Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар

; бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.    

«Бесік тойы».Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады.  Бұған көбіне сол   төңіректегі  әйелдер шақырылады.  Келген  әйелдер  балаға   арнап  шашу,  көйлек – көншек, тан – моншақ, үкі, т.б. тойлықтар     әкеледі.  Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікт жабдықтайды.

Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.

«Баланы атқа мінгізу».Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жаттығады. Ата – аналары баланың алғаш атқа мінуін қуаныш етіп, той жасайды. Атқа мінетін бала жаңа киім киіп, басына үкі тағып, «ашамай» деп аталатын екі қасы «Х» түрінде айшықталып жасалған ерге мініп, туған – туысқандары мен руластарын аралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл - өмілдірік, құйысқан, жырым – шеттік, шыбыртқы – қамшы сияқты ер – тұмандарын байғазыға береді. Көшпелі тұрмыстың қажетіне сай, қазақта адам баласына бірден ер – тоқым болады. Қазақ ішінде ат – көлік табу оңай, ер – тұман табу қиын. Өйткені қазақтың өмірінің көбі ат үстінде өтеді. Қазақтар «ер атымен, құс қанатымен» деп, атты ер адамның қанаты есептейді. Атқа мінудің алдыңғы шарты ер – тоқым, атқа жайдақ мінуді жаяушылықтан жаман көреді. Сондықтан «ат табылады, ер табылмайды» дейді.

«Сүндет тойы».Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста  с8ндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады.  Той қарсаңында сүндеттелетін баланы  басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді.  Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып - әдетке айналған. Баланың сүндет тойын,  халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуыныңалғашқы бір белесін тойлау деп  санаған.

«Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі».Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі толып жатқан той – томалақ, ырым – кәделері арқылы болады. Бұлардың бәрі жалғасып, жұртқа түсінікті   салтқа    айналған.   Ең алдымен  қыз  айттыратын жақ

 қыздың ата – анасына кісі салып, құдалық сөйлеседі. Құдалық сөйлесіп, келісімге келген соң, күйеу жақ қалыңдық жаққа өлтірі (қоржын) апарады. Осы жолы «өлтірі тойы» өткізіледі. Бұл күні ақ сойылып, ақ  бата жасалады.  Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы жасалып, жаңа түскен келін қайын атасының үйіне енгізіледі. Осы кезде сабына қызыл – жасыл әлем байлаған қамшы ұстаған бір жігіт келіннің бетін ашады. «Берташар» жыры арқылы жаңа түскен келін жиылған жұртқа таныстырылады, келінге ақыл – насихат айтылады, әзіл – қалжың араластырып, жұртты күлдіріп отырады, келін ата – енесіне, қайынағаларына сәлем етеді. Үлкен үйдің отына май салады, май құйылған от лап етіп жанғанда, отырғандар;          «От – ана, Май ана, жарылқа!» деп сыйынады. Бұл қазақтардың ислам дініне кіруден бұрынғы отқа табынатын кезінен қалған ырымдардың бірі екені даусыз. «Неке қию» салты осы келін түскен тойда өткізіледі, некені молла қияды.

«Өлең той».Өлең той бұл күйеудің қайнына ұрын барған тойына қосылып өткізілетін «түнгі той». Күйеу жақ «өлең кәде» аталатын тай, құлын тәрізді бір малды ала барады, бұл кәдені алған үй күйеу мен құдаларды, тойға жиналғандардың бір бөлігін шақырып, мал сойып қонақасы беріп, «өлең той» өткізеді. Кеш батқанан таң атқанша осы аылда ақындар айтысы болады. Бұл тойға жиналған жастар домбыра шертіп, ән айтып, би билеп, сауық – сайран жасайды. өлең тойға қатысушылардың көпшілігі жастар болады. Қазақ өміріндегі той – мерекелерде көптеген ойындар өткізіледі. Бұл ойындардың көпшілігі ашық далада, ат үстінде ойналатын спорттық сипаттағы ойындар. Олар: «мүше алып қашу», «Қыз қуар», «Көкпар тарту», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Ат шаптыру», «Ат қарғыту», «Жорға салу», «Аударыспақ ойнау», т.б.

Қазақ  халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен   талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.  

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.    Мұратхан Қани «Қазақтың көне тарихы».

2.    Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері».

3.    Сейдін Бизақов «Түбі бір түркілер».

12
скачать работу

Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ