Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазанғап күйші



 Другие рефераты
Манарбек Ержанов Қылқобыздың қос қыраны Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру

Қазанғап күйші

 

 

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.

Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.

         Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.

         Ал, «Майда қоңыр», «Учитель», «Өтті-ау дүние», «Көкіл» сияқты күйлері өмірдің мәні мен сәні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмысына ден қойғанда, оны да ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп аныған жөн.

Қазағымның күмбірлеген домбырасының шанағынан төгілген әуеннің айтары мол. Сөзбен айтып жеткізе алмас сырың да, көкірекке сыймас құлазыған көңілің де, шаттыққа толы қуанышың да домбыраның жансыз тілімен-ақ жүрекке жетеді. Құлан қуып, қаза болған хан баласының қайғылы хабарын естірткен де “Ақсақ құлан” күйінің құдыреті. “Аман бол, шешем, аман бол!” деп Құрманғазыны анасымен қоштастыратын да осы домбыра. Ал, жансызға тіл бітіріп, сөйлететін, сезім мен санаңды оятып, жүрегіңе жеткізетін арқалы талант иелері – күйшілер, домбырашылар... “Мынау біздің ұлттық өнеріміз, мынау біздің күйіміз!” деп әлемдік мәдениет деңгейінде мақтана аламыз.

Қазақтың күй өнерінің негізін салып, бүгінгі күнге жеткізіп кеткен күйші бабаларымыз аз емес. Қазақ даласының әр өңірінде туған олардың әрқайсысы өзіндік стилімен ерекшеленеді. Құрманғазының, Тәттімбеттің, Сүгірдің, Динаның, Абылдың, Дәулеткерейдің өздеріне ғана тән күйшілік дәстүрі болған. Сондай дербес мектептің негізін қалап кеткен халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлы. Мұны академик Ахмет Жұбанов та “Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі – Қазанғап дәстүрі” деп атап көрсеткен.

Ұлы күйші көп жылдарға дейін зерттелмей келді. Шындығын айтқанда, кешегі кеңес дәуірінде зерттетпеді, Қазанғаптың күйлерінен астар іздестірілді. Қазақ музыкасын профессионалдық тұрғыдан зерттеп, бір ізге түсірген, ұлттық өнерімізге еңбек сіңірген академик Ахмет Жұбанов 1940-жылдары Қазанғапты жарыққа шығармақ болған. Кітап та жазады. Алайда, Ахаңның үстінен “шаш ал десе, бас алатын” біреулер арыз жазып, кедергі келтірген көрінеді. Кейін кітапты өзгертіңкіреп жариялауға тура келеді. Сол кездегі жандайшаптардың қойған айыбы – Қазанғап қыз-келіншектерді күйге қосыпты, пессимистік сарын басым, күйлерінен феодализмнің иісі аңқып тұр, ескі заманды аңсаушы. Тағы бір айып – Қазанғап кеңес өкіметін дәріптеп күй шығармапты. Алланың берген сыйымен күй тартып, ел аралап, серілік құрған Қазанғап жаңа қоғамды қолдай қоя ма? Саясатта не шаруасы бар. Әрі ол кеңес тұсында төрт-ақ жыл өмір сүрді.

Мұның бәрі жай ғана сылтау. Әңгіменің мәні басқада-тұғын. Қазанғаптың атын ататпай, күйлерін жарыққа шығармайтындай басты себептердің бірі – күйшінің отарлық езгіге қарсы болып, халықтың мұңын мұңдауы, жоғын жоқтауы. Патша өкіметі қазақ даласында отарлау саясатын жүргізбек болғанда, Жем-Сағыз өзені, Мұғалжар тауы, Ұлы Борсық құмы бойынан көтерілгендердің арасында Ерназар мен Бекет батырлар бар еді. Қос батыр түрмеге қамалғанда, күйші жүрегі қан жылады. Көкіректе жиналған запыранды домбыра арқылы шығарды. “Қос қыран”, “Бекеттің жыр күйі” атты күйлерді батырлардың ерлігіне арнады. Елдегі аласапыран жағдайға, қос ұлдың қамауға алынғанына ағайын мұңайып, зар илегенде, “Шырылдатпа”, “Жіберсейші”, “Ерназар, Бекеттің зары” күйлерін шығарады.

1916 жылы 25 шілдеде орыс патшасы қазақтардан солдат алу туралы жарлық бергені тарихтан белгілі. Патшаның бұл жарлығына қарсы болған қазақтар бір жерден екінші жерге үдере көшкенде, мүмкіндігі жоқтар жұртта қалып қойған. Мұны да Қазанғап “Жұртта қалған” деп күйге қосады. Бұл күйлерден жазықсыз зәбір көрген қазақтың мұңы естіледі. Осылайша орысқа қарсы шығып, домбырамен жырлаған Қазанғаптың күйлері Кеңес үкіметіне үрей туғызды. Елін, халқын сүйген Қазанғаптың, қазіргі заманның тілімен айтқанда, патриоттық күйлері кешегі кезеңде қайдан ұнай қойсын.

Дегенмен, қайраткер Ахмет Жұбанов қайтпас қажырлылық танытып, қазақ музыкасының антологиясына ұлы күйшінің есімін енгізді. Күйшінің есімі онсыз да белгілі-тін. Елдегілер жасыруға келмейтін Қазанғаптың күйлерін орындап жүрді. Ал, А.Жұбанов ұлы күйшінің күйлерін жинастырып, нотаға түсіргеннен кейін ашық насихатталып, халық арасына тарай бастады. Сондай-ақ күйші туралы мәлімет 1975 жылы жарық көрген Қазақ Совет энциклопе­диясында жазылды. Сол энциклопедияның 6-томында: “Қазанқап (Қазанғап) Тілепбергенұлы 1854 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған, 1921 жылы сонда жерленген. Қазақтың халық күйшісі, композитор. Жасынан ән-күйге құмар болған. Тұңғыш күйі – “Торы ат” деп жазылған. Энциклопедияда атап көрсетілген күйшінің тырнақалды “Торы ат” күйі “Торы аттың кекіл қапайы” деп те аталады. Бұл туындыны өзінің алғашқы ұстазы Шүйт Орынбайға тартып беріп сынатып, батасын алған екен. Кейінірек ұстазына арнап “Орынбай Ақжелең” күйін шығарады.  

Жалпы, күйшілер арасында “Ақжелең” күйі кең тараған. Мәселен, Боғданың “Кербез Ақжелең”, “Кербез керік”, Ұзақтың “Ұзақ Ақжелең”, Құрманғазының “Бас Ақжелең”, Дәулеткерейдің “Қыз Ақжелең”, Абылдың “Ақжелең”, Махамбеттің “Ақжелең” атты күйлері болған. Осындай дәстүрлі “Ақжелеңді” Қазанғап әрі қарай дамытып, Ақжелеңнің 62 түрін шығарады. Қазанғаптанушылардың айтуынша, солардың қырыққа жуығы белгілі көрінеді. Қазанғап қашан да күй тартуды алдымен “Ақжелеңнің” бір түрі “Күй шақырудан” бастайды екен. Ақжелең сөзінің өзі көңілділікті, ақжарқындықты, думандылықты білдіреді, соған сәйкес күйлер де жеңіл, ойнақы орындалады. Дегенмен, әрбір Ақжелеңнің мазмұнына, болмысына, оқиғасы мен құбылысына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Онда көтеріңкі көңіл-күймен қатар, мұңды жағдай да көрініс табады. Көңіл құлазып, ренішке беріле берген кезде, құбылып, күрт сергітіп, рухыңды көтеретін қайрат, күш-жігер төгіліп бір салады. Неге “Ақжелеңнің” саны алпыс екімен байланысты? Өйткені ол адамның алпыс екі тамырының қуат-күші, жүрек пен алпыс екі тамырдың тынысы. Жүректің сезіміне, көңіл-күйге байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан олардың орындалу өрнегі де санқилы.

Лирикаға құрылған Қазанғап “Ақжелеңінің” 15 күйі Балжан қызға арналған. Қазанғап Балжанмен Қарақалпақ елін аралап жүргенде танысады. Уәли деген байдың жалғыз қызы екен. Сұлу, киім киісі де, жүріс-тұрысы да ерекше. Ол кезде Балжан он бес жаста екен. Қазанғап ауыл-аймақты күймен сусындатып, бірнеше күннен кейін еліне жиналады. Сол кезде Балжан қыз күйші

123
скачать работу


 Другие рефераты
Имитационное моделирование компьютерных сетей
Маркетинговое исследование рынка
Халықаралық туристтік нарық
Мезозойская эра


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ