Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар



 Другие рефераты
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі Предмет и задачи педагогики Фашист тұтқынынан құтылған майдангер - Нұрмұханов Әжігерей Педагогика - психология коллектива в средней школе

Қазақ –көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,

бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

жеріміздің шетін жау баспасын деп,

 найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.

 Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі.  Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған  мейлінше  құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа    елдерде жоқ

 дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге  айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке – жеке  тоқтала кетсек. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет – ғұрыпын айта келсек.

         «Меймандостық». Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» - қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады. Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп,  күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне белдірген разылық болып есептеледі. Мейман кұтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сылы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.

         «Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақтар үшін салтанат  есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілше, сырмақтарын оң бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс – жұрағатттарына жасалған сый – құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма – кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі» деп атайды.

         «Үме» яки «Асар». Қазақ  арасында ертеден келе жатқан салттардың бірі – «үме» яки «асар салу» деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір – бірінің жұмысына қолқабыс көрсетді. Қауырт күш жұмсауды талап ететін жұмыс кезінде, яғни қой тоғыту, қой қырқу,  жүн сабап, киіз басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу және жинау, үй – жай, той жасау, ас беру, өлім ұзату және т.б. істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, бұл істерді істеп келеді. Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен сыйлайды, асар салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасында өзара көмектің бір түрі, яғни еруге – қару жолмен алма – кезек болып отырады. Бұл «асарға» ат салыспаған адам өз басына іс түскенде басқалардың көмегінен құр қалады. «Үме» яки «Асар» қазақ арасында өзара көмектің бір түрі болып дәстүрде мәңгі қалады.

         «Жылу жәрдем». Қазақ арасында өзара көмектің осы бір түрі тым ерте кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан әдет – ғұрыптарға жатады. Бұл әдет – ғұрып бойынша: табиғи апатқа – жұтқа, өртке, селге т.б. да дүлей күш кесіріне кенеттен кездесіп, мал – мүлкінен, баспанасынан айрылып, күн көрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу – жәрдем сұрайды. Бұған ағайын – туған – туыстары мен руластары түгел көмектесіп, жылу – жәрдем  жинап береді,  одан  ешкім де бас тартпайды. Бұл «жұртшылық жәрдемі» деп аталады.  Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған жетім – жесірлерді және қарайтын адамы жоқ, салт ба қарттар мен мүгедектерге ағайын туғандары яки руластары асырап, бағып – қағуға міндетті болған. Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің өмір сүруі қазақ қоғамында қайыршылардың болмауына игі әсер етіп отырды.

«Той – мереке, тағы басқа жол – жосындар».Мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі қазақ өмірінде жаздың үш ай жайлауы «өмірдің жаннаты» есептеледі. Гүл – бәйшешекке бөленіп, масатыдай құлпырған жасыл жайлау үсті мал тойынып, ақ молайып, бие байланып, елдің жұмыстан қолы босап сергіген кезі болады. Қыс қысымын көріп келген қазақтар жаз жайлауда жадырап жазылып, барлық той – томалақ, ойын сауық, сән салтанатын осы жайлауда өткізген. Қазақтың «қыс қысыл, жаз жазыл» деген сөзі осы өмірден туған. Қазақтар үшін «той» тек той жасаушы жеке отбасының қуанышы ғана емес, тіпті бір тайпа елдің ортақ мерекесі болып есептеледі. Соның үшін, бір отбасы той жасаса, оның ағайын – туған жұрағаттары, тіпті бүкіл бір тайпа ел түгел аттанысқа келіп, үйлерін апарып тігіп, биелерін байлап, астарын әзірлесіп, қонақ күтіп той жұмысын атқарады. Қазақ өміріндегі ұлылы – кішілі той – томалақ пен ырым – кәделердің түрлері де сан алуан. Қазақ өмірінің әрбір белесі тойсыз, өлеңсіз өтпейді. Қазақ тойлары «тойбастар» жырымен және шашумен басталады.

«Қалжа мен шілдехана тойы».Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз &ndash

12
скачать работу


 Другие рефераты
Независимость Казахстана
Л.Н. Андреев. Жизнь и творчество
Государственная Дума 1993-1996 гг.
Комбинаторные методы правовой информатики


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ