Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазанғап күйші

p>

         Облыстық мәдениет департаментінің, халық шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен басқа да игі шаралар жасалды. Жергілікті “Димаш-Али” дыбыс жазу студиясы “Күйдің пірі – Қазанғап” атты компакт-диск шығарды. Мұнда Қазанғаптың жиырма күйі қазанғаптанушылар Бақыт Басығараевтың, Жайлау Асылхановтың, Нұрболат Жанамановтың орындауында берілген. Сондай-ақ С.Балмағамбетовтың “Саз зергері – Қазанғап” кітабы қайта өңделіп, “Қазанғап” деген атпен жарық көрді. Кітапты толықтырып, баспаға әзірлеген Нұрболат Жанаманов. Нұрболат Қазанғаптың күйлерін насихаттап, мұрасының ұмытылмауы үшін тер төгіп жүрген бірден-бір адам. Қазанғап ұмыт қалмаса екен деп Ақтөбеге де, Алматыға да, Астанаға да өз еркімен сан қатынаумен жүргенін білуші едім. Сондай-ақ Қазанғаптың күйлерін шебер орындаушы. Шебер деген олқылау болар. Себебі, Қазанғаптың 150 жылдық тойына келген белгілі профессор Айтжан Тоқтаған Нұрболаттың шеберлігі туралы “Музыкалық білімі барлардың өзі осылай тарта алмас” деп, оның табиғи талантына таңданыс білдіргені бар.

         Қазанғап күйлерінің кейде нотаға сыя қоймайтын қалтарыс-бұлтарыстарына дейін дәл орнымен жеткізе біледі деп бағаланған Нұрболат Қазанғапты насихаттау әлі де жеткіліксіз деп қынжылады. Мен айтамын: экономикамыз өрлеп, санамыз өзгеріп, ұлттығымызды да ұлықтармыз, деп. Кәкімбек Салықов Тәттімбет туралы “Ең қиыны, ұлы күйші бүгінгі ұрпақ тарапынан әлі күнге лайықты бағасын ала алған жоқ” деп жазған болатын (“Егемен Қазақстан”, 2005 жыл, 18 қараша). Н.Жанаманов та осыны айтып отыр. Ақтөбелік тарихшы-ғалым Закратдин Байдосов 1908 жылы Ресейдің императорлық географиялық қоғамының шақыруымен Қазанғап пен бір жыршының Орынборда 10 күн бойы күй тартып, жыр жырлағаны туралы архивтік деректі Ресей мұрағатынан кездестіргенін айтып еді. Императордың өкілдеріне керек болған Қазанғап өзінің төл халқына да керек.

123
скачать работу

Қазанғап күйші

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ