі сырласып, ал әңгімелесетін кісі тап болса қуанып, айтқан сөзіне құлақ құрышын қандырып отырған. Мұның өзі тіпті бүкіл көшпелі халықтардың, оның ішінде қазақтардың да жадында сақтау қабілетін арттырғанға ұқсайды. Оның тағы бір себебі – адам миының кіршіксіз таза болып, көптеген қажетсіз стрестердің әсерінен, түрлі керексіз ақпараттардың әсерінен аулақ болғандығы. Әлбетте жадында сақтауы, суырып салып бір – екі ауыз өлең айтуы қазақтардың ми құрылымының ерекше қалыптасуынан болмас керек. Ол күнделікті дағдыға, дархан дала сіңірген қасиетке байланысты. Ел арасында күні бүгінге дейін 500 – 600 адамның аты-жөнін, бала-шағаларына дейін атап-атап беретіндер жиі кездеседі. Ал кейбіреулер одан да көп білген. Мәселен, «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітапта Қазыбек бек өзі Бәдібектің 42-ұрпағы екенін, ал өзіне дейінгі 87 атаның аттарын атайды. Осыларды есте сақтаудың көшпелілердегі ең тиімді себепкері – шежіре. Ол жылнама емес. Қазақ шежіресінде үлкен мән бар. Қазақтар бір-бірімен танысқанда, сұрау қойып, тыңдап отырған адам, егер шежіре білсе «пәленнің пәлен деген баласынан болдың ғой» – деп әркімнің алыс-жақындығын ажыратқан. Сондықтан, әрбір адам өз руын, оның толып жатқан буындарын, оның бөлінуін жақсы білуге тиіс болған. Қазақ халқы Қазан төңкерісіне дейін ғасырлар бойы ру-ру, ауыл-ауыл болып көшіп-қонып отырған. Көшкенде кез-келген жерге емес, белгілі өзінің мекені, ата жерін жайлаған. Бұл да рулық тәртіптің санада сақталуына себепкер болған.

Қазақтың шежірешілдігін, тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине ерекше, артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал, салт атты көшпелілер өркениетінің Еуразия ойкүмегінде үш мың жылдық тарихы бар. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің заманымыздың XVIIІ ғасырына дейінгі еуразиялық далада бір ғана өндіріс тәсілі болды. Ол – көшпелі мал бағушылық еді. Мұндай өмір салтпен қазақ халқы ХХ ғасырдың табалдырығын аттады. Яғни, адамзат тарихындағы ең ұзақ базистік өмір салты, ең ұзақ формацияны Еуразия көшпелілері бастан кешті.

Рас, осындай ұзақ дамудың, жетілудің сатыларымен өткен қазақ халқының қаладағы да, даладағы да қазіргі шым-шытырық құбылыстар, айқай-шу, жағымсыз дыбыстар, түрлі кездесулер, ақпарат тасқыны миға қосымша жүк, салмақ салатындығы белгілі. Содан барып мидың шығармашылық қабілеті шектеліп, ал жаттап алу, білгенін бұлжытпай сақтап қалу жағы азая бермек.

Қазақ өзін атамекеннен, атамекенді өз болмысынан ажыратпаған. Сүйіспеншіліктің осы қос түрі мекендес кеңістікте қабаттасқанда, қазақ өз құдыретімен тілдескендей мамыржай алаңсыз жүрген. Ол туған жер мен туған ел біртектес ұғымды, мәнді білдірді. Бәлкім осыдан келіп «елі кеткен жер жетім, жерінен айырылған ел жетім» деген сөз нақыштанып, күш алған шығар. Қазақ елі үшін қай кезеңде де елі мен жерінің тұтастығын қызғыштай қору мәселесі күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Бұдан ауыр да күрделі мәселе болған да емес. Ал басына күн түсіп, табиғат апатынан немесе сырт жаулардан ығысқан кезде қазақтың көкірегін кернеген ой жалқы болды. Оны А.Байтұрсынов былайша деп жеткізді:

Қазағым, жерің қайда атамекен,

Қазақ, қазақ болғалы мекен еткен.

немесе

Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз,

Қалды ғой жатақ болып қайран елдер.

Қазақтың дүние мен адам туралы толғамдары атакәсіпке – мал шаруашылығына қарай қарқындады. Мал шаруашылығы мекен-жайға бейімделді, шаруашылықтың ыңғайына қарай қоныс аударылды. Көшпелі қауым жағрапиялық аяны тек бір-ақ бағытта, мал өсіру бағытында ғана кеңітті. Оның тіршіліктен түйгені – мал шаруашылығын табиғат заңдылығына бейімдеу, сондай-ақ еңбек бөлінуіне сай этникалық ынтымақтастық құрудан кейін қалмау. Малды өсіріп-өндіру үлкен оқиға, табыс пен жетістік көзі. Шаруашылықтың осы түрін жетілдіру арқылы халық өз тағдырын өзі билеуге ұмтылды, белді күштермен ықпалдасты.

Осы құдыретпен қазақ өз әрекетін өлшеген. Осы тәртіппен даланың қазақ деген иесі және оның сөздерінің жүйесі қалыптасқан. Әлеуметтік қажеттіліктен философияның жаңа түрлері туды, олар ұлағатты ұғымдарда жаңғырды. Жаңарған идеялар мен қағидалар дүйім жұртты түйінді мәселелерді шешуге жұмылдырды. Ұлағаттылық дегенде шындықпен үйлесуді, адамгершілікпен бірлесуді, ұлылықпен тұлғалануды айтамыз. Ұлағаттылық – болысу мен келісудегі тапқырлық жеке бас танытатын құндылық. Оған халқымыз пір тұтқан Қазыбек бидің киелі сөзі де дәлел: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтыпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз».

Қазақ халқының тарихи тағдыры өте ауыр, трагедиялы беттерге толы. Олай болуы қазақ елінің орналасу ортасына байланысты. Тағдыр қазақ халқына ұлан-байтақ, саналуан байлықтарға толы жер сыйлағанмен, ол жерді Қытай, Ресей, Жоңғария, Монғолия сияқты отаршыл империялармен көрші етті. Жүздеген жылдар бойы қазақ этносы осы отаршыл елдермен күресу үстінде болды. Асқан ерлік күрес, қазақ халқының үлкен шығындары жағдайында қазақ этносы сақталды.

Қазақ халқы бұралаң жолдардан өтті. Өз жерін, мекенін сыртқы жаулармен қиян-кескі күрестерде ерлікпен сақтап қалды. Халық өз басына қауіп-қатер төңген сын сағаттарда ар-абыройын сақтай білді, даналық пен ұстамдылық танытты. Жау жағадан, бөрі етектен алған сәттерде халық даналары ұлт бірлігін ұштай білді. Ортақ жауға қол ұстасып бірге аттанып, өз тағдырын, өз тарихын жасай білді.

Қазақ рухының төл қасиеттері де осында. Өйткені қазақ «қол қосылса күш өсер» қағидасын қадір тұтқан, өзінің кім екендігін шыдамдылықпен, қайсарлықпен басқаға танытуға ынталанған. Сөйтіп, қазақ өз болмысын бейнелейтін символдарды, ұғымдарды жаңғырту арқылы өз тұлғасын сомдай түсті.

Қазақтың өзінің «қасиетті қара шаңырағында отырған ежелгі» жұрт екені даусыз. «Елдің еркіндігін сақтау» үшін талпынған тайпалық одақ, «қасқа қатал, досқа адал» ұлыс, «ел үшін ерлікпен күрескен» қазақ деген қауымның негізгі тұлғасы мен ұйытқысы болып келген болатын. Қазақтың жақсы қасиеттері көп: «жақынын жаттай сыйлайды», «қанына тартпай тұрмайды», туыстық, ынтымақ, бірлік дегенге ұмтылады. Мұны қоштамасқа дәтіңіз жоқ. Сонымен қатар қай тұста артық та кетіп жатады.

Нарық өңіріне «қаз тұрып», тәй-тәй басып, жаңа өмір үшін құмырсқадай қыбырлап, әрекеттеніп жатқан кезде аташежіре мен атакәсіптен ұғынарымыз да, үйренеріміз де мол. Қазақтың пейілі қандай кең болса, мекені де сондай кең. Қазақстанның жерінде 9 Италия немесе 98 Бельгия мемлекеті сыйып кетеді. Қазақ халқының өкілдері ешқашан материалдық жағдай үшін ата-мекенін, жерін тастап кетпеген. Қазақ өмірінде басқа бір мемлекетте тұрмыс деңгейі жоғары екен деп эмиграцияға кету мүлдем болмаған көрініс. Бұл жағдай ата-бабасының жеріне деген қазақ қанының ылғи қайнап тұратынын көрсетсе керек.

Бірақ шынын айтсақ, қазақ халқының әлсіреген, босаңсыған уақыттары да болған. Оған мысал: кезінде қасиетті ата-мекеніне қару-жарақ сынайтын полигондар, химиялық зауыттар мен комбинаттарды салуға рұқсат берген. Бұл алданғанымыз еді. Шынын айтсақ, осының бәрі ұлттық қырағылығымыздың да, сезіміміздің де біраз бәсеңсігенін көрсетті.

Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеуді тәуір көреді. Ол әр уақытта сөздің парқына мән берген. «Сөзге сөзбен жауап бермесең, сөздің атасы өледі» – деген қазақ не болса да таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған. Тіпті біздің заманымызға дейінгі VII – VI ғасырлар шамасында көшпелі скифтер арасынан шыққан данышпан Анахарсис бабамыз ертедегі Афиныға барып, дәлелді, қисынды сөйлеп, түрлі ұлағатты іс-әрекеттер жасау арқылы күлі әйгілі гректерді таңқалтырып, әулие атанған. Анахарсистің өмірлік көзқарасы, дүниетанымы күдікке құрылған. Осы жерде ғалым-философтың мына бір түйінді пікірін мысалға келтіре кеткен жөн: «Сенімге негізделген дүниетаным әмәнда шектеулі – ол – көпшілік, тобыр үшін керек. Ал Анахарсис сенімге құл болмаған». Ол тәңірге табынған. Оның болжамынша, «тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол – адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық. Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді». Тәңіріні, керек десеңіз, табиғаттың синонимі деп те қарауға болады.

Ұлы ғұлама Анахарсис скифияның кең даласына сыймай білім іздеп, ғылым қуып Грекиядан бірақ шығады. Оның алғашқы ат басын тіреген үйінің иесі әйгілі ғұлама Солон болса керек. Солон жолаушыдан жөн сұрауға есіктегі құлын жұмсайды. Қонақ: «Қожайыныңа айт, Скифтің сайын даласынан өзіңмен дос болуға Анахарсис келіп тұр», — деп хабарлауын өтінеді. Сонда Солон скифтік дананы сынамақ болып: &laq

123
скачать работу


 Другие рефераты
Майкоп
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
Модели знаний и данных
Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ